Дәріс Ақпарат классификациясы



Дата31.01.2023
өлшемі60,62 Kb.
#63972
Байланысты:
Лек 1


Дәріс 1. Ақпарат классификациясы


80-жылдардың басында пайда болған дербес ЭВМ-дер қазіргі кезде ғылым мен техниканың барлық салаларына енді. Сонымен бірге дербес ЭВМ-дерді қоланушыларда көптеген проблемалар туды. Олардың бірі ақпаратты қорғау. Егер статистикаға сенетін болсақ компаниялар мен кәсіп орындардың 80 пайызы ақпарат қауыпсіздігі бұзылуы салдарынан зиян шегуде. Қазіргі кезде ақпарат қорғау өте күрделі проблеманың біріне айналып отыр. Оның негізгі себептері ЭЕМ-дердің кең түрде қолданылуы, шифрлеу технологияларының күрделенуі, мемлекеттік және әскери құпиялармен қатар өндіріс, коммерциялық және т.б. құпыяларды қорғау проблемасы.
Ақпарат - бұл адамдар, заттар, оқиғалар, құбылыстар және процесстер туралы мағлұматтар.

1 - Сурет. Ақпараттың классификациясы


Қорғалатын ақпарат деп, құқықтық құжаттар немесе ақпарат иесінің қойған талаптарына сәйкес қорғалатын ақпаратты айтамыз. Бірақ, барлық ақпараттар қорғала бермейді, тек құнды (бағалы) ақпараттарғана қорғалуы мүмкін. Құнды ақпарат деп, ақпаратты алған адамға қандай да бір ұтыс әкелетін ақпаратты айтамыз: моральдық, материальдық, саяси және т.б.
Ақпарат құндылығы екі үлкен топ бойынша бағалануы тиіс:

  • ақпараттың тағайындалуы бойынша;

  • оны өңдеу шарттары бойынша.

Бірінші топта екі критерийді көрсетуге болады:

  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының маңыздылығы;

  • сәйкес шараларды орындау үшін ақпараттың маңыздылық деңгейі. Екінші топта екі критерийді көрсетуге болады:

  • ақпаратты өңдеу кезінде болатын жоғалтулар деңгейі;

  • ақпаратты қайта қалпына келтіруге кететін шығындар.

Ақпарат құндылығы оны қорғау бойынша шешім қабылдауда критерий болып табылады. Ақшалық түрде ақпаратты қорғауға кететін шығындар, мүмкін болған жоғалтулардан аспауы керек.
Маңыздылығы бойынша ақпараттар мына түрлерге бөлінеді:

  1. тіршілік үшін маңызды, ауыстыруға болмайтын ақпарат - ол ұйымның жұмыс істеуіне қажетті;

  2. маңызды ақпарат - ауыстырылуы немесе қайта қалпына келтірілуі мүмкін болған ақпарат, бірақ қайта қалпына келтіру процесі өте қиын және үлкен шығындармен байланысты;

  3. пайдалы ақпарат - қайта қалпына келтіру қиын, бірақ ұйым ол ақпаратсызда жақсы жұмыс істей алады

  4. маңызсыз ақпарат - ұйымға енді керек болмаған ақпарат

  5. Маңыздылық категориясы, ақпарат құндылықтары уақыт бойынша өзгереді. Ақпаратты қорғау жолдары ақпарат түріне, оны сақтау формаларына, өңдеу, жіберу және оған мүмкін болған шабуылдарға байланысты.

Ақпарат иесі ақпаратқа қашан, кім, қандай жолмен шабуыл жасайтынын білмейді. Сондықтан ақпарат иесі мына сұрақтарға жауап іздеуі тиіс:

  1. Қандай ақпарат қорғауды талап етеді?

  2. Ол ақпарат кімді қызықтырады?

  3. Ақпараттық қандай элементтері құнды?

  4. Ақпарат қанша уақыт қорғалуы керек?

  5. Қорғауға қанша ақша кетеді?

Ақпараттық қауіпсіздік
Ақпараттық қауіпсіздік дегенде ақпаратық жүйенің кездейсоқ немесе қасақана қол сұғу арқылы оның иелеріне немесе ақпарат қолданушыларына зиян алып келуден қорғау.
Практикада ақпараттық қауіпсіздіктің үш аспектісі маңызды болып келеді:
Ақпараттың қол жетерлігі - ақпарат, техникалық жүйелер және өңдеу технологияларының қасиеті болып, ақпаратпен жұмыс істей алатындарға ақпаратқа бөгетсіз рұқсатты қамтамасыз ету.
Ақпарат бүтіндігі - ақпарат техникалық жүйелер және оны өңдеу технологияларының қасиеті болып, ақпаратты рұқсат етілмеген немесе қасақана құртуға және бұрмалауға қарсы тұруды білдіреді.
Ақпарат жасырыны - ақпарат, техникалық жүйелер және оны өңдеу техникаларының қасиеті болып, онымен танысуға құқықтары жоқтардан құпияда сақтауда білдіреді.
Әдебиеттер: 1 нег. [1-56] , 2 нег. [2-46]
Бақылау сұрақтары:

  1. Ақппараттық қауіпсіздік дегеніміз не?

  2. Қауіпсіздік саясаты және негізгі элементтері.

  3. Шифрлау дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет