Тақырып 1. Басқару ғылымының пәні мен әдісі (2 сағат)
Дәріс жоспары (1 сағат)
Басқару ғылымының пәні, әдісі
Дәріс жоспары (1 сағат)
2. Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері
3. Менеджменттің мәні мен қағидалары
Кілт сөздер: менеджмент, басқару, менеджер, ұйым
Мақсаты:Экономикадағы басқару ғылымының пәні мен әдістеріне шолу жасау, басқару ғылымының ерекшеліктерін анықтау
Басқару ғылымының пәні, әдісі
Басқару ғылымының пәні әр-түрлі тізбектерінде және басқарудың әр-түрлі деңгейлерінде материалдық құндылықтарды өндіру саласында басқарушылық қатынастар болып табылады (олардың мәні, жүйесі мен өзара байланысы).
Ғылымның мазмұны – өндірісті басқарудың заңдылықтарын зерттеу, басқарылатын және басқаратын жүйелердің бірлігі мен арақатынастылығы.
Басқарудың негіздерін зерттеу кезінде теориялық және әдістемелік келістер болып табылады: тарихи, кешенді, жүйелік, құрылымдық, жүйелік-құрылымдық.
Басқару ғылымы басқа ғылымдардың категорияларына сүйенеді – экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық.
Өндірісті басқарумен барлық қатынастар тығыз өзара әрекеттеседі, демек, өндірісті басқару әлеуметтік басқарумен қабысады, жалпы оның негізін құрайды. Сипатына байланысты өндірісті басқару қатынасы жеке аралық, жүйе аралық және аралас болып жіктеледі.
Ғылым ретіндегі басқаруда ғылыми танымның келесі әдістері пайдаланылады:
- зерттеу объектісін бақылау;
- объект туралы ақпаратты жинақтау, өңдеу және зерттеу;
- талдау мен синтез құралдары бойынша зерттеулер;
- индукция және дедукция;
- кешендік және жүйелік келіс;
- гипотезаларды құрастыру және оларды тексеру;
- эксперименттерді жүргізу;
- логикалық және математикалық формаларды үлгілеу.
«Менеджмент» курсының мақсаты мен міндеттері – болашақ менеджерде еңбекті ынталандыру жүйесі арқылы персоналдың алдыңғы қатарлы әрекетін басқаруға мүмкіндік беретін нақты білімдер мен тәжірибелік машықтарды дағдыландыру, ғылыми негізделген шешімдерді қабылдауға, басқа адамдардың әрекеттерін құрылымдауға, ұйымды басқаруға үйрету. Менеджменттің негізгі қалыптары мен тәжірибелік жабдықтарын әрбір маман білуі керек.
Басқару ғылымы экономикалық – ұйымдастырушылық ғылымға қатысты, өйткені ол өндірісті басқару және тұтас экономика процесінде адамдардың қарым – қатынасын, байланысын зерделейді.
Басқару ғылымының мазмұны біріккен еңбекті басқару қажеттілігінен пайда болатын ерекше міндетті іс (функция) ретінде басқарудың мәні арқылы анықталады. Өндіріс пен барлық экономиканы біліктілікпен басқаруды қажет ететін біріккен еңбек саласы, жеке адамдардың кооперативі ретінде қарастыруға болады. К. Маркс басқару ісіне қатысты былай жазған: «...жеке орындаудағы скрипкашы ешкімнің сүйемелдеуінсіз өзі – ақ ойнай алады, ал оркестрге дирижер керек». Басқару ғылымы әр түрлі халық шаруашылығы буындарына қатысты басқару процестерін зерттейді: оның алғашқы әрі ең шешушісіне микродеңгей жатады. Кәсіпорынды, жеке өндіріс түрін, былайша айтқанда, түпкі есебінде қоғамның бет – бейнесін жасайтын заттай – материалдық құндылықтарды өндіретін салаларды басқару обьективті қажеттілік болып табылады. Осыған қарай басқарудың осы деңгейі барлық басқару жүйесінің басты назарында ұстайтын обьектісі болуы керек.
Ұйымдарды басқару ісі барлық экономикалық байланыстар мен қатынастардың жиынтығын толық қамти алмайды. Өндірісті басқарудың ғылыми сипатында кәсіпорын халық шаруашылығының біртұтас жүйесін құрайтын қоғамдық, басқа да өндірістік және тұтынушы ұяшықтарымен бірге қарастырылады.
Басқарудың бір обьектісі – мезодеңгей. Мұнда басқару пәндеріне өндіріс ұйымының, технологияның әр түрлілігімен байланысты өзіндік ерекшелігі бар салалар, аймақтар жатады.
Қоғамдық рухани тұрғыдан дамытуды басқарудың өзіндік ерекшелігі бар объектілерге барлық әлеуметтік салалар, қызмет салалары кіреді. Мұнда басқару ісі негізінен адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметтермен айналысады.
Басқару ғылымының объектілері туралы жалпы сөз еткенде, өндірісті басқару кез келген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда еңбек процесстері жиынтығының ажырамас бөлігін құрайтынын түйіндеп айтуға болады.