Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы. Ортағасырлық Еуропа философиясы өзінің бар ақыл-ойын христиан дінінің қасаң қағидаларын негіздеуге салып, дін ілімінің қызметшісіне айналды.
Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Европа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, таралуына байланысты «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушы-лар» философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады.
1. б.з. II ғасырдан бастап, Апологетика деп аталатын діни философиялық ілім пайда болды.
2. III-VI ғ.ғ. Патристикалық ілімнің белең алған кезеңі.
3. Схолистикалық кезең
Апологетика (гр. Apologetikos – қорғаушы) – теологиялық сала. Апологетиканың мақсаты – ақыл-парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап,сақтау. Апологетиканың құрамына мыналар енеді: құдай болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың сыр беруінің белгілері туралы (оның ішінде ғажайыптар мен сәуегейліктер туралы) ілім, дінге және оның жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, сондай-ақ басқа діндерге талдау.

Апологетика- әлдебір нәрсене әділетсіздіктен қорғау, сол нәрсені мадақтау ұғымына сәйкес. Өкілдері – Юстин Мученик, Тециан, Тертуллиан Квинт Септилий Флоренц.