Ең алдымен оқу орнының үдерісін технологияландыруда таңдап алынған мəселенің жағдайын тереңдепзерттеу:
бітірушілердің біліктілік сипаттамасы негізінде студенттердің кəсіби əрекетке дайындық деңгейіне терең талдау;
курстық, дипломдық жұмыстарына, мемлекеттік емтихандар қорытындыларына талдау жүргізу;
бітірушілердің даярлық деңгейіне біліктілік, мөлшерлік талап- тарды зерттеу жəне талдау;
оқу орнының нақты мамандық бойынша білім беру бағдарламаларына (оқу жоспарына, оқу бағдарламаларына), олардың біліктілік, мөлшерлік талаптарға сəйкестік тұрғысынан талдау жасау:
квалификациялық мінездеме талаптарының сабақтардың мазмұнында, өндірістік тəжірибе жинақтаудың барлық түрлерінің мазмұнында, қорытынды мемлекеттік аттестациялау сұрақтары мен тапсырмаларында көрініс табуы;
осы талаптардың оқу пəндері мен тəжірибе жинақтаудың түрлері арасында бөлінуі (кəсіби əрекетке даярлықты қамтамасыз етуге ұжымдық жауапкершіліктің бөлінуі);
білімгерлерді кəсіби əрекетке дайындаудың əдістемелік жəне оқу-материалдық қамтамасыз етілуіне талдау.