Дәріс 1. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу пәнінің мақсаты, міндеттері мен мазмұны
Орындаған: Камиденова Ажар
Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің маңызы.
ТАПСЫРМАЛАР
Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылық негізінде тәрбиелеу пәнінің мақсаты, міндеті
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту, - деп мақсатты нақты айқындап берген.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы дегеніміз - өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз! Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану - аса маңызды міндеттердің бірі. Этнопедагогиканың негізі болып табылатын халықтық педагогика құралдары болып табылатын ауыз әдебиеті үлгілерін болашақ ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде тиімді пайдалану қажет,- деп есептейміз.
Қазір білім алушыларды саналуан шығармашылық іс-әрекетке тарту арқылы, соның нәтижесінде жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуы жүзеге асатын тәрбиеніңерекше құрамын анықтау маңызды:
Танымдық; ● Еңбектік;
Құндылық-бағдарлық;
Спорттық;
Көркемдік;
Еркін қарым-қатынастық.
Қоғамдық;
Рухани негіз – ұлтты біртұтас етіп біріктіретін күш. Халық рухы күшті болған сайын оның мемлекеттілігінің болашағы да жоғары. Бұл тарих пен біздің тағдырымыздың басты қозғаушы тетігі. Дәп ұлт рухы кез келген ел келбетінің қайталанбас қасиетін айқындайды, бағытын анықтап, дамуына екпін береді. Біздің ұлттық рухымызды көтеру үшін: дәстүрлер мен патриотизм рухы, жаңару, жарысу және жеңіске жету рухы; дәстүрлі құндылықтарға сүйену (тіл мен мәдениетке құрмет, имандылық, отбасы, ұрпақтар байланысы, патриотизм және төзімділік) қоғамның рухани негізі ретінде негізгі басымдықтар болуы тиіс

• Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Рухани-адамгершілік тәрбие
• Ұлттық тәрбие
• Отбасы тәрбиесі
• Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
• Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
• Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының мынадай бағыттары айқындалады:
Жаңа қазақстандық патриотизмді ұлттық идея мен ұлттық мұраттың мағыналы қызметі контексінде тәрбиелеуде «2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасы» ұлттық идеяның негізгі қағидалар қамтылған басты құжаттардың бірі болып табылады. Бұл құжатқа онда белгіленген мына мақсаттар ерекше мән береді: Қазақстан азаматтарында жоғары патриоттық сана мен өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбие жүйесін мақсатты түрде дамыту арқылы Отан мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық парыз бен конституциялық міндеттерді орындауға дайын болуға тәрбиелеу.