Мақсаттарды қойғанда басты назар неге аударылады?
Əр бастауыш сынып оқушысының жеке танымдық қабілеттерін дамыту;
Бастауыш сынып оқушысының жеке (субъектік) тəжірибесін көбірек анықтау, ынталандыру, пайдалану, «мəдениеттендіру»;
бастауыш сынып оқушысының алдын ала жоспарланған ерекшеліктерін қалыптастырмай, оның өзін-өзі тануына, өмірде өз орнын табуына жəне қабілеттерінің іске асуына көмек көрсету.
Негізгі принциптері
жеке даралық;
тұлға;
күн талабына сай келетін мəселелерді өзі шеше алатын тұлға;
өзіндік ойын білдіре алатын;
субъективтілік;
«Мен» концепциясы;
таңдау;
педагогикалық қолдау;
сенімділік пен қолдау.
Əдістеменің ерекшеліктері: Оқу үдерісі оқушы мен мұғалімнің оқу сұхбатына негізделген, ол бағдарламалық қызметті бірлесіп құруға бағытталған. Бұл жерде оқушының ынтасы, оқу материалының мазмұнын, формасын, түрін жеке таңдауы, алған білімін оқытуға қатысты емес жағдайда, қажет болған соң өздігінен пайдалануға талабы есепке алынады.
Білім, білік, дағды. Сыртқы дүниеден қабылдағанның барлы- ғына оқушы таңдаумен қарайды. Ғылыми-педагогикалық логиканың барлық ережелері бойынша бір жүйеге біріктірілген түсініктердің барлығын оқушылар игере алады деп айта алмаймыз, оқушы, көбінесе, өзінің жеке тəжірибесінде пайдаланатын түсініктерді ғана меңгереді. Сондықтан оқу үдерісін ұйымдастырғандағы бастапқы нүкте субъектік тəжірибені көкейтестілендіру, байланыстарды іздеу, дамудың жақын аймақтарын анықтау.
Оқу қызметінің тəсілі. Бұл технологияда барлық білім беру жүйесінің орталығы баланың даралық қасиеттері болып табылғандықтан, оның əдістемелік негізінде оқу үдерісін даралау жəне саралау принциптері жатыр. Кез келген пəндік əдістеменің негізгі идеясы – əр оқушының жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ашу болып табылады. Одан кейін бұл мүмкіндіктер ұтымды жүзеге асырылатын құрылым анықталады.
Оқу қызметінің тəсілі. Ең басынан əр бала үшін оқшауланған орта құрылмайды, керісінше, ол өзін көрсете алу мүмкіндігі болатын ашық жан-жақты мектеп ортасы құрылады. Бұл мүмкіндікті педагог кəсіптік тұрғыдан анықтаған кезде оның дамуы үшін қажетті жағдай тудыратын оқытудың саралау формасын ұсынуға болады;
Бастауыш сынып мұғалімдері сабақта қолданатын икемді, жалықтырмайтын, түсінікті даралау мен саралаудың формалары бастауыш сынып оқушысының таңдаған танымдық қызығушылығын, олардың көрінуінің тұрақтылығын, оқушының оны оқу қызметінің тəсілдері арқылы жүзеге асырудағы өзіндік жұмысы мен белсенділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің ұстанымы
Оқытудың субъектік тəжірибесін ынталандыру;
Əр оқушының даралығын дамыту;
Əр бастауыш сынып оқушысының жеке басының ерекшеліктерін, өзіндік құндылықтарын тану;
Оқушы ұстанымы
Оқу-тəрбие үдерісінің элементтерін еркін таңдау;
Өзін-өзі тану, өз орнын табу, өз қабілеттерін жүзеге асыру.
Технологиялық аспект
Модульдік оқыту;
Сұхбат;
Іскерлік ойын ( имитациялық, зерттеушілік, іздеушілік);
Тренинг;
Кейс əдісі.
Бақылау формалары:
Курс портфелі (портфолио);
Эссе;
Əр түрлі шығармашылық тапсырмалар;
Əр түрлі тестілік материалдар.
Нəтижелері. Тұлға – оқыту мен тəрбиелеуде басты тұлға болып табылады. Осыған байланысты бүкіл білім беру ісі оқушыларға, оның тұлғасына бағытталған, оқыту мақсаттары, мазмұны мен ұйымдастыру формасы жағынан оқушының барлық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың негізгі бағыттары:
Деңгейлік;
Саралау əдісі (дифференциалдық);
Жеке;
Субъективті-жеке.
Достарыңызбен бөлісу: |