Дәріс Қазіргі әлемдегі өзін-өзі тану тұжырымдамаларының басымдылығы. Қазіргі заманның ғаламдық қпроблемалары



бет1/8
Дата13.04.2023
өлшемі127 Kb.
#82565
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
дәрістер ҚӘӨӨТТ АБА


Дәріс 1. Қазіргі әлемдегі өзін-өзі тану тұжырымдамаларының басымдылығы. Қазіргі заманның ғаламдық қпроблемалары.

Зерттеушілер жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықаралық ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр.


Жаһандану үрдістері әртүрлі әлеуметтік және экономикалық даму деңгейдегі дамушы елдерге және халықтарға алуан түрлі әсер етеді. Дамушы елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер жасайды. Сонымен қатар, осы елдер үшін аса үлкен қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі.
Әлемдік тарихи өткенді шолудағы рухани-адамгершілік білім.
«Сен өзгерсең, сенің айналаңдағы әлем де өзгереді»
«Сыртқы әлем – адамның ішкі әлемінің бейнесі»
«Әлем кемел, адамның қабылдауы кемел емес»
«Сыртқы әлемге тұрақтап қалма, ол өткінші, мәңгілік құндылықтарға тұрақта –ол өзгермейді» «Үдеріс нәтижеден де маңызды» Лао-Цзы (б.д.д. VII-VI ғ.ғ.)
«Алдымен өз-өзіңді таны»
«Әр адамның бойында күн бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер»
«Кімде-кім өзін-өзі тани білсе, ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі»
«Кім де кім әлемді қозғағысы келсе, әуелі өзін қозғасын» Сократ
«Егер кім де кім өзін-өзі таныса, ол адам өзінің Құдайын да таниды»
Қожа Ахмет Йассауи түркі халықтарының жаңа исламдық өркениеттегі халықтық ағымының арнасын анықтап берді. Ол жаңа діни идеологияны тәңірлік шамандықпен, зорастризммен біріктіре отырып, қоғамдық-әлеуметтік санаға сіңіруде көп еңбек етті.
Қожа Ахмет Йассауи ілімінде «жан тыныштығы», «шындыққа жету» адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқат та жүзеге асады.
Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, «Кемел адам» тұрпаты қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет