Дәріс, апта, сағат Тақырып: ХVІ ғасырдағы Ресей тарихына аты жазылған қазақ жырауы. Доспамбет жырау



Дата17.04.2023
өлшемі16,6 Kb.
#83483
Байланысты:
V дәріс


5 дәріс, 5 апта, 1 сағат
Тақырып: ХVІ ғасырдағы Ресей тарихына аты жазылған қазақ жырауы. Доспамбет жырау.


Дәрістің мақсаты:

  • Доспамбет жырау шығармаларындағы автордың өз бейнесін зерделеу

  • Доспамбеттің “Озушылар озмаңыз”, “Азау, азау дегенің” шығармаларындағы автордың өмір сүрген дәуірін, өзін, от басын тануға көмектесетін жолдарын талдау

  • Доспамбеттің өмір сүрген кезеңіне байланысты әдебиеттанушы ғалымдар пікірін зерделеу

Жыраудың бізге жеткен мұрасының көлемі шағын. Бар болғаны 160 жолдың шамасы. Қазіргі қазақ әдебиетінен хабардар қауымның Доспамбет шығармаларына есептеп жүрген туындылар негізінен 1908 жылғы Мақаш Бекмұхамедовтың Қазан қаласынан шыққан "Жақсы үгіт", Ғабдолла Мұштақтың (Ғұмар Қарашев) 1912 ж. Орынборда жарияланған "Шайыр", яки қазақ ақындарының басты жырлары " кітаптарында жарияланған.Ал, оған дейін оның кейбір туындылары М.Оспановтың 1883 жылы СПБ-тен баспадан шыққан "Ноғай уа шиғырлары",В.В.Радловтың 1896 жылғы "Образцы народной литературы тюрских племен" атанатын еңбегінің 7-ші томында қарасөз нұсқасымен, ал, кейін осы нұсқаларды мұқият салыстыра отырып, 1967 жылғы "Ертедегі әдебиет нұсқалары", 1971 жылғы "Алдаспан", 1982 жылғы "ХV-ХVІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясы", 1989 ж. "Бес ғасыр жырлайды" атанатын жыр жинақтарында басылғаны мәлім. 1978 жылы белгілі қаламгер, әдебиет зерттеушісі М.Мағауиннің қарастыруымен, алғысөзімен Ленинградтан шыққан "Поэзия Казахстана" атты қазақ поэзиясының алты ғасырлық өмірінен хабардар ететін орыс тіліндегі антологиялық жинақтағы, сондай-ақ, Ә.Жәнібектің 1935 жылы Мақаш-қаладан шыққан "Ауыл поэзиясы иа ноғай ел әдебиеті" кітаптарындағы Доспамбет сөздері де ревалюцияға дейін жарияланған осы басылымдардағы текстерді ескере отырып жарық көрген.


Доспамбет өмір сүрген дәуір-оның ішінде "Арғымаққа оқ тиді-қыл мықынның түбінен, Аймедетке оқ тиді-отыз екі омырқаның буынынан… Жара бір қатты, жан тәтті, жара аузына қан қатты, жарықшылар жоқ па екен, жармай білте саларға" деп қиналатын тұсы-Мамай батырдың, яки Едігенің шөбересі Мұсаның ұлы атақты Ер Мамайдың өмір сүрген уақыты. Мамайдың 1549 жылы өткенін жоғарыда айтқанбыз. Демек, Доспамбеттің сол жолғы жарақаты қандай болса да, яки ол өлсе де, тірі қалса да айтулы жайдың Мамай өлімінен бұрын болғандығы қақ. Бұл мәселеге жырау мұрасын зерттеген Ә.Дербісәлин де, М.Мағауин де қол қояды.Бірақ толғау иесінің осы жыр айтылған тұстан кейінгі өміріне келгенде екеуі де түрлі тұжырымға келеді: М.Мағауин Доспамбет 1523 жылғы Астрахань түбіндегі туыстас түркі тайпаларының арасында өткен жойқын бір ұрыста опат болды деген пікірге тірелсе, Ә.Дербісәлин жырау ол жолғы жарақаттан өлмеген, өйткені, Азов теңізінің төңірегіндегі өзендерін Азаулы атаған ноғайлардың ел болуы 1560 жылдардың мөлшері. Ол осы елдің иесі Қазимен бірге 1593, 1594, 1596 жылдары Москва мемлекетінің шеткі аймақтарына шабуыл жасаған. Оның Есақай, Қосақай дейтін екі ұлы болған. Сол балалар кейін Азаулы жұртының тізгінін қолдарына ұстаған. Демек, Азаулы атанатын бір елде, бір ғасыр ішінде Доспамбет аға атты, балаларының да есімдері жыраудың перзенттерімен аттас екі кісі болуы мүмкін емес деп )белгілі тарихшы А.А.Новосельскийдің "Борьба Московского государства с татарами в ХVІІв.", М.Л., 1948, С. 13-15, 43. Дейтін еңбегңне сүйене отырып дәлелдейді.
Ал, Доспамбеттің өмірбаяны оның өз жырында айқын бейнеленген. Оның "Тоғай, тоғай, тоғай" жырының өзінде де Доспамбеттің өлгендігіне кепілдік берер сөз жоқ. Ал, автордың "Не білейім мен жаман күн… Айналасы алты жылдың ішінде, Есақай,Қосай екі ұл-Азау билеп өсерін" дейтін жолдарға оның тірі қалғандығы анық көрінеді.
Оқу әдебиеттері:

1.Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. – 3 том. – Алматы, 2015.


2.Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. – 4 том. – Алматы, 2015.
3.Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. – Алматы, 2016
4.Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 2017.
5.Жұмалиев Қ. ХҮІІ, ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 2018.
6.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 2016.
7.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы, 2017
8.Тілепов Ж. Қазақ халқының хандық дәуір әдебиеті. – Алматы, 2017
9.Абылкасымов Б. Жанр толгау в казахской устной поэзии. – Алматы, 2018.
10.Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. – Алматы, 2015.
11.Бес ғасыр жырлайды. І том. –Алматы, 2019.
12.Жеті ғасыр жырлайды. І том. –Алматы, 2017


Интернет ресурстар:
1.Қазақстанның ашық кітапханасы http://www.ikitap.kz/
2.Әдебиет порталы http://adebiportal.kz/kz

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет