ДәРІС дәріс тақарабы: Зат алмасуға әсер ететін және іш өткізгіштік қасиеттері бар дәрілік өсімдіктер



бет13/14
Дата02.11.2022
өлшемі5,68 Mb.
#46856
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
8-9-10 дәріс Фитофармакология

Итмұрын

  • Таралуы. Республикамызда үш түрі кездеседі: қоңыр, инелік және беттік итмұрыны. Үшеуінің де шипалық қасиеттері бар. Олар бір-бірінен ботаникалық қасиеттері және өсетін жерлеріне байланысты ажыратылады. Қоңыр итмұрын өзен жағалауларында, жабайы бұталардың арасында, далалы ормандарда өседі. Инелік итмұрын таулы ормандарда өседі.
  • Дәрілік және витаминдік шикізат ретінде өсімдіктің жемісін піскен кезінде қолмен теріп жинап алады. Оны аздап жел қақтырып жылы жерде кептіреді де , қағаз, фанер жәшіктерге, қағаз қапшықтарға салып сақтайды. Дұрыс дайындалған шикзат екі жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды.
  • Химиялық құрамында илік заттар; С, К, Р, Е, В тобындағы витаминдер; каротин; қант; лимон, алма қышқылдары; аздаған мөлшерде болса да белок, май, гликозидтер бар.
  • Қолданылуы. Мал дәрігерлік тәжірибеде жемісі витаминді азық ретінде төлге беріледі. 1:10 катынасында дайындалған тұнбасы организмде витаминдер жетіспегенде, бауыр, асқазан-ішек ауруларында және әлсіреген малдың жалпы күйін көтеруге пайдаланылады. Оны дайындау үшін 40-50 г кұрғақ жемісі жарты литр суға салып он минут бойы баяу кайнатады да, суытып, дәкемен сүзеді. Дайын тұнба бұзауға 100-150 мл, қозыға 30-50 мл мөлшерінде күніне 2-3 рет ішкзіледі.

Кеуел - Каперсы колючие

Кеуел - Каперсы колючие. Тамыры күрделі, жақсы жетілген, сабақтары жайыла өсетін көп жылдық шөптесін, жартылай бұталы өсімдік. Шөлді, сортаңды жерде өсетіндіктен кейбіреуінің тамыры 9-10 метр терендікке дейін кетеді. Жапырақтары эллипс тәрзді, кезектесіп орналасқан. Гүлдері ақ түсті. Гүл тәжісі және тостағаншасы төрт жапырақшадан, төрт гүл қалақшасынан тұрады. Жемісі жасыл түсті, қабықты жидек. Мамыр айынан бастап қазан айына дейін гүлдеп тұрады.

  • Кеуел - Каперсы колючие. Тамыры күрделі, жақсы жетілген, сабақтары жайыла өсетін көп жылдық шөптесін, жартылай бұталы өсімдік. Шөлді, сортаңды жерде өсетіндіктен кейбіреуінің тамыры 9-10 метр терендікке дейін кетеді. Жапырақтары эллипс тәрзді, кезектесіп орналасқан. Гүлдері ақ түсті. Гүл тәжісі және тостағаншасы төрт жапырақшадан, төрт гүл қалақшасынан тұрады. Жемісі жасыл түсті, қабықты жидек. Мамыр айынан бастап қазан айына дейін гүлдеп тұрады.
  • Таралуы. Республикамьздың оңтүстік аймақтарының шөлді, шөлейт, сортаңды жерлерінде, өзен жағалауларында өседі.
  • Дәрілік шикізат ретінде жемісі мен тамыры пайдаланылады. Оларды жинап, белгілі әдістермен кептіріп, құрғақ жерде сактайды.
  • Химиялық құрамында белок, көмірсутегі, аскорбин қышкылы, майлар, эфир майлары, рутин және баска да заттар бар. Өсімдіктің тамырында қосымша каппаридин гликозиді болады.
  • Қолданылуы. Оны азықтық жидек ретінде қолдануға болады. Ерте кезде адамдар тағам ретінде де пайдаланған. Мал дәрігерлерінің тәжірибесінде ұсақталған кеуел жемісін, тамырын ауырып, көтерем болған малдын жем - шөбіне араластырып береді. Берілетін тәуліктік мөлшері: ірі малға 100-150 г, ұсақ малға 50-75г.
  • Тұнбасын 1:10 қатынасында дайындап буыны іскен, бруцеллезбен ауыратын малды емдеуге, орталық жүйке жүйесін тыныштандыру үшін ірі 150-200 мл, қойға 50-70 мөлшерінде береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет