Дәріс 2. Мектеп білім алушыларының ҰБТ- ға дайындалу және тапсыру мәселелері ҰБТ дегеніміз не және оның міндеттері.Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.
ҰБТ міндеттері:
1. Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету;
2. білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру;
3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.
Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.
Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң даму сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ – бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасындамасы. Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапсын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ - ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi төрт пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.
Бағдарлама - мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру оқушының, меңгерту - мұғалiмнii ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.
ҰБТ білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.
Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық – оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.
Тесті тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін талқылай отырып, оның 3 кезеңін атап өту қажет:
1. Тестіге дайындық, тесті алдында оқу материалын зерделеу;
2. Тестілеу алдындағы мінез - құлқың;
3. Нақты тесті кезіндегі мінез - құлқың.
Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң дамуы оқушыны сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапасын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ - ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi бес пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау. Бағдарлама – мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру - оқушының, меңгерту – мұғалiмнiң ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.
Бірыңғай тестілеу жүйесі елімізде жыл сайын жетілдіріліп келеді. Әр жылғы тест жүйесі мектепте біздің қалай оқытып жатқанымыз бен мектеп бітірушілердің нені талап ететіні арасындағы алшақтықты анықтап береді. Бұл жағдай әр мұғалімнен ҰБТ - ға дайындаудың тиімді әдіс - тәсілдерін шебер меңгеруді талап етеді. Бүгінде тарихты оқытудағы басты мақсат дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін, оларды өз Отаны - Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан - жақты жетілген, өзінің қоғамдағы орнын түсінетін азаматтарды қалыптастыру. Бұл міндеттің орындалуында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына оқушыларды жан - жақты дайындау үлкен рөл атқарады. Міне, осы Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілгеннен бергі уақыт ішінде жылма - жыл оқушыларды физика пәнінен дайындап келемін. Оқушылар арасында тестіні жаттап алсақ болды деген теріс түсінікте қалыптасқан. Тест сұрақтарын үнемі жаттап алу, тестілеу кезінде жауаптардың бәрі дұрыс сияқты болып, оқушылардың шатасып қателікке жол беруіне әкеледі. Жаттау әдісі бойынша оқушы оқиғаның түп - тамырына назар аудармайды.
Дәріс 3-4. Әдістемелік ғылым мен мектептегі математикалық білім берудің қазіргі проблемалары .Білім беру бағдарламасының өзгерген жағдайындағы туындайтын мәселелер. Болашақ математика мұғалімдерін дайындау мәселелері. Қазіргі кезеңдегі еліміздегі өзгерістер, экономиканы дамытудағы стратегиялық жаңа бағдар, жедел ақпараттану мен әлеуметтік даму қарқыны білім беру жүйесіне, мамандар даярлауға зор талап қояды. Қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың күшеюіне байланысты өз ісін жетік білетін және кәсіби біліктілігі биік мамандарды қажет етеді.
Дамыған елдерлің жоғары мектебі қоғам талабын қанағаттандырудың бірнеше үрдістерін қарастырады: жоғары білімді демократизациялау; ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау түрі ретінде ғылыми-оқу-өндірістік кешендер құру; оқытуды және студент еңбегін дараландыру, білім беруді ізгілендіру; жоғары білімді компьютерлендіру; оқытушылардың кәсіби даярлығына жоғары талап қою, жоғары оқу орнында оқытушы кадрларды даярлау мен олардың кәсіби деңгейін көтеруде педагогика мен психологияның ролін көтеру және т.с.с. Мұндай процесс әртүрлі елдерде өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне, экономикалық жағдайына, білім беру жүйесінің дәстүрлеріне қарай әртүрлі деңгейде көрініс тапқан. Біздің елімізді дамытудың қазіргі әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлары және жоғары дамыған елдердің прогресшіл тәжірибесі білім берудің мазмұнын жаңарту және мамандар даярлаудың сапасын жетілдіру қажеттілігін тудырады. Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жоғары оқу орнында және жоғары оқу орнынан кейін де білім беру саласында жоғары білікті мамандар даярлаудың жаңа тәсілдері ұсынылады. Жаңа тұрпатты мамандар даярлаудың үлгісі жүзеге асырылатын болады. Осы тұрғыдан келгенде заманауи білім берудің, яғни адамды жан-жақты дамытудың негізгі құраушылары оқыту, тәрбиелеу біртұтас болуы тиіс. Мұғалім өзінің кәсіби іс-әрекетінде бұл процестердің бөлінбейтіндігінің, олардың үйлесімді болуын қамтамасыз етудің кепілі болады және білім беру процесінің тиімділігін арттыруды көздейді. Ал білім берудің тиімділігі, табысты болуы, қоғам талаптарына сай нәтижелер алуы көбінесе оқытудың түрлерін, әдістерін және құралдарын жетілдіруге байланысты болады. Мұғалім өзінің пәнін ғана үйретіп қоймайды, ол өмірге бейімдейді, еңбекке, адамдарға қарым-қатнасқа үйретеді, адамның қоғамдағы өз орнын анықтауға – дүниеге көзқарасын тәрбиелейді.
Чехтың ірі педагог-демократы және 17 ғасырдың қоғам қайраткері, сол кездің педагогикасының негізін қалаушы демократиялық педагогиканың аса көрнекті өкілі Ян Амос Коменский болды. Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын, принциптерін, әдістерін анықтауда мұғалім тұлғасына, оның оқу-тәрбие жұмысындағы роліне баса назар аударған. Ол мұғалім мен тәрбиешіге көп білу керек, оқыту мен тәрбиелеу ісінің шебері болуы, адал және еңбексүйгіш болуы қажет екендігін талап еткен.
19 ғасырдың аса ірі неміс педагог-демократы А.Дистервег дамыта оқыту принциптерін және дидактикалық ережелер жүйесін аша келе, мұғалім дайындауға белгілі талаптарды негіздеді. Бірақ бұл негіздер мұғалім жүйелі түрде өздігінен білім алып, мамандығын ұдайы жетілдіріп, педагогика мен әдістемені жүйелі түрде оқып-үйренген жағдайда ғана өз күшіне ене алады деп есептеген. Сондықтан мұғалім үнемі өзінің білімін: адам және азамат ретінде жалпы білімін, ал мұғалім ретінде – арнайы білімін көтерумен шұғылдануы тиіс деп санаған. Дистервегше, мұғалімге жоғары деңгейдегі білімділік, мәдениеттілік, тәрбиелілік қажет.
Революционер-демократ Н.А.Добролюбов педагог баланы жаңа жағдайдағы өмірге дайындауы тиіс, тәрбиешілер адамның табиғатына үлкен сыйластық көзқарас танытуы керек, өзінің тәрбиеленушілерінің дамуына қамқорлық жасап отыруы қажет екендігін баса көрсеткен.
Мұғалім даярлау проблемасын шешуде ұлы орыс педагогы К.Д.Ущинский үлкен үлес қосты, ол мұғалімнің әлеуметтік және адами ролін ерекше атап көрсетті. К.Д.Ушинский педагогиканы тәрбие іс-әрекетінің жалпы теориясы ретінде және тәрбиелеу әдістемесін тәрбиелеу өнері ретінде қарастырды.
Білім беру ісінің аса көрнекті қайраткерлерінің мұғалім даярлаудың принциптері мен мазмұны жөніндегі идеяларының қоғам дамуының қазіргі кезеңінде жоғары педагогикалық білім берудің теориясы мен практикасы үшін маңызы зор. Олар негізін қалаған болашақ мұғалімді оқыту мен тәрбиелеудің байланысы, бірлігі принциптері, жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие жұмысын болашақ мұғалімнің біліктілігімен үйлестіру, оларды оқу жұмысына да, сонымен қатар тәрбие жұмысына да даярлау заманауи жоғары педагогикалық мектептің теориясы мен практикасында ары қарай дамып келеді.
Тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі-дүниеге ғылыми көзқарас қалыптастыру. Бұл міндетті шешуде әр пәннің алатын орны бар. Өзімізді қоршаған дүниені тануда ғылыми әдістердің қуатын көрсету үшін, ғылыми және практикалық мәселелерде абстрактылы ойлаудың маңыздылығын айқындау үшін, ғылыми ұғымдарды қалыптастыру процесін және ғылыми теориялардың пайда болуы мен дамуын анықтау үшін математиканың мүмкіндіктері өте үлкен.
Математика мұғалімі математиканы оқыту процесінде практикалық мәселелерді шешудегі сандық әдістерді білу мәселелері туралы әңгімелер өткізіп, оларға тарихтан, этнографиядан, археологиядан және экономикадан тартымды материалдарды пайдаланғаны жөн. Әрине мұндай әңгімелер оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын тәрбиелеу мүмкіндіктерінің бірі ғана. Екінші мүмкіндік – математика курсының мазмұнын, дүниетанымдық тәрбие беретіндей иллюстративтік жаттығулармен, үй тапсырмаларымен байыту. Ең алдымен математикалық білім қалай дамығандығын, математикадық ұғымдардың қалыптасу жолдарын көрсету қажет. Мысалы, адамзат қалай бірлік аясындағы бүтін оң сан ұғымынан бірте-бірте шексіз сан қатары ұғымына көшкендігі туралы, қалай теріс сандарды, сонан соң бөлшек және иррационал сандарды енгізуге мәжбүр болғандығы жәйлі айтып беру пайдалы болады. Мұнымен сан ұғымының қалыптасу процесі тоқтамайды. Комплекс сандар ізденістің табиғи нысаны ретінде пайда болды, үйткені оларсыз алгебралық теңдеулер жүйелерін шешу жалпы ережеден ерекше болар еді: n дәрежелі әрбір теңдеудің әртүрлі немесе тең n түбірі болады.
Математиканы оқытуды басқа пәндердің – физикамен, химиямен, географиямен, гуманитарлық пәндермен – байланыстырып оқыту математика мен оның ұғымдарының адамның табиғат пен қоғамдық құбылыстарды танудағы орнын көрсету үшін кең мүикіндіктер туғызады. Бірақ мұнда біржақты – басқа пәндердегі математиканың ролін ғана көрсетумен шектелмеу керек. Істің екінші жағын – математиканың өзі басқа ғылыми пәндердің және практиканың әсерімен дамығандығын көрсету қажет болады. Олай болмаса оқушылардың санасында қате ой туындауы ықтимал, яғни математикалық ұғымдар мен теориялар ғалымның қиялынан пайда болған деген сияқты пікір қалыптасуы мүмкін. Дүниеге көзқарас тәрбиелеуде оқушыларды математика тарихының негізгі кезеңдерімен таныстыру аса құнды. Адамзат қалай білімсіздіктен білімділік элементтеріне және толымсыз білімділіктеен қалай толыққанды білімділікке жеткендігін ғылымның тарихына жүгінбей анықтауға мүмкін емес. Ғылымның тарихы өткен құндылықтарды түсініп қана қоймай, математиканың заманауи салаларын түсінуге де жағдай туғызады. Оқушыларды ғылымның бастауымен, оның ашқан жаңалықтарымен таныстырудың қоғамның дамуы үшін маңызы зор. Бұл мәселе арнайы қарастыруды қажет етеді.
Жоғары оқу орнында болашақ математика мұғалімдерін мектепте тәрбие жұмысына даярлауда «Математиканың тарихы мен әдіснамасы» пәнінің орны ерекше. «Математиканың тарихы мен әдіснамасы» пәні, оның әдіснамалық негіздері жоғары оқу орнында математика мұғалімін кәсіби даярлаудың басты бөлігін құрайды. Пәннің тарихы мен әдіснамасын оқып-үйрену негізгі математикалық ұғымдарды қалыптастыру жолын, әсіресе математиканың өзінің мәнін түсінуге жол ашады.
Пәнді оқып-уйренудің мақсаты мен міндеттері – студенттердің математика ғылымы мен оның әдіснамасының даму тарихы жөніндегі білігін қалыптастыру, болашақ математика мұғалімдеріне математикалық білімнің даму тарихы жөнінде білім беріп, оны келешек кәсіптік педагогикалық қызметімен байланыстыруға дағдыландыру.
Курсты аяқтағанда студенттер математиканың даму кезеңдерін, математиканың негізгі ұғымдары мен терминдерін біліп шығады; тарихи фактылар мен мағлұматтарды болашақ кәсіптік іс-әрекетінде пайдалана алу білігін меңгереді. Пәнді оқып-үйренудің мақсаты мен міндеттері – болашақ математика мұғалімдерінің математика сабақтарында және сабақтан тыс жұмыстарда тарихи материалдарды қолдану білігін қалыптастыру, математикалық білімнің дамуы жөніндегі тарихи мағлұматтарды математиканы оқыту процесінде тиімді пайдалану.
Курс мазмұнында жалпы білім беретін орта мектеп математика бағдарламасында қарастырылатын математикалық ұғымдардың шығу және даму тарихы баяндалған, олар әрбір сынып бойынша жіктелген. Бұл оқылатын материалдың жүйелілігі мен сабақтастығын қамтамасыз етеді. Осы пәндерді оқып-үйрену нәтижесінде болашақ математика мұғалімі оқушыларға ғылым, оның ішінде математика дүниені өзгертуге ықпал ететін, практикаға көмектесетін аса үлкен күш екендігін саналы түрде түсіндіре алады.