Дәріс есептеуіш желілердің ҚҰрылымы мен оларға жалпы шолу негізгі анықтамалар мен терминдер


сурет – OSI базалық эталондық модельдегі компьютерлердің әсерлесі сызба нұсқасы



бет13/38
Дата11.03.2022
өлшемі232,39 Kb.
#27643
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
2.1 сурет – OSI базалық эталондық модельдегі компьютерлердің әсерлесі сызба нұсқасы

Жіберуші-компьютердің әрбір деңгейі тікелей байланысқан сияқты, алушы-компьютердің аттас деңгейімен әсерлеседі. Мұндай байланыс логикалық немесе виртуалды байланыс деп аталады. Шын мәнінде әсерлесу бір компьютердің қатарлас деңгейлері арасында өтеді.

Сонымен, жіберуші-компьютердегі ақпарат барлық деңгейлерден өтуі тиіс. Бұдан соң ол физикалық орта бойымен алушы-компьютерге беріледі де, қайтадан барлық қабаттар арқылы жіберуші-компьютердегі шыққан деңгейіне жеткенше өтеді.

Көлденең модельде екі бағдарламаға деректермен алмасу үшін ортақ хаттама қажет. Тік модельде көрші деңгейлер деректерімен АРІ (Application Programming Interface) қолданбалы бағдарламаларының интерфейстарын қолдану арқылы алмасады.

Желіге берілер алдында деректер дестелерге бөлінеді. Десте (packet) – желінің станциялары арасында берілетін ақпараттың шамасы. Деректерді жібергенде десте бағдарламалық қамтамасыз теудің барлық деңгейлерінен өтеді. Әрбір деңгейде дестеге 2.2-суретте көрсетілгендей, желіден деректер сәтті өтуі үшін қажетті осы деңгейдің (бастамасының) басқарушы ақпараты қосылады. Мұндағы Заг дестенің бастамасы, Кон дестенің соңы.

Қабылдаушы жақта десте барлық деңгейлерді кері бағытта өтеді. Әрбір деңгейде осы деңгейдің хаттамасы дестенің ақпаратын оқиды, содан соң жіберуші жақтың осы деңгейде дестеге қосқан ақпаратын жояды да, келесі деңгейге береді. Десте қолданбалы деңгейге жеткенде, барлық басқаратын ақпарат дестеден жойылады да, деректер өзінің бастапқы күйіне келеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет