СУДЫҢ КЕРМЕКТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖОЮ ӘДІСТЕРІ.
Құрамында гидрокарбонаттар, хлоридтер, сульфаттар түрінде қальций мен магнийдің тұздары бар табиғи суларды кермек сулар дейді. Судың кермектілігін 1 л судағы Са2+ және Mg2+ иондарының миллиэквиваленттерінің санымен анықталады.
Кермектілік уақытша немесе карбонатты және тұрақты немесе карбонатсыз кермектілік болып екі топқа бөлінеді. Уақытша кермектілік судың құрамындағы кальций мен магнийдің гидрокарбонаттарының болуына байланысты да, тұрақты кермектілік судың құрамында кальций мен магнийдің сульфаттары, хлоридтері, нитраттары болуына байланысты болады.
Уақытша кермек суды қайнату немесе сөндірілген ізбес қосу арқылы жояды.
Ca(HCO3)2→CaCO3+CO2+H2O
Ca(HCO3)2+Ca(OH)2→2 CaCO3+2H2O
Тұрақты кермек суды сода немесе натрий фосфатын қосу арқылы жояды.
CaSO4+Na2CO3→CaCO3+Na2SO4
3CaCl2+2Na3PO4→Ca3(PO4)2+6NaCl
Тұрақты кермектілікті жою кезінде уақытша кермектілік те бірге жойылады.
Соңғы кездерде кермек суларды тазарту үшін ион алмасу әдісі жиі қолданылады. Ион алмастырғыштарға табиғи силикат пермутит және жасанды ион алмастырғыш смола – иониттер жатады. Катиондарды сіңіретін иониттерді катиониттер, ал аниондарды сіңіретіндерін – аниониттер дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |