Дәріс Инклюзивті білім берудің даму тарихы


– дәріс. Психикалық дамуы тежелген балаларды оқытуды ұйымдастыру



бет4/20
Дата02.03.2023
өлшемі171,33 Kb.
#71246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
дәрістер

9 – дәріс. Психикалық дамуы тежелген балаларды оқытуды ұйымдастыру
Балалардың психикалық дамуының тежелу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден –бір көкейтесті проблемаларының бірі болып табылады. Олар кем ақылдылар қатарына жатпайтын, сонымен бірге білім қорының көлеміне қарай олар қорытуға жеткілікті икемділіктері барын кең «дамудың жақын аймағынын» көре білді,белгілі категориялы балаларды іріктеп алды. Бұл балалар ерекше топқа кіреді- психикалық дамуының тежелуі бар балалар. Берілген бұзулылар олигофрения мен интеллектінің қалыпты дамудың арасындағы аралық орын алады.

Психикалық дамудың тежелуі уақытша болуы мүмкін. Интеллектуалды жетіспеушіліктің туа біткен жеңіл түрлері де болады, осыңдай түрдегі балалар мен ересек адамдардың конституционалды ақымақтар деп атайды.Маңызды вариабелдікке қарамастан, ПДТ- сы бар балалар осы күйді олигофрениядан, педагогикалық салақтықтан шектеп қалуға мүмкіндік беретін көршілес белгілермен сипатталады. ПДТ- сы бар балаларда жеке анализаторлардың бұзылуы, сонымен қатар кемақылдылығы болмайды, соған қарамастан полиморфты-клиникалық симптоматика- тәртібінің жетілмеген қиын түрін, тура бағытталған қызметінің тез жүдеу түрінде іскерлігінің бұзылуының болуынын жалпы мектепте тұрақты үлгере алмайды.ПДТ-сы бар балалар білім алу іскерлігінің қиын дамуымен қатар энцефалопатикалық ауру белгілері ОНЖ- нің органикалық құңсыздығының айғақтайтың өте белсенділік, импульсивтік, Сонымен қатар мазасыздану, агрессивтік мінез – құлық байқалуы мүмкін. Олардың ойлау қызметін бағалау үшін психикалық әдістерқолданылады, дербес интелектуалды каэффициент IQ 100- ге тең, IQ шама, орта статистикалық мөлшерге тен. ПДТ кезінде интелектуалды каэффицент 70-80 ал, дербес кезінде 50-70- ке тең.


ПДТ- сы бар балалар барлық негізгі көрсеткіштер бойынша мектепте оқуға дайын болмай шығады (белгілі дәрежедегі қалыптасуы: қоршаған өмір жайлы білімі мен түсінігі, ойлау әрекеті; әрекеті мен әдеті; сөзінің дамуы, сәйкес ықылас пен себептің білім алу белсенділігін білдіруі; мінезді жөндеу) Баланың дайынсыздығына байланысты қиындықтар, олардың орталық нерв жүйесінің қызметі жағдайының әлсізденіп қиындауынан жеңіл еліктеушілікке, тез жалығушылыққа, төменгі іскерлікке әкеледі.


2. Интелектуалды, сезімдік (эмоционалдық) – жігерлі сфераның және баланың жеке басының даму қарқыңының бұзылуы тұтас алғанда қоршаған ортаның түрліше жағымсыз факторларының әсер етуіне байланысты, әсіресе өмірдің ерте кезеңінен ПДТ- ның негізінде көбіне өз бетінше әрекеттенудің қиын түрінің дамымағаны жатыр.


Ауыр жұқпалы аурулар, бас сүйек миының зақымдануы, уланулар, тұқым қуалаушылыққа бейім болулар да, ПДТ- ң себептері болып табылады. Жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың елу пайызы психикалық дамуы тежелген /ПДТ/ балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр. К. С. Лебединская, В. И. Лубовской, т. б дефектологтар зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі, яғни интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігін ерекше атапкөрсетілген.


Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi - сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады өз өзiн төмен бағалауы; қоршаған ортаға сенбеушiлiкпен қарауы; өз күшiне деген сенiмсiздiгi.

ПДТ психогенді жағдайларының кері әсеріненде пайда болуы мүмкін, бала ата-анасынан айрылғанда, толық эмоционалды қарым қатынастың жеткіліксіздігі (мысалға, емшектегі балалар үйінде, жетімдер үйінде өскендер, ешкім айтарлықтай көңіл бөлмейтіндер), сонымен бірге сезгіш органдарының кемшілігімен (соқырлық, саңыраулық, мылқаулық)- мұндай жағдайларда бакла толық интеллектуалды дамуы үшін жан-жақты хабарлар ала –алмайды. Баланың психикалық қызметінің дамуы жас ерекшелігіне байланысты кезеңдерде болады. Егер ол осы уақытта қажетті хабарларды, мәліметтерді алмаса, оның дамуы бәсендейді.


Баланың әдеттегідей дамуына үлкен маңыздылық пен тәрбие жағдайы керек. Мәдениеттілігі төмен от басында ата-аналар тәртібі дамуымен айналыспай өскен балалар өздерінің құрдастарынан интелектуалды қарым – қатынасы жағынан жиі қалып отырады. Педагогикалық салақтық та өзінің белгілі рөлін атқарады. ПДТ пайда болу себептерін зерттеу кезінде ОНЖ-нің органикалық зақымдануын бастан кешкеннен кейін, себепші болған қалдық құбылыстың ең ауыр түрі белгілі болған, ал функционалды- динамикалық бұзылу кезінде ең жеңіл түрі функционалды- динамикалық бұзылу кезінде ең жеңіл түрі байқалады. Сол және бір ғана этиологиялық фактор зақымдалу уақытынан байланысты генотиптік фонның есебімен бір ғана жағдайда тек жетілу қарқынының бұзылуына әкелуі мүмкін, басқаша жағдайда ПДТ-ң қиындалған түрін береді немесе олигофренияға әкеледі.


3.Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық дамуында тежелуі (ПДТ) бар балалардың көбеюіне әкеліпотыр.


Олардың осы жағдайға шалдығуы сабақ үлгерімінің төмендеуіне, тәртіп бұзуға себеп болады. Қай мектепте де ондай балалар аз емес. Жалпы дамуында тежелуі бар балаларға тән нәрселер: тез шаршау, қоршаған орта жайлы түсінігінің аз болуы, сөз қорының таяздығы, ойын және іс- әрекетінің қалыптасу қиындығы, қабылдауы баяу және ойлау қызметінің төмендігін, сөздік- логикалық операцияларының қалыптасу қиындығы тән болады. Балалар арасында ПДТ-ның әр түрі кездеседі. В.В.Лебединскийдің сараптауы бойынша ПДТ 4 түрге бөлінеді:
1. Психикалық даму тежелуінің конституционалды түрі.
2. Психикалық даму тежелуінің соматогенді түрі.
3. Психикалық даму тежелуінің психогенді түрі.
4. Психикалық даму тежелуінің церебральды - органикалық түрі.
Психикалық дамуының тежелуінің конституционалды түріндегі балаларға келесі сипаттамалар тән: баланың дамуында эмоционалдық бейнесінің төменгі даму кезеңінде қалып қоюы, көңіл- күйі мен ойынға қызығушылығы жоғары болуы, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасының төмен болуы байқалады. Көбінесе бұл түр төменгі сыныптарда кездеседі, оқу үлгерімінде қиындық көреді.
Психикалық даму тежелуінің соматогенді түрі -бұл түрлі ұзақ уақытта әр түрлі себептегі соматикалық науқастар салдарынан, түрлі созылмалы аурулар, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулары, балалар неврозы негізінде пайда болады. Көп жағдайда мұндай балалар әлсіз, әлжуаз, қорқақ және түлғалық қарым- қатынаста шектеулі болып келеді. Науқасынан сауыққан балалар өз қатарын қуып жетеді.
Психикалық даму тежелуінің психогенді түрі- тәрбиелік жағдайдың қолайсыздығына байланысты. Баланың ұзақ уақыт қолайсыз ортада тәрбиеленуі, олардың жүйке психикалық жүйесін тұрақты өзгеріске әкеліп соқтырады. Жанұядағы қатаңдықпен, зорлық-зомбылықпен, отбасының ішімдікке салынуының салдарынан баланың жалпы түсінігі төмен болады. Қоршаған орта туралы бейхабар болады. Аталған үш түрдегі ПДТ балаларды жалпы мектепте жеке бағдарламамен түзеу сыныптарында оқытып, қатарға қосуға болады.
Психикалық даму тежелуінің церебральды - органикалық түрі - шығу тегі жүйке жүйесінің органикалық жетіспеушілігіне байланысты. Көптеген жағдайда баладағы орталық жүйке жүйесінің органикалық өзгерістері анасының жүктілік кезіндегі денсаулығына байланысты (жұқпалы аурулар және бүйрек,жүрек аурулары басқа да созылмалы аурулары...).Жүктілік кезіндегі көңіл-күйі,уайым-қайғыға салынуы да нәрестенің іште дамуына әсер етеді. Мұндай балалардың барлығында зейін мен есте сақтау процестері дамымаған. Бұл балаларға невропатолог дәрігерінің көмегі қажет. Олар арнайы мектептерде оқытылуы тиіс. Мектеп жоқ жағдайларда жалпы мектептердегі түзеу-дамыту сыныптарында оқытылады. ПДТ балаларды ерте анықтап, дер кезінде медициналық,
психологиялық-педагогикалық көмек берілсе, бала өз қатарын қуып жетеді. Ал кеш анықталып, аталған көмектер дер кезінде берілмеген жағдайларда, олардың көпшілігінің мүмкіншілігі шектеліп, артта қалған оқушылар қатарын көбейтеді.
Негізінен мектептерде ПДТ балаларды анықтау және түзеу жұмыстары мектеп психологының міндеті. Түзеу жұмыстарын жүргізу үшін психолог ПДТ-дің түрлерін ескеруі тиіс және оның қаншалықты ауыр түрі екендігін, баланың жеке даралық типологиялық ерекшелігін сақтау керек.
Психикалық дамуының тежелуі бар оқушыларды оқытатын мұғалімдер төменгі қағидаларды ескеру керек:
1.Тапсырманың баланың даму денгейіне сай болуы;
2.Баланы жеке тұлға ретінде қарап, оның жетістіктерін көріп, мадақтап отыру;
3.Сынып жетекшісімен ата- ана тығыз байланыста болу;
4.Түзеу мекемелерінен көмек алуына ықпал жасау( КППК, Оңалту орталығы);
Ал ПДТ балалардың ата-аналары келесі кеңестерді ескруі тиіс:
1.Дамуында тежелуі бар балалардың ақыл-ойы дұрыс,тежелу уақытша болатын жағдай.
2.Бала жеке тұлға, қоғамның бір мүшесі, ол өз деңгейінде білім алуға құқылы.
3. Дамуында тежелуі бар балаға үнемі көңіл бөлу.
4. Баланың дамуында, денсаулығында, көңіл күйінде, қарым-қатынасында өзгеріс байқасаңыз дер кезінде мамандардан (дәрігер, психолог, педагог)кеңес алу.
5.Тежелуі бар балаға ұдайы көмек көрсету және балаға мүмкіндігінен тыс күш түсірмеу.
6.Баланың жетістіктерін дер кезінде бағалап, мадақтау.
Қоғамымызда балалардың білімді де білікті болуы үшін, олардың ерекшеліктерін ерте анықтауға ата-ана, мұғалім, психолог маман, дәрігерлер барлығы бірдей ат салысуы тиіс. Сонда ғана ПДТ балалалар дер кезінде түзеліп, қатарға қосылады.

4. ПДТ–і бар балалармен оқу-түзету жұмыстары кең және әртүрлі болып табылады.Оқыту – түзету және түзету – тәрбиелеу жұмыстарының принцптері:


- жалпы білім беру циклы сабақтарында, сондай- ақ арнайы оқыту кезінде де әр баламен жеке жұмыс жүргізу;


- түрліше әдіс, тәсілдермен қажудың алдын алу, яғни профилактикасы, мысалы, ақыл –ой мен тәжірибелік іскерлікті алмастыру, қызықты және әсемделген дидактикалық заттарды қолдану, көрнекіліктің түрліше тәсілдерін т.б;


- баланың білім алу іскерлігін барынша белсендететін, олардың сөзін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыңы қалыптастыру әдістерін қолдану;


-дайындық (оқу бағдарламаның сол немесе басқа бөлігін меңгеруге) жұмыстарын жүргізу және қоршаған өмір жайлы білімдерін кеңейтуді қамтамасыз ету;


- оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігі түрі кезінде үздіксіз түзетуіне көңіл аудару;


- баламен жұмыс кезінде ерекше педагогикалық ырғақ көрсету;


Арнайы мектептерде оқуға және жазуға үйрету арнайы түзету жұмысымен өткізіледі, былайша айтқанда сауаттылыққа үйрету дайындығы әр кезеңмен орындалады. Бірінші кезеңде тәсілмен шығарады, бірақ та бұл сауаттылықты жақсы меңгеріп кету үшін керекті талдау мен жинақтау дыбыстарының дағдысын қамтамасыз етпейді; екінші кезеңде- сөздегі дыбыстың оның орнын белгілей білуді өндіреді, дыбыстардың бір ізділігі және сөздегі орналасу тәртібін анықтау.


Психикалық дамуы тежелген балалардың тiл байлығы әдеттегi балаларға қарағанда 20 - 30% төмен деңгейде. Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседi. Қазіргі таңда елімізде арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы мектептер мен жалпы мектептердің ішінен арнайы сыныптар ашылуда.


Түзете - дамыта оқыту сыныптарына әр түрлі биологиялық, әлеуметтік себептердің салдарынан (орталық жүйке жүйесінің қызметінің жетілмеуі, соматикалық әлсіздік,, педагогикалық қараусыз) оқуда, мектепке бейімделуде қиындық келтіретін балалар оқиды.
Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзете - дамыту жұмыстарының принциптері:

Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.


Шаршап кетпеуін қадағалау.
Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру
Сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;
Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару.
Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру.
Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту - тәрбиелеу үдерісіндегі міндеттер:
1. дамуы тежелген балалардың білім, білік, дағды қабілеттерін шешу және дамыту жолдары: дайындығын қамтамасыз ететін психофизиологиялық мүмкіндікті қажетті деңгейге дейін дамыту;
2. Балалардың ой - өрісін дамыту;
3. Оқу қажеттілігін қалыптастыру;
4. Баланың әлеуметтік - адамгершілік мінез - құлқын қалыптастыру;
5. Баланы жан - жақты бақылау;
6. Даму мүмкіндігіне байланысты интеллектуалдық біліктілік қалыптастыру
7. Баланың жалпы даму деңгейін көтеру және дамыту;
8. Жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру;

Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту - түзету процесiнде әдiстемелiк нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастырып, төмендегі жұмыс түрлеріне көңіл бөлу керек:


- Жалпы білім беру циклі сабақтарында, сондай - ақ арнайы оқыту кезінде әр баламен жеке жұмыс жүргізу;
♦ Түрліше әдіс, тәсілдермен қажудың алдын алу, яғни, ақыл - ой мен тәжірибелік жұмыстарды алмастырып отыру;
♦ Қызықты және әсемделген дидактикалық заттарды дайындау, көрнекіліктің түрліше әдіс тәсілдерін қолдану;
♦ Баланың білім алу іскерлігін барынша белсенді етіп, олардың сөйлеуін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыны қалыптастыру әдістерін қолдану;
♦ Дайындық (оқу бағдарламаның нақты бір бөлігін меңгеруге) жұмыстарын жүргізу және қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейтуді қамтамасыз ету;
♦ Оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігінің түрін дер кезінде, қажетті жағдайға сәйкес үздіксіз түзетілуіне көңіл аудару.

Бiлiм беру мекемесiнде оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшiн бақылаудан тыс қалмауы қажет. Сонымен бірге әр баланың физиологиялық, психологиялық жас ерекшелiктерiн ескере отырып, сынып жетекшісі, психолог, логопед, дефектолог және ата - ана тығыз байланыста болып, түзету жұмыстары тиімді жүргізілген жағдайда жұмысымыз нәтижелі болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, балаларды мүмкіндіктеріне қарай дамыту, оларға сеніммен қарап, жеке тұлға ретінде өмірге бейімдеу, оқытудың тиімді тәсілдерін іздестіру, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылады.


10.2 Психикалық дамуы тежелген балаларды оқытудың ерекшеліктері


Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі оларды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету, әлеуметтік өмір шеңберде тең құқылы тіршілік ете алуларына жағдай жасау.2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының “Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету туралы” Заңына сәйкес даму және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалар білім алуға және шығармашылық, дүниетанымдық мәдениеттерін дамытуға тең құқылы.
Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз - оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Мұндай балалар білімі мен дағдыларына, тұлғалық жетімділігіне мінез-құлқына байланысты мектепте оқуды бастауға дайын емес. Олар оқуда көп қиыншылықтар көреді:мектепте орнатылған тәртіп нормаларын сақтау оларға аса қиын. Оқудағы қиыншылықтар олардың жүйке жүйесінің әлсіреуінен тереңдей түседі –жүйкесі тозып, соның салдарынан олар тез шаршайды, жұмысқа қабілеті төмендейді, бастаған жұмысын аяқтамайды.Бұл балалардың оқу үлгерімі ерекшеліктеріне келетін болсақ, бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ анық белгілері 2-3 сыныпта белгілі болады. Оқу процесінде олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктер: сабақ процесіне жай қосылады; оқу материалын жай немесе тіптен қабылдамайды; берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды; оқу мен жазуы жай; оқыған мәтінін түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды; есептер шығарған кезде үлкен қателер жібереді; тез шаршағыш; сыныптастарымен аз араласады; өз ойын анық айта етіп алмайды.
Психикалық дамуының негізгі бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейі, яғни, зейіні, есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген балалардың оқу үлгерімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 7-8 жастан анық байқалады. Оның негізгі белгілері:сабаққа белсенділігі болмайды, берілген тапсырмаларды үлкендердің көмегінсіз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жібереді, тез шаршағыш, зейіні тұрақсыз болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың тіл байлығы әдеттегі балаларға қарағанда 20-30% төмен деңгейде болады.
Психикалық дамуы тежелген балаларда арнайы оқытусыз сөздік белсенділік пайда болмайды, айналасындағы адамдар сөзге дейінгі қатынас түрлері де қалыптаспайды, заттық іс-әрекет дамымайды. Психикалық дамуы тежелген оқушылар тез шаршайды, кейде бастаған іс-әрекетін орындаудан бас тартады және эмоционалды ерікті ісінде баяу жетіледі, сондай-ақ интелектуалды жеткіліксіздікпен дамиды. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының түрлері өте көп. Психикалық дамуы тежелген балалардың ұсақ қол қимылдарын дамыту, тіл байлығын молайту, сонымен бірге баланың логикалық ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту мақсатында көптеген ойын түрлерін сабақтарда пайдалануға болады.
Психологиялық түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:
· баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
· шаршап кетпеуін қадағалау;
· оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту;
· сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;
· ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;
· арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;
· жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
Мамандардың оқыту түзету процесінде әдістемелік нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастыруына байланысты психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейіне жеткізуге болады. Білім беру мекемесінде оқитын Психикалық дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшін бақылаудан тыс қалмауы қажет. Психикалық дамуы тежелген баламен жүргізілетін жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастыру керек. Дидактикалық материалды жеткілікті түрде қолдану, қазақ тіліндегі оқулықтардың жеткілікті болуы, көрнекі құралдардың эстетикалық және педагогикалық талаптарғасәйкес келуі, ойын құралдарының әртүрлігі, іс-әрекеттен тыс техникалық құралдардың жеткілікті қолданылуы -бұл баланың сөз сөйлеуін жақсы меңгеруінің бір шарты болып табылады.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде білім берудегі негізгі мәселе болып тұр, осындай балалардың үлгермеушілігі мен баланың мектеп ортасына бейімделу қиындығы басты мәселе болып отыр. Аталмыш мәселені шешуде жалпы білім беретін мектеп оқушыларына диффенциалды (жіктеп) оқытуды ұйымдастыруды айтуға болады. Ол балаға жеке ықпал етуді және оған білім беру формасы мен әдістерін таңдауда оның жеке бас ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін есепке алуының күшейтуін қарастырады.
Л.В. Занков, А.Р. Лурия, М.С. Певзнер, Г.Е. Сухарева және басқа да ғалымдар, ұсақ саусақ моторикасының бұзылуы, дамуында тежелуі бар балаларға тән белгілердің бірі деген болатын. Аталған ғалымдар, дамуында тежелуі бар балалардың саусақ қозғалысы ебедейсіз, бағдарлауы нашар, дәлдік пен жылдамдығының бұзылғандығын атап өткен.
Өзім еңбек жолымды бастаған Бесікті орта мектеп-интернатында «Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№1 Атырау қаласының психологиялық медициналық педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі шешімімен қабылданған ПДТ 4-сынып және ПДТ 9-сынып оқушыларымен жеке және топтық жұмысымды жүргізген кезде ПДТ 4-сыныпта 2-сыныптан 1 оқушы, 3-сыныптан 2 оқушы, 4-сыныптан 3 оқушы, ал ПДТ 9-сыныпта 8-сыныптан 1 оқушы және 9-сыныптан 5 оқушы біріктіріліп оқытылды. Оқушылармен жұмыс барысында артикуляциялық жаттығулар,саусақ ойын-жаттығулары, деңгейлік тапсырмалар беріліп ойлау, есте сақтау, қабылдау, зейін және сөйлеу тіл кемістіктеріне түзете дамыту жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде бастауыш сыныптың2 оқушысы жоғарғы жай сыныпқа, ал 1 оқушы инклюзивті білім алу арқылы жай сыныпқа қосылды.
Сөйлеу тіл кемістіктері бұзылған баланың белсенді қозғалуында жетіспеушілітер, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикаларында ауытқушылықтар байқалады. Адамның бас миындағы тілдің моторлы орталықтары саусақтың моторлы орталықтарына жақын орналасқан. Сондықтан, алдымен оқушылардың ұсақ қол моторикасын дамыту барысына арналған саусақ жаттығуларын жиі жүргізіп тұрудың нәтижесінде оқушылардың саусақтарын жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне, сондай-ақ қолдың жазуға икемділігін артқанын байқадым. Саусақ жаттығулары қарапайымнан күрделіге қарай жүргізіледі. Баланың жеке қасиеттерін ескере отырып, саусақ гимнастикасын сабақ барысында 3-5минуттан жеке және топтық түрде өткізген кезде жалпы және ұсақ моторикасын дамыту үшін әр түрлі дидактикалық ойындар мен жаттығулар беріліп отырды. Тіл кемістігі бар баланың ұсақ қол моторикасын дамытуда қолдың ұсақ және буындарына массаж қолданудың маңызы бар. Жұмыс барысында Су-Джок массажері мен саусақ буындарына арналған сақиналарды жиі пайдаландым. Сондай-ақ, ұсақ қол моторикасын дамытуда моншақты жіпке тізу, бау байлау, мозайкаларды құрастыру жұмыстары да қоса жүргізілді.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған
ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.
Сухомлинский айтқандай: «Қабілет бастауы мен балалар дарыны – саусақ ұштарында. Содан шығармашылық ойдың бастаулары пайда болады. Бала қолының қозғалысында еңбек құралына деген сенімділік пен тапқырлық орын алса, қиындық туындайды, ол үшін бала ойының шығармашылық анықтық қабілетінің өзара әрекеттестігі қажет. Балада қаншалықты шығармашылық қабілет болса, бала соншалықты ақылды келеді». Көптеген жаңашыл зерттеушілер ұсақ моториканы дамытуға байланысты саусақ моторикасын дамытуға саусақ ойындарын, саусақ ойындарын сипаттауды, сергіту сәттерін, ойын –ертегілер пайдалануды ұсынады Т. А. Ткаченко сергіту сәтіне жаттығу енгізу бас миының сөйлеу зонасының қимылын белсендіреді, ол баланың сөйлеу тілін түзетуге мүмкіндік береді деп тұжырым жасаған. В. В. Цвынтарный ұсақ қол моторикасын дамытуға есептеу таяқшалар мен сіріңкемен жұмыстар жасатудың әсері мол деген көзқарас білдіреді.
Ұсақ саусақ моторикасын дамытатын ойындар мен жаттығулар өте көп. Олар шартты түрде топтарға бөлінеді. Қол, қолдың білезік және саусақтарының қозғалысының дамуына оң әсер ететін заттық ойындар, яғни ойыншықтармен, кез-келген заттармен өткізіледі.
«Мозайкалар», «конструкторлар» − аталған материалдар саусақтардың белсенді қозғалысына әсер етеді. Мозайкада ұсақ бөліктерден толық сурет құрап шығару мақсаты тұрады. Ойын барысында бала бөлшектермен қозғалыс жасайды, байқағыштық, төзімділік, табандылық пайда болады.


10 – дәріс. Жалпы білім беру жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар (Естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған оқушылар)
10.1 Естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған оқушыларды оқытуды ұйымдастыру
10.2 Естімейтін (саңырау) балалардың ерекшелігі
Саңыраулықта есту аппараты бөлігінің дыбысты қабылдау қызметі бұзылады, негізгі сөйлеу жиілігі 80-85 дБ-ден төмен емес орташа қабылдау шегінде аудиометрдің үнді қабылдауы көбінесе 125 – 4000 Гц арасында өзгеріп отырады.
Бұл есту күйі арнайы апаратсыз баланың сөзді қабылдауына мүмкіндік бермейді. Естімеуі немесе нашар естуі баланы ең маңызды ақпарат көзінен айырады, әсiресе егер ол ерте жаста естуден айырылса сөйлеу және психикалық дамуының тежелуіне әкеледі.
Психофизикалық дамуында артта қалушылықты көрсету дәрежесi әр түрлi себептерге, есту қабілетінің нашарлау уақыты мен ауырлығына байланысты болады.
Есту қабілеті ерте бұзылса және ауыр болса баланың психологиясы және сөйлеу тілі тежелуі айқын. Сөйлеу тілінің дамымауы есту қабілеті нашар балалардың психологиялық процестерінің дамуына теріс әсер етеді, олардың танымдық қызметінің өзгеруіне алып келеді.
Қазiргi уақытта сурдопедагогикада жалпы бiлiм беру деңгейінде естімейтіндердің еститiндермен тең дәрежеде оқуына мүмкiндiк беретін, есту қабілетінің бұзылу салдарын жеңілдететін арнайы тәсілдер әзірленген.
Тілдің лексикалық қорын, оның грамматикалық заңдылықтарын меңгеру, қарым-қатынас құралы ретінде тілді меңгеру естімейтін әлемдегі өмірдің әлеуметтік проблемаларын кеңінен шешуге мүмкіндік береді.
Белгілі болғандай, оқу-танымдық қызмет есту қабілеті тұрақты бұзылған балаларға даму мүмкіндіктерін береді.
Ол естімейтіндердің танымдық қызығушылығын және зияткерлік қабілеттерін дамытады, оқуға әлеуметтік себептерін қалыптастырады.
Меңгерген ғылыми білімі, жалпы оқу және арнайы біліктілігі балалардың ой-өрісін кеңейтеді, жан-жақты дамуы үшiн жағдай жасайды.
Қалыптасқан ауызекі сөйлеу және психикалық процестерді дамыту, толығымен естімейтіндердің білім деңгейін жетілдіруге ықпал етеді, негізгі орта білім беруді қамтамасыз етеді.
Барлық жоғарыда аталған естімейтін балаларды дамыту ерекшеліктері, және оларды еститіндермен тең білім алу құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігі арнайы әзірлемелердің маңыздылығын анықтайды.
Оқытудың әрбір кезеңіндегі нақты психологиялық-педагогикалық міндеттерді нақты шешуге мүмкіндік беретін жағдайлар естімейтіндерді бейімдеуге және әлеуметтік оңалтуға мүмкiндiк туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет