Қазіргі заманда адам-машина жүйесінің жеке түрлерін қарастыратын бірнеше пән топтары құрылған: әскери психология, авияциялық психология, темір-жол психологиясы, автоколіктік психология.
Автоколіктік психология деп ЖАЖЖ жобалау, құру, және пайда болу үрдістерінде қолдану мақсатында жүргізушінің және автомобиль техниксының арасындағы ақпараттық әрекеттесу заңдылықтарын оқитын пән. Оның негізгі шешетін тапсырмалары:
Автомобильдің және еңбек жағдайының жүргізушіге бейімделуі
Жүргізушінің автомобильге және оның пайдалану жағдайына оның психофизиологиялық мүмкіншіліктерін ескеріп бейімделуі.
ЖАЖЖ қызмет ету заңдылықтарын анықтау.
АВТ психология қорытынды мақсаты болып жүргізуші мен автомобиль техникасының мүмкіншіліктерін тиімді қолдану негізінде жоғары тиімді ЖАЖЖ құру.
Қазіргі заманда автомобильді адамнан жеке қарастыруға болмайды (жобалау, пайдалану, құру процеесстерінде). Жаңа тениканы адам мүмкіншіліктерін ескерусіз қалыпстастыруға болмайды. Егер жаңадан машинаны шығарғанда адам ммүмкіншіліктері ескерілмесе, ол еңбек өнімділігінің төмендеуіне, әртүрлі қателерге және апаттарға әкеледі.
АВП негізгі бағыттары психофизиологиялық, пайдаланушылық, инженерлі-педагогикалық және (құрастырушылық) конструкторлық.
Психофизиологиялық бағыт –жүргізуші кәсібінің психофизиологиялық сипатын зерттеу және анықтауға арналған. Бұл бағыт жүргізуші кәсібінің психофизилогиялық ерекшеліктерін және оның жұмыс өнімділігіне әсерін оқиды, жүргізушілерді психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты іріктеу шараларын құрастырады. Жүргізуші жағдайына және денсаулығына кері әсер ететін факторларды, кәсіби ауру және сапар алдындағы тексеруді ұйымдастыру әдістерін зерттейді.
Пайдаланушылық бағыт – жүргізушінің әртүрлі режім әрекетінің жағдайында жұмысқа қабілеттілігін оқиды, Олардың кәсібінің сенімділігінің және тиімділігінің жоғарылату әдістерін құрастырады және ұсыныстар береді.
Инженерлі-педагогикалық бағыт – жүргізуші дағдысының және умение қалыптасу ерекшелігін оқиды. Жүргізуші кәсібінде ғылыми негізделген оқыту әдістері мен жаттығуларын құрастырады.
Конструкторлық бағыт – жүргізушінің мүмкіншіліктерін оқиды және оларды жаңадан автомобильдерді құрастырғанда немесе оларды жетілдіргенде ескереді.
АВП зерттеу әдістері болып бақылау, сұхбат және эксперимент табылады.
Жүргізуші кәсібін Бақылау оның дайындығы, жұмысқа қабылеттілігі, өзін-өзі ұстауы, шешілдігі, эмоционалдық тұрақтылығы, абай болуы, жылдамдығы және басқару әрекеттерінің нақтыллығы туралы толық мәлімет береді.
Сұқбат – ЖКО себептерін және ЖЖЕ бұзу себептерін оқуда қолданылады.