Дәріс: Қазіргі педагогикалық технологиялар пәнінің міндеті мен мақсаты. Педагогикалық технология түсінігі



бет53/60
Дата11.03.2022
өлшемі0,86 Mb.
#27660
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60
Байланысты:
ДӘРІС

11.1. Проблемалық оқыту технологиясы
Əлемдік тəжірибеде бірнеше түрлі өзара балама мектептер баршылық, əрбіреуінің ұтымдылығы əр түрлі. Мысалы, дəстүрлі мектеп түлектерінің білімділік деңгейі жүйелілік, теориялық, ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қолдануға іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңбері тар болып келеді. Ал қызығу мен қажеттілікке негізделген еркін тəрбие мектептерінде білім беру үдерісі оқушылардың еріктері мен танымдылық дамуын шектейді, мұнда психиканың механикалық есте сақтау қызметі жөнді дамымайды деген астарлы пікір бар. Сондықтан, болашағы мол болып көрінетін дəстүрлі оқыту мен балама оқыту əдістемелерінің үйлестірілген түрі керек. Мұнда тасада қалдырмайтын мəселе – қайсысынан қандай элементтер, қандай негізде таңдалынып, қандай қатынаста құрастырылатындығы.

Проблемалық оқыту «проблема», «проблемалық сұрақ»,

«проблемалық тапсырма», «проблемалық жағдай» («ситуация»)

деген ұғымдарды қамтиды.

Проблема дегеніміз– субъектінің өзіндебарізденуқұралдарымен (білім, икемділік, іздену тəжірибесі жəне т.б.) шешуге болатын жағдай. Кез келген сұрақ, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың проблемалық болуының негізгі шарты – оларға жауап іздеуде оқушыға даяр жауап не үлгі болмайды жəне ол өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тəсілдің онда жетіспей тұрғанын сезінеді.

Проблемалық жағдай деп пайда болған құбылыстар, фактілерді адамның түсіндіре алмай қиналушылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан сол қиыншылықтан шығудың жолын қарастырып, іздену іс-əрекетіне көшеді.

Проблемалық жауап кезеңінде оқушының іс-əрекеті ойлаумен, пайымдаумен өз бетінше ізденумен сипатталады.

Проблемалық оқыту тек проблемалы жағдай тудырып қана қоюды емес, сонымен қатар оны дұрыс шеше білу тəсілдерін меңгертуді де қажет етеді. Ол үшін оқытушы оқушының тақырыпта кездесетін ой, пікір қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тəсілдерін меңгертуге өздігінен ізденудің, зерттеудің амалдарын үйретуге тиіс. Мұның басты жолы – дұрыс ойлай білуге баулу.

Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау жəне тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс əрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің жəне тағы басқа) ескере отырып, жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мəлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да проблемалы оқыту көбінесе мектеп оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытады жəне сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нəтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нəтижелерге жету жолының өзін де, үдерісінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Проблемалық əдіспен оқытудың мақсаты оқушының сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету. Оқушыны ізденуге, қорытынды жасауға, өзгеше пікір айта білуге үйретеді.

Проблемалық оқиға оқушының бұрыннан меңгерген білімге сүйеніп, мəселені толық шешу үшін аздаған өзіндік ойды, шығармашылық шешімді, дербес əрекетті қажет ететін проблемалық жағдайға алып келуі керек. Проблема тууға ыңғайлы тақырыпты таңдай білу, мұғалімнің ізденімпаздығына, тапқырлық шеберлігіне байланысты. Сол сияқты есептер шығару барысында да балаларға есеп сурет салу арқылы, схема түрінде сызуға, кестелер арқылы шығартуға бейімдеу, өздігіненкеріесепқұрастырабілугежаттықтыру керек. Есептің бір-бірінен ұқсастығын, айырмашылығын, байланысын тапқызуға болады.

Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады жəне проблемалары міндетті шешуге дайын тəсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік əрекетімен ынтасы күшейе түседі.

Проблемалық оқыту технологиясы тұжырымының ерекшеліктері:

• білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған

басқарылмайтын үдеріс;

• бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді;

• бала материалды сезім арқылы (көріп, тыңдап) қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;

• оқытуда табысқа жетудің шарттары;

• оқу-материалында проблема туғызу;

• баланың белсенділігі;

• оқытудың бала өмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысы.

Проблемалық оқытудың қалыптасу тарихына үңілсек, Сократ өзінің шəкірттерін логикалық ойлауға, зерттеулердің нəтижелерін табуға бағыттап отырған. Руссо білімді игеруде ситуациялар қоюға мəн берген. Проблемалық оқытудың ең керекті əрекеті ізденіс болса, оны өз тəжірибесінде қолданған ғалымдар қатарында Песталоцци мен Дистервергтің еңбегі зор. Оқытудың осы əдісінің негізін қалап, оны жоспарлы түрде іске асырған Д.Дьюн болды. Кейіннен

оқытудың осы түріне Д. Бруннер, И. Лернер, Т. В. Кудрявцев, А. М. Матюшкин, М. И. Махмутов зор үлес қосты.

Проблемалық оқытудың басқа əдістерден айырмашылығы – білім оқушыларға дайын күйінде ұсынылмайды, керісінше, олардың алдына белгілі бір проблеманы өз бетінше шешу міндеті қойылады. Осылайша іздену əрекеті барысында шешімді оқушылардың өзі тауып, білімді игеруге жол ашады.

Проблемалы оқытудың теориялық мəселелерін М. И. Махмудов, А. М. Матющкин, И. Я. Лернер, Ю. Н. Бабанский жəне т.б. еңбектерінде зерттеген еді. Проблемалы оқытуға арнап жазылған жұмыстардың саны біршама баршылық. Бірақ соңғы кезде елімізде бұл əдісті оқу үдерісінде қолданудың жағдайы қанағаттанарлықтай болмай отыр. Бұған негізгі себептердің бірі əдебиетте проблемалы оқыту жайында біртұтас оң пікірдің болмауында жəне оның мəн жайын жақсы білетін мұғалімдердің аздығында.

Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтап алға басқан кезеңінде проблемалы оқытуды игеріп, оқу-тəрбие жұмыстарында қолданбаса болмайды. Проблемалы оқыту сабағының дəстүрлі аралас сабаққа қарағанда біршама артықшылықтары төмендегі кестеде көрсетілген.

Оқушылардың əр түрлі есептерін шығару, қойылған мəселелерді шешу кезінде өз білімдерін қолдана білуіне, маңыздысын іріктей білуіне, терең ойлай білуіне жасалынған талдау, проблемалық оқытудың арқасында оқушыларда жоғары дəрежеде өз бетімен жұмыс істеу қасиеті қалыптасатынын көрсетеді. Оқушылар талдаудың, іріктеудің, жіктеудің логикалық операцияларын ойдағыдай игере отырып, өз білімдерін жан-жақты қолдана білуге үйренеді. Сонымен қатар, оқушыларда ойлап-толғаудың биік деңгейі мен ақпараттарды өз күшімен игеруге қасиеттері пайда болады.

Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр.

Білім негізі бастауыш мектепте берілетіні анық. Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімі бағдарлама көлемінде ғана білім беріп қоймай, пəндер арқылы баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуі керек.

Көптеген педагогтар жəне психологтардың сараптамасы бойынша əр түрдегі жаттығулардың тиімділігі, олардың нұсқалық сипатта болуында. Нұсқалық жаттығулар оқушылардың ой-өрісін

дамытып ғана қоймайды, сонымен қатар оларда тұрақты білім-білік, дағдыны қалыптастырады.

Ең тиімді тəсіл – жаттығуларды қорытындылау, сондай-ақ бір немесе басқа да қағидалар мен заңдылықты нақтылау мақсатында өткізу. Оқушы өз бетімен немесе оқытушы басшылығымен сол немесе басқа материалдарын қорытындылау кезінде-ақ дағды- ланады, əрі оны нақтылау жеңілдірек болады.

Əртүрлі дəрежедегі байланысты ұтымды жүзеге асыру оқушылардың ақыл-ой іс-əрекеттерінің деңгейіне байланысты. Қандай да бір материалды түсіндіру мен бекітуде, олар жақсы түсінген білімдер қолданылып отырса, онда жаттығулар əдісін пайдаланған дұрыс. Ал оқушылар қиналып, өз бетінше орындай алмаса, онда əңгімелесу элементтері бар жаттығулар əдісін қолданған пайдалы. Ал материал ұсынуға күрделі болса онда түсіндіру əдісін жаттығулар əдісімен байланыстыра қолдану керек. Ең бастысы, кез келген əдіс-тəсілді таңдағанда оқушыларға оның қаншалықты қажеттілігін ескерген жөн. Бірақ түсінікті меңгертуде, білімді ортақтастыруда оқушылардың белсенділігіне пара-пар ойлау операциясын қалыптастыруды ешқашан ұмытпау керек.

Қорыта келгенде, проблемалы тапсырмалар сабақтағы қорытындылардың қандай жəне қалай пайда болғандығын дəлел- дейді жəне логикалық ойлауға, ғылыми іздену жолына бағыттайды. Проблемалы тапсырмалар сезімге молырақ əсер етеді де, оқушының қызығушылығын, білімге іштей құмартушылығын дамытады. Құмартушылық, қызығушылық оқушыны өздігінен ізденуге жетелейді. Ізденіссіз шығармашылық ойлау жоқ. Проблемалық тапсырма нəтижесі оқушының өз бетінше еңбектенудегі дағдысы мен қабілетінің, іскерлігінің жетілген, ең жоғары дамыған сатысы деуге болады.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

1. Проблемалық оқыту технологиясында қолданылатын ұғымдарға (проблема, проблемалық оқыту, проблемалық жағдай, т.б.) педагогикалық сөздіктерде берілген анықтама бойынша сипаттаңыз.

2. Проблемалық сабақ ұйымдастыру əдістемесін талдаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:

1. Махмутов М. И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. – Алматы: Мектеп, 1981.

2. Брызгалова С.И. Проблемное обучение в начальной школе: Уч.пос. Изд. 2-е, Электронды оқулық испр. и доп. /Калинингр. ун-т.

– Калининград, 1998.

3. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология- лары. Алматы, 2005.

4. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –

Алматы, 2004.

5. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007.

6. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі

– сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.

7. Педагогические технологии: Методические рекомендации

/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К.Д.Ушинского, 2002.

8. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –

М.: Народное образование, 1998.

9. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет