Дәріс жоспары: Дәріс жоспары



Дата19.04.2023
өлшемі70,05 Kb.
#84399
Байланысты:
3 такырып УПРК (2)


3-тақырып. Адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Дәріс жоспары:

Дәріс жоспары:

1. Адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жалпы сипаттамасы.

2. Адамның және азаматтың жеке құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

3. Адам және азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтарына қарсы құқық бұзушылықтар.

4. Адам және азаматтың экономикалық-әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарына қарсы құқық бұзушылықтар.


1. Адамның және азаматтң конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардыц түсінігі және түрлері
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өз азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын барынша қорғау болып табылады. Қазақстан мемлекеті адам құқықтары жөніндегі халықаралық нормаларды толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толык кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және басқа да құқықтарының Қазақстан Республикасының Конституциясында толық, жан жақты көрініс табуы болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында ең қымбат қазына адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп белгіленген.
Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған карай анықталады делінген Конституцияның 1, 2-тармағында. Яғни «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құкыктарға ие болып, міндеттер аткарады» (Конституцияның 12-бабының 3-тармағы). Адамның және азаматтың өз құкыктары мен бостандыктарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нүқсан келтірмеуге тиіс (5-тармақ).
Азаматтардың саяси, әлеуметтік және басқа да құқықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық нормалары Қылмыстық кодекстің үшінші тарауында көрсетілген. Бұл қылмыстық құқық бұзушылыктардың заң нормалары азаматтардың конституциялық осы құқықтары мен бостандықтарын қорғауда аса маңызды рөл атқарады. Айтылып отырған қылмыстық құқық бұзушылықтың топтық объектісі болып азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары саналады.
Қылмыстық құкық бұзушылықтардың осы тобы қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісіне сәйкес және азаматтардың құқыктары мен бостандықтарының мәніне қарай, мынадай негізгі топтарға бөлінеді: Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық:
- азаматтардың тең құқықтылығын бұзу (145-бап);
- сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау (150-бап);
- сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу (151-бап);
- журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру (158-бап);
- ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу (159-бап);
- жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға катысуға кедергі жасау (155-бап);
- ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу (157-бап);
- жұмыскер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі келтіру (154-бап).
Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық:
- еңбек туралы заңдарды бұзу (152-бап);
- кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу (153-бап);
- еңбекті қорғау ережелерін бұзу (156-бап).
Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық:
- жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу (147-бап);
- хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу (148-бап);
- тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу (149-бап);
- азаптаулар (146-бап).
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет