Дәріс Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері. Темперамент адамның психикалық қасиеті ретінде. Адамның қалыптасуына әсер ететін мінез-құлық пен факторлар. Адам қабілеттерін дамыту және олардың негізгі түрлері



бет5/12
Дата05.10.2022
өлшемі39,12 Kb.
#41407
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
7 дәріс

Флегматик (грек. phlegma – сөл) – психикалық төмен белсенділікпен, баяулықпен, мимиканың жадаулығымен сипатталады. Флегматиктің бір істен екінші іске алмасуы және жаңа ортаға бейімделуі өте күрделі. Флегматиктің көңіл-күйі қалыпты. Сезімдері мен көңіл-күйі тұрақтылықпен ерекшеленеді. Тәрбиедегі жағымсыз әсерлер флегматиктің эмоциясының жұтаңдығына, бір тектес әдетті әрекеттерді орындауға бейімділігін тудырады.
Меланхолик (грек. melanos – қара, cole - өт) – психикалық белсенділіктің төмен деңгейімен, қозғалыстың баяулығымен, моторика мен сөйлеудегі ұстамдылықпен, тез шаршағыштықпен сипатталады. Меланхолик типіндегі адамдар жоғары эмоционалды сензитивтілікпен ерекшеленеді. Сыртқы әлсіз әсерге терең күйзелістік теріс эмоциялар көрсетеді. Тәрбиедегі теріс әсерлер меланхолик типіндегі адамдарда жоғары эмоционалды жараланғыштықтың, тұйықтықтың, бөлектенудің қалыптасуына әкеледі.

2. Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасы.



Темперамент типі

Қарым-қатынас кезіндегі темперамент

Темперамент және белсенділік

Сангвиник

Әлеуметтік байланысты тез орнатады, әрқашан қарым-қатынастың бастамашысы болып табылады. Бейтаныс адамдар арасында ол өзін еркін сезінеді, жаңа ерекше орта оны тек қоздырады, бірақ оның адамдармен қарым-қатынасы өзгермелі және тұрақсыз болуы мүмкін. Қарым-қатынас кезінде ол стратегтен гөрі тактик. Өз іс-әрекетінің салдарын қалай болжау керектігін білмейді. Сангвиниктегі махаббат бір көргеннен, жарылғыш және белсенді түрде көрінеді. Сәтсіздіктер болған жағдайда, ол үмітін үзбейді, керісінше, өз энергиясын пайдалану үшін жаңа өріс іздейді.

Сангвиник оңай және тез бейімделеді, икемді, оптимист, ұстамдылық танытады, дәлдік пен объективтілікті жақсы көреді, өмір сүргіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады. Сондықтан сангвиниктерге үнемі жаңа, мүмкіндігінше қызықты, одан шоғырлану мен шиеленісті қажет ететін міндеттер қойылуы керек. Оны үнемі белсенді жұмысқа қосып, оның күш-жігерін жүйелі түрде ынталандыру қажет. Сангвиникті ұйымдастырушылық жұмысқа бағыттаған дұрыс, олардан жақсы басшылар шығарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет