ДӘРІС 9. ХАТТАМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СТЕКТЕРІ
Желі аралық әсерлесуді ұйымдастыруға жеткілікті түрлі деңгейлердің хаттамаларының жиынтығы хаттамалар стегі деп аталады. Әрбір деңгей үшін интерфейс деп аталатын жоғарыдағы деңгеймен әсерлесу үшін сұранымдар – қызметтердің жиынтығы анықталады. Екі машинаның әсерлесу ережелері хаттамалар деп аталатын әрбір деңгей үшін процедуралар жиынтығы түрінде сипатталады.
Желілерде кеңінен қолданылатын көптеген хаттамалар стектері белгілі. Бұған халықаралық және ұлттық стандарттар, бір фирманың құрылғыларының таралуына сай кеңінен белгілі фирмалық стектер де жатады. Әйгілі стектердің мысалдары: Novell IPX/SPX стегі, Internet желілерінде және UNIX операциялық жүйе негізіндегі көптеген желілерде қолданылатын TCP/IР стегі, стандарттау бойынша халықаралық ұйымының OSI стегі, Digital Equipment корпорациясының DECnet стегі және тағы басқаларын айтуға болады.
Хаттамалар стектері үш деңгейге бөлінеді:
-желілік;
-транспорттық;
-қолданбалы.
Достарыңызбен бөлісу: |