Дәріс Биологиялық белсенді пептидтердің құрылымы мен функциясы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Университеті
Андреади Г.
Қуанышева А.
Жоспары:
Пептидтерге жалпы сипаттама.Ашылу тарихы.
Классификациясы
Биологиялық активті пептидтер және олардың түрлері.
Пептидтердің қолданылуы
Пептидтер
Пептидтер (гр.πεπτος — құнарлы) — амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын органикалық заттар. Амин қышқыл қалдықтарының санына қарай ди-, три-, тетра- пептидтерге, олигопептидтерге және полипептидтерге бөлінеді. Пептидтер молекулалары әдетте бір шетінде аминтобы, бір шетінде карбоксил тобы бар ұзын тізбек. Кейде олар тұйық түрде де кездеседі — циклопептидтер (көпшілік токсиндер„ гормондар, антибиотиктер). Пептидтер биологиялық қасиеттері бар заттардың көбісі жатады. Тірі торшада олар амин қышқылдарынан түзіледі немесе белоктардың ферментті ыдырауынан туады