2. сурет – OSI моделі OSI моделі әсерлесудің жүйелік құралдарын ғана, соңғы пайдаланушылардың қосымшаларына тимей сипаттайды. Жүйелік құралдарға қарап қосымшалар өздерінің хаттамаларын жүзеге асырады. Егер қосымшалар OSI моделінің жоғарғы деңгейлерінің функцияларын өзіне алса, онда деректермен алмасу үшін ол OSI моделінің қалған төменгі деңгейлердің функцияларын орындайтын жүйелік құралдарға тікелей хабарласады.
OSI моделіндегі деңгейлердің өзара әсерлесуі
OSI моделін 2.1-суретте көрсетілгендей екі түрлі модельдерге бөлуге болады:
түрлі машиналарда бағдарламалар мен үрдістердің әсерлесу механизмін қамтамасыз ететін хаттамалар базасындағы көлденең модель;
бір машинадағы көрші деңгейлер бір біріне көрсететін қызметтері негізінде тік модель.