Созылмалыхолецистит жедел холециститтің аяқталуында дамиды. Бұнда от қапшығының қабырғасында көрнекті лимфоидтық инфильтрациядан басқа, сілемей қабықтың атрофиясы байқалады, кейде бүлшықет қабатында да, ол қабықшық арқауының берішімектенуімен (склерозымен) бірге жүреді.
Өт тасы ауруы немесе калькулездік холецистит, от қапшығы қабырғаларының таспен жарақаттануында пайда болады, сондықтан онда қабыну дамиды және клиникалық белгілері (симптомдары) пдйда болады, осыған байланысты ауру деп айтуға бола¬ды. Әлбетте бұл дерт созылмалы өтеді мезгіл-мезгіл өршіп күшейеді. Жедел калькулездық холециститте капшык қабырғасында сірнелік, фибриноздық, анда-санда іріңдік кабыну байқалады. Созылмалы калькулездық холецистит негізінен атрофиялық болып сипатталады және өт қапшығы кабырғалары бершімектеліп өзгереді.
ӨТ ҚАПШЫҒЫ ІСІКТЕРІ;-Ең көп кездесетін ісік түрлері өт қапшығының аденомасы және обыры. 1. Аденомасы сілемей қабықтың эпителиясынан пайда болады. Бунда тіндік атепизм эпителиальдық жасушалардың ошактық про- лиферациясымен әр түрлі көлемдегі және пішінді бездердің жасалуымен көрінеді; арқауы әлбетте аз болып келеді. 2. Өт қабы обыры созылмалы калькулездік холецистит фонында жиі дамиды. Гистологиялық тұрғыдан ол аденокарцинома құрылымына ұқсайды, қаптың мойнында немесе түпкі аймақта орналасады. Үдеп дамығанда бауыр ішіндегі өттік түтіктерге жайылып өседі. Метастаздану лимфогендік жолмен болады.
ҰИҚЫ БЕЗІ ДЕРТТЕРІ-Үйқы безі дерттері онда болатын негізінен кабынулык немесе ісіктік процестермен байланысты.
ПАНКРЕАТИТ — ұйқы безінің қабынуы, ағымы жедел немесе созылмалы болуы мүмкін.
Жедел панкреатиталкогольмен уланғанда, көп мөлшерде тамақ жегенде, панкреастық сөлдің шығуы бұзылғанда және тағы басқа жайларда дамиды. Морфологиялық жағынан некроздык ошақтар түрінде көрінеді, кан қүйылу, кейбірде іріңдік ошақтар пайда болады, ол жағдайда геморрагиялык панкреонекроз дамиды, егер шүғыл хирургиялық араласу көмегі болмаса дерт аурудың өлімімен аяқталады.