Дәріс: Қазіргі педагогикалық технологиялар пәнінің міндеті мен мақсаты. Педагогикалық технология түсінігі



бет8/60
Дата11.03.2022
өлшемі0,86 Mb.
#27660
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60
Байланысты:
ДӘРІС

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

  1. «Оқыту бағдарламалары» ұғымына түсінік беріп, оқыту бағдарламаларының түрлерін саралаңыз.

  2. «Эвристикалық технология», «Креативтік технология»,

«Когнативтік технология» түрлеріне сипаттама беріп, олардың бір- бірінен ерекшеліктерін Венн диаграммасы бойынша салыстыру.

  1. Педагогикалық технологиялардың классификациясын айқындаңыз.

  2. Педагогикалық технология дұрыс жобаланған болу үшін қандай элементтер болуы керек жəне оларға сипаттама беріңіз.


Ұсынылатын əдебиеттер:

  1. Капустин Н. П. Педагогические технологии адаптивной школы: Уч. пособие. – М.: Академия, 1999.

  2. Краткий справочник по педагогической технологии. Под ред. Щурковой Н. Е. – М.: Новая школа, 1997.

  3. Ксензова Г. Ю. Перспективные школьные технологии. – М.: Педагогическое общество России, 2000.

  4. Педагогические технологии: Методические рекомендации

/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль:изд-во ЯГПУ им. К. Д. Ушинского, 2002.

Селевко Г. К. Авторские программы, педагогические технологии, инновационные школы. – Ярославль: Изд-во ИПК ПиРРО, 1997.



  1. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –

М.: Народное образование, 1998.

  1. Хуторской А. В. Эвристическое обучение: Теория, мето- дология, практика. – М., 1998.

  2. Чупрасова В. И. Современные технологии в образовании. –

Владивосток, 2000.

  1. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология- лары. – Бастауыш мектеп. – №3, 1999.

  2. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007.

  3. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.

  4. Беспалько В. П., Беспалько JI. B. Педагогическая техноло- гия: Новые методы и средства обучения // Политехнический музей.

  5. – 1989.


2 Дәріс: Педагогикалық қарым-қатынаста жеке тұлғаны ізгілендіру және демократияландырудағы негізделген технологиялар. ынтымақтастық педагогикасы (технология), ізгілендіру принциптері. ш.а.амонашвилидің жеке ізгілікті технологиясы
Ресейдің білім беру академиясының академигі Шалва Александрович Амонашвили өзінің эксперименттік мектебінде

ынтымақтастық педагогикасын əзірлеп, жүзеге асырды. «Мектеп өмірі» технологиясы оның педагогикалық іс-əрекетінің өзіндік қорытындысы болып табылады.

Ш.А.Амонашвили технологиясының мақсаттық бағыттары:

- Баланың тұлғалық қасиеттерін ашу арқылы бекзат адам тəрбиелеу жəне дамыту, қалыптасуына ықпал ету.

- Бала жүрегі мен жан дүниесін ақ пейілдендіру.

- Баланың танымдық күшін дамыту жəне қалыптастыру.

- Терең жəне толық көлемді білім алып, дағдыларды қалып- тастыру үшін жағдай туғызу.

- Тəрбие идеалы – өзін-өзі тəрбиелеу. Ерекшеліктері:

• ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;

• бала психикасы дамуға, есеюге жəне еркіндікке құштарлығын қалыптастыру;

• əсемдікті, əдемілікті сезіну, қабылдау;

• рухани жетілдіру;

• ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау;

• ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;

• оқыту мен тəрбиелеудің бірлігі.

Бастауыш мектептегі ынтымақтастық педагогикасының жеке тұлғалық тұрғысынан қарау ережелері, баланың өмірде құбылыс ретінде қызмет ететін өз жолының болуы, бала табиғат пен ғаламның жоғары шығармашылығы болғандықтан, шексіздік пен мықтылықты көрсететіндігі, баланың дамуға, үлкеюге, бостандыққа деген ынтасы

– осының барлығы негізгі концептуалдық ережесі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық оқу, жазу мен ауызша сөйлеу іс-əрекеттері, жоғарғы математикалық ұғымдарды түсініп, оны өмірде қолдана білу, кез келген іс-əрекетті жоспарлау, батылдық жəне шыдамдылық, ана тілімен қатар шетел тілдерін меңгеру, рухани байлық, табиғатты аялай білу сияқты білім, білік, дағдыларын қалыптастыру үшін арнайы əдіс-тəсілдер керек. Ондай əдіс-тəсілдерге ізгілік, даралай оқыту бағыты, қарым-қатынас шеберлігі, оқу іс-əрекеті, жанұялық педагогика қоры жатады. Таратып айтатын болсақ, бала бақыты, таңдау бостандығы, танып- білу қуанышы, балаларға деген махаббат сезімі; жеке тұлғаны жəне өзін танып-білу, қабілеттерді дамыту, табыс педагогикасы; өзара қарым-қатынас жасау тəртібі, жариялылық; квазиоқу жəне

квазижазу, оқу жəне жазу үдерісінің материалдануы, балалардың əдеби шығармашылығы; жанұядағы салт-дəстүр, геронтология, ата- аналар сенбіліктері.

Ш.А.Амонашвилидің технологиясында негізгі орынды баланың іс-əрекетін бағалау алады. Бағаны қолдану шектеулі, сандық бағалау орнына сапалық бағалау қолданылады, демек мінездеме, қорытынды пакет, өздік талдау жасауға, өзін-өзі бағалауға машықтандыру.

Ізгілендіру технологиясындағы жұмыс түрлерін қарастырайық. Сабақ – тек оқу үдерісі емес, шығармашылық, ойын сабақ түріндегі балалар өмірінің жетекші формасы.

Сөйтіп, оқытудың тиімді əдіс-тəсілдерін өз орынында қолдану арқылы тұғаның бойындағы қабілеттерін аша отырып, рухани құндылықтарын байыта түсуге толық мүмкіндік туғызуға болатындығы анықталды.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

1. Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты мен əдістерінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.

2. Ынтымақтастық педагогикасы мен білім беруді ізгілендіру технологияларының бір-бірінен айырмашылықтары қандай екендігін Венн диаграммасы бойынша салыстырыңыз.

3. Бастауыш мектептің пəндерін оқытуда білім беруді ізгілендіру технологиясын пайдаланудың тиімділігін көрсетіңіз


Ұсынылатын əдебиеттер:

1. Амонашвили Ш. Основы гуманной педагогики. – М., 2001.

2. Амонашвили Ш. Актуальные вопросы гуманной педагогики.

– М., 2002.

3. Шаукенова Н. Р. Жалпы білім беретін мектепті қайта құру жағдайын ынталандыру педагогикасы. – Алматы, 2011.

4. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология- лары. – Алматы, 2005.

5. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –

Алматы, 2004.

6. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007.

7. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі

– сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.

8. Педагогические технологии: Методические рекомендации

/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д.Ушинского, 2002.

9. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –

М.: Народное образование, 1998.

10. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. – М.: Педагогика, 1990.


10.1. Адамгершілікті қалыптастыруға негізделген

əдебиетті оқыту жүйесі (Е. Н. Ильин)


«Бəрі білім арқылы келеді!» – дейді мектеп теориясы мен практикасы. Бірақ əдебиет сабағында танымдық нəрсе түпкі мақсат емес, қайта бəрінен бұрын, адамгершілік білім ретінде адамгершілік тақырыпты өрбітіп, өткір өріп əкетудің шарты. Əлденені, тіпті көп нəрсені оқушының өзі үйде өз білімін белсене жетілдіруі арқылы жəне ендігі жерде шамадан тыс күш жұмсамай-ақ «жинақтай» алады. Арнаулы білімді жеке-жара жинақтауға да болады.

Ал адамгершілікке бірлескен жағдайда ғана қол жетеді. Ұжымда əсіресе, тəртіптің адамның адамға қарым-қатынасының моральдық

негіздеріне жақсы қол жеткізіледі. Адамгершілік жайт «тақырып»,

«проблематика» тасасында қулана тығылып қалмай, сабақ бетіне ашық қалқып шыға келгенде, балалардың кез келген тапсырманы ынталана орындайтынын байқайсың. Бастауыш сынып оқушылары оқулықты оқып, пікір таластырып, тапсырманы орындап қана қоймайды, сонымен бірге мектеп дəлізіндегі кабинетті безендіреді, түрлі ойындарды, жарыстарды да белсене өткізіп, экскурсияға аттанады. Ия, сабақ «сəттерімен» емес, бүкіл мəнісімен тəрбиелейді. Бірақ, алайда, сəттер болмайынша мəннің өзі де болмайды. Бастауыш сынып оқушыларын осы жерде «уыстан шығарып алмаймыз ба?».

Сабақ – бұл жəрдем. Əлдекімге жедел жəрдем, əлдекімге шұғыл жəрдем, ал əлдекім əзірше күте тұрады... Бастауыш сынып оқушыларының мұғалімге деген зейін деңгейін, мұғалімнің олардың əрқайсысына əдеби кейіпкердің бір сəттік қана емес, сонымен бірге этикалық тағдырын оқушының көңіліне ұялататын пікірлерге деген ықыласының нəтижесімен айқындайды. Сол себептен де барлық 30- 40 оқушы сабақта болады.

Кез келген сабақты өткізгенде өмірлік, эстетикалық, адамгершілік тағылымдар болады. Тағылым ажырамастай ұштасқанда ғана ол тəрбие сабағына айналады.

«Кітапты сүйіңдер.. ол сіздерді... үйретеді...» М. Горькийдің бұл сөздерін бастауыш сынып мұғалімі өзінің оқушыларына əрдайым айтып отырады.

Бастауыш сынып оқушылары қандай да бір ертегіні оқып шығып, оның талқылауын оқушылардан күтіп отырмай, қайта талқылау арқылы жаппай оқып шығуға итермелеу қажет. Талдау арқылы талдау үшін жағдай жасалады. Ертегіні түсініп оқып шығуға мəжбүр ететін кітаптағы бетті тауып, оған қоса қызықты етіп талдап шығу керек. Бастаған бет бүкіл ертегіге баурап кететіндей болуы керек. Сабақта бастауыш сынып оқушыларын ертегіні оқуға қарай жетелеу керек. Тəжірибелі бастауыш сынып мұғалімдерінің ең негізгі сыры – ертегі кітабын тезірек ашып, бəрін соған бағындыру. Сыныппен тілдесу – кітаптағы ертегіні сөйлетпейінше қыңыр тірлік. Сабақтың міндеті, ертегі кітабын түгел қамту емес, қайта ішінара талдау арқылы оған ықылас туғызу. Кез келген бастауыш сынып мұғалімі сабақ барысында оқушыларды қызықтыра отырып, баурап əкету принципін қалыптастыруы керек.

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

1. Е. Н. Ильиннің адамгершілікті қалыптастыруға негізделген əдебиетті оқыту жүйесіне сипаттама беріңіз.

2. Бастауыш мектепте тіл дамыту пəнін оқытуда Е. Н. Ильиннің жүйесін пайдалану бойынша тірек сигналдарын жасаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:

1. Ильин Е. Н. Урок продолжается. – М., 1973.

2. Ильин Е. Н. Искусство общения. – М., 1982.

3. Ильин Е. Н. Рождение урока. – М., 1986.

4. Ильин Е. Н. Путь к ученику. – М., 1988.

5. Ильин Е. Н. Герой нашего урока. – М., 1991.

6. Ильин Е. Н. Воспитаем читателя. – СПб., 1995.

7. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары. Алматы, 2005.

8. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –

Алматы, 2004.

9. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007.

10. Педагогические технологии: Методические рекомендации

/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д. Ушинского, 2002.

11. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –

М.: Народное образование, 1998.

12. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.


3 дәріс. Қазіргі заманғы инновациялық технологиялар


Жоспар:

  1. Оқу-тəрбие үдерісін инновациялау – бүгінгі күннің өзекті мəселесі.

  1. «Инновация» туралы жалпы түсінік.

  2. Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері.

  3. Инновацияның негізгі қағидалары.

  4. Білім берудің инновациялық əдістері мен технологиялары.

  5. Инновациялық əдістердің классификациясы.

  6. Инновациялық технологиялардың өлшемдері.




    1. Оқу-тəрбие үдерісін инновациялау – бүгінгі күннің өзекті мəселесі

Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Ре- спублика халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, қазіргі заманғы педагогикалық технологиясын қалыптастыру – өмірдің талабы болып отыр.

Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мəселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дəрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сəйкес кəсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми- əдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды əрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.

Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз демекші, бүгінгі бала – ертеңгі жаңа əлем. Демек бұрыннан қалыптасқан бағдарлама мен тəртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жəрдем беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын мектеп шаңырағы қажет.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тəрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі.

Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» деп аталатын Назарбаев Университетінде оқыған лекциясында білім сапасын арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп, білім нəрімен сусындататын біздің асыл да ардақты ұстаздарымызға да үлкен міндеттерді жүктегені барлығымызға мəлім. Ендеше келешекте Қазақстанның ғарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі ұрпақ ертеңгі азамат болғандықтан, оқу-тəрбие үдерісін жаңартып, білім сапасын арттыру – оқытушылар құзырындағы өте үлкен жауапты іс. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электронды жəне телекоммуникация, электронды оқулықтар даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білік сапасын көтеруге тигізетін əсері мол. Жаңа электронды оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім мазмұны да өзгерері сөзсіз. Болашақта əр оқушы компьютерлік технология арқылы интернет, электронды желі, электронды почта арқылы дүниежүзілік білім əлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мəліметтерді ғылым саласына байланысты озық тəжірибелерді, осы мəселенің шетелдегі

жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады.

Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының түбегейлі мақсаты да əлемдік өркениетке сай сапалы білім беру жəне ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.

Қоғамды ілгері дамытатын күш білім десек, болашақтың иегері – жас ұрпақты саналы да білімді етіп тəрбиелеу ұстаздардың қолында. Осы тұрғыда Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінде елбасы Н. Назарбаевтың «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» – атты тақырыпта оқыған лекциясында:

«Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен əлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін формацияның педагогы қажет,» – деген. Қазіргі мұғалім:



      1. Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс істей алатын;

      2. Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;

      3. Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

      4. Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;

      5. Білімді, шебер, іскер болуы тиіс.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, мəліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мəліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да əрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.




    1. «Инновация» туралы жалпы түсінік

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық жəне интерактивтік əдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.



«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған əртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» – дейді.

Ендеше «инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорнына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа»,

«жаңалық енгізу», деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет