79
10 - ДƏРІС
Жүсіпбек
Аймауытұлы (1889-1931).
1.
Жүсіпбек
Аймауытұлы.
2.
Шығармашылығы
.
1)
Жүсіпбек
Аймауытұлы
-
əдебиетіміз
бен
мəдениетіміздің тарихында Абайдың ізін баса көрінген,
өзіне тəн ою-өрнегі бар айтулы есім. Сан қырлы дарынның
шығармашылық əлемі, əдеби мұрасы қазақ руханиятында
қайталанбас қасиетімен құнды. Əдебиеттің бар жанрында
қалам тербеген суреткер өзіне пір тұтқан Абай сияқты
кіндік қаны тамған өлкесінің ең бір көрнекті мəселелерін
шығармаларына арқау етті. Өз отандастарының жүрек
жарды арман-мақсатын, еркіндік, теңдік жолындағы
талпынысының сүрлеу-соқпағын таразылау арқылы жеке
мен жекенің, жеке мен көптің ара қанынасындағы жай
көзге көріне бермейтін сан алуан жалғастықтарды ашты.
Замана құбылысын зерделеуде М.Дулатов, М.Жұмабаев,
С.Торайғыров, М.Əуезов жəне тағы басқа сынды
суреткерлермен серіктес, үзеңгілес қолтаңба аңдатқанымен
байқап-бақылағандарын тек өзінше өрнектеді, бояулары өз
қалауынша үндестірді. Соның нəтижесінде, тұтастай
алғанда, үстіміздегі ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ
қоғамының шежіресі деуге əбден татырлық бірегей
полотноларды дүниеге əкелді. «Сарыарқаның сəлемі»,
«Ұршық», «Көшу», «Ұран», «Əскер марсельезасы», «Нұр
күйі» сынды поэзиялық туындларынан ақындық таланты
танылады.
Бұл
ретте
Алаш
қайраткерлерінің
ұлт
тəуелсіздігі жолындағы ерен істерін жырлауға құралған
«Ұран»,
«Əскер
марсельезасы»
Жүсіпбектің
елдік
мұраттағы отаншылдық тұлғасын айқындайды. «Қазағым,
қақтықпа, қамалма. Ел болар қамыңды амалда. Кетті күн,
атты таң, шықты күін, Сал малды, сал жанды аянба.
...Жатқа жем бай едің, кең едің, Бағың жоқ биіктен кем
80
едің, Партия, сұрқия қым-қиғаш, «Бас аман» көп надан сен
едің. Зарыққан, тарыққан шағыңда, Тап болды бостандық
бағыңа Ұйымдас, ұрандас, жағалас, Сен де мін бабаңның
тағыңа», - деп азат елдің рухын көтергенде, кешегі текті
ата-бабалар өрлігін ұрпаққа үлгі-өнеге етеді. «Арғы атам –
ер түрік Біз қазақ еліміз Самал тау, шалқар көл, Сарыарқа
жеріміз. Сай сайлап, мал айдап, Сайрандап ен жайлап,
Ерке өскен Арқаның Еркесі серіміз...Ер түрік ежелден Оқ
тескен етіміх Қаймығып еш жаудан Қайтпаған бетіміз». Ал
«Нұр күйі» поэмасы өнерпаз баланың бойындағы ерекше
қасиетті жырлауымен жəне де жастарды өмірді сүюге,
қиыншылыққа
мойымай
онымен
күресе
білуге
тəрбиелеудегі өршілдік қуатымен маңызды. Суреткер
поэманы жазуда өзінің стиліне тəн ақ өлең табиғатын
асқан шеберлікпен қолданады.
2)Ж.Аймауытұлы
қазақ
драматургиясын
жаңа
көркемдік биікке көтеруде ерен еңбек еткен хас шебер.
Жазушының
«Рабиға»,
«Мансапқорлар»,
«Қанапия-
Шарбану», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Шернияз»
пьессалары негізінен өз дəуірінің ең маңызды əлеуметтік
мəселелерін көтеруге, оларды сахна арқылы бейнелеп
көрсетуге арналады. Ол феодалдық-патриархалдық салтты,
мешеулікті
шенейді,
елді
оқуға,
өнер-білімге,
қараңғылықтан
шығуға
үндейді.
Əйелдердің
бас
бостандығын, халықтың азаттығын, теңдігін қорғайды
(С.Қирабаев). Мəселен, «Рабиғада» ескі салт құрбаны
болған жас əйел тағдыры, бас бостандығы жолындағы
күресі, «Қанапия-Шарбануда» теңдік əкелген жаңа өмір,
жаңа
дəуір
болмысы
суреттеледі.
Қанапия
мен
Шарбанудың қосыла алмау шырғалаңы 1916 жылғы
маусым
жарлығы
кезіндегі
əлеуметтік
тартыстар
жағдайымен байланыста алынып, дарамалық тартыс өмір
шындығына негізделеді. Ал, «Мансапқорлар» драмасында
шен-шекпен, атақ құмар ел атқамінерлерінің арасындағы
81
тартыс, туысқан адамдардың арасын айырып жатқан
əлеуметтік жіктелудің түбі үлкен қоғамдық зұлымдық пен
жауыздыққа ұласуының түп негіздері асқан шиеленіспен
көрініс табады. Бұл ретте Ж.Аймауытұлының драматург
ретіндегі
өзіндік
қолтаңбасы
кейіпкерлер
əлемін
психологиялық
толғаныстармен
ашуда
барынша
дараланады. Қаламгердің драматургиядағы озық та үздік
туындысы «Шернияз». Шернияз бейнесіне жазушы қазақ
халқының азаттығы мен рухани дамуына жаны күйзелген
ұлт қайраткерінің тағдыры-талайын арқау еткен. Өз
дəуірінің зиялы да саналы азаматының дəуірдің шытырман
қиындығымен бетпе бет келген жан азабын беріп, оның
ақындығы да, азаматтығы да рухани асқақ екенін
бейнелеуге арналған. Сурткер пбессалары «идеялық бағыт-
бағдары жағынан да, көркемдік ізденістері тұрғысынан да
жияырмасыншы жылдар əдебиетіндегі жаңа құбылыс
болып табылады. Ол жаңаның жеңісін, ескінің күйреуін
суреттей отырып, өз дəуірінің жаңа дамдарын ашты, қазақ
ауылындағы
əлеуметтік
тартыстың
сырын
байсалдылықпен əділ суреттеді» (С.Қирабаев).
Ж.Аймауытұлы
қазақ
əдебиетінің
қай
жанрын
болмасын соны көркемдік ізденістерімен байтты десек,
соның ішінде , «Бетім-ау, құдағи ғой», «Өмір деген осы
ма?», «Мысыққа ойын, тышқанға өлім», «Жидебайдың
баяндамасы», «Жаңа өмірге аяқ басты», «Көшпелі
Көжебай», «Гəп қол ағашта», «Пара алу тоқтала ма?» т.б.
шығын прозалық туыныдылары оқшау тұрады. «Педагог,
ағартушы
ретінде
əсіресе
жастардың
оқып,
білім
алуындағы, ізденуіндегі, бұған ата-аналардың қамқорлық
етуіндегі ұнамсыз, зиянды əрекеттерді қатты сынға алып,
олардың тұрмыстан роын алу себептерін талмай түсіндіріп
отырған» (Т.Қожакеев). Əсіресе, «Елес» əңгімесі жаңа
биліктің əсіре саясатшыл əпербақандығын шынайы
реализм биігінде ашудағы шеберлігінің ерекше үлгісі
82
болып табылады. Ал «Əнші» Əміре өмірі мен өнерінің
болмыс-бітімін ашуыдағы психологиялық тереңдікке толы
көркемдік бітімі бөлек əңгімесі болып табылады.
Ж.Аймауытұлы - қазақтың классик жазушысы. Бұл
ретте «Қартқожақ», «Ақбілек», «Күнекейдің жазығы»
қазақ əдебиетіндегі реалистік, психологиялық сипаттағы
күрделі де кесек эпикалық құлаштағы прозалық
туындылардың ғажайып үлгілері əрі роман жанрының
орнығыуындағы
үлкен
шеберлік
мектебі.
Адам
жандүниесінің
терең
болмысын
психологиялық
шеберлікпен ашу, прозадағы ақ өлең үлгісі, əр кейіпкердің
өзіне ғана тəн даралық кейпін реалистікпен суреттеу
суреткер шеберлігін айқындайтын ілкі қасиеттер. Сондай-
ақ əр туындысының тақырыптық-идеялық арқауы, сюжет
дамыту образ мен сомдаудағы, композиция құрудағы
шеберлігі
Жүсіпбек
стилін
даралайды.
Мысалы,
«Күнекейдің
жазығы»
повесінде
кезеңнің
кебір
қатпарларын қарапайым бір еңбек адамының шағын
үйелменін зерттеу арқылы ашады. Шаңырақ иесі Құлтума
– ес жиып, етек жапқаннна бермен Ордабай байдың бір
қора қойын алданыш еткен байырғы көп қоңсының бірі.
Үстіне кигені – жылдың төрт мезгілін еш алалап көрмеген
тері шалбар мен жырым-жырым жаман тон. Маңдайына
боз торғайдың шырылынан əбден қараңғылық түскенше
тізе бүгу бұйырмаған сорлының түн баласы аз-кем
тыныстайтың тұрағы – жұлдыздар андызып, іргесінен жел
гулеген қап-қара жадағай қос. Дастарханда да тіл үйірер
ештеңе болып жарытпаған. Құлтуманың ой-əлемі мен
таным-түйсігі де оның күнделікті тұрмыс-тіршілігіне ұқсас
жалаңаш та жұтаң. Үйреншікті қой аяғы жеткен жердің
арғы жағында не бар, не жоғы оған беймəлім. Жігіттік
жасқа тақап қалған ұлы – Жұматайдың шама-шарқы да сол
құралыптас. Əкесінің өкше ізімен бүлкектеп келе жатқан
жайы бар. Бүкіл болмысымен тура екінші Құлтумадан
83
артық та емес, кем де емес. Оларды осы қалыптан өзгертіп,
ілгерідегілермен қатарластыра қанат қаққызу оңайға
соқпаса керек. Осы шағырмадағы келесі бір кейіпкер –
Тұяқтың да жетісіп тұрғаны шамалы. Шыққан тегі, көрген-
білгені жағынан əлгенде аттары аталған адамдармен
тұрғылас. Қолынан аздаған ісмерлігі арқасында əркімнен
етек, кебісін жамап, немесе жаңадан тігіп, тамақ асырап
жүрген Тұяқтың ұсқыны – «пұп-пұп» деп, былғарыға су
бүркеп, тыңқылдатып, құжырындап жататын, мойны ішіне
кірген ... мұрны кертеш, иегі кемеиек, бет-аузы құдды
шөміш» сияқты келіссіз-ақ.
«Ақбілек» романындағы мал бағып, отын-су əкелуден
басқа
ештеңе
көрмеген
Қойтекенің
де
Құлтума,
Тұяқтардан
айырмашылығы
жоққа
тəн.
Байдың
шаруашылығын жайлаудан гөрі қолы босамаған бейбақ
сол жолда ажалынан бұрын көз жүмып, ауыл шетіндегі
көп
төмпешіктің
біріне
айналады.
Автордың
пайымдауынша,
ешқашан
еш
нəрсеге
тұшынбаған,
алдарына еш уақыт азды-кем ел қатарлы мақсат қойып
білмеген бұл тəрізді кембағалдылықтың түпкі себебі –
олардың табиғи кемдігінде, ақыл-парасатының əуел бастан
жұтандығында емес, уақытылы өнер-білімінің дəмін
татпай,
кеніне,
əсіресе,
қоғамдағы
əділетсіздікке,байлардың, қожа-молдалардың, ел билеуші
əкімдердің жаны ашымас, керенаулығына, жартыкеш заң-
законның өзін жеке пайдаларына шырық көбелек иіп-
бүгуіне байланысты. Оған қоса кейбіреулердің ілгері
басқан аяғының кері кетуіне жасқаншақтық, болбырлық
тəрізді кеселдердің де қырсығы аз болмаған. Алайда еті
тірі, пысықтардың ешкімді ерсілі-қарсылы басындыра
бермегені, өзінің немесе ауылдасының намысын бір
кісідей қорғай білгені де рас.
Мəселен, бірер қарадан басқа алдарына ештеңе бітіп
жарытпаған
Мұқаш,
Доға
(Ақбілек),
Баймандар
84
(Күнекейдің жазығы) таласа-тармаса ашқаға, өрісі малға
толы болғанымен «партияда бес күндікті артынан ерте
алмайтын, ағайынға сүйкімсіз», тұла бойы тұңған қарау
Мүсірəлінің (Ақбілек), тəуір іс, мағыналы сөздің маңына
жолап
көрмеген
Қасқырбай
(Мансапқорлар),
Сазамбайлардың
(Қанапия
мен
Шəрбану»
солақай
отыншы-сауыншылардан күйрей омақасқандардың тегін
демесек керек. Тіптен, Əлдекей (Ақбілек) дейтін кедейдің
басқаны басқа, Мамырбай, Əбен сияқты маңайына ақпалы
мығым, аузы алты қарыс жарты құдайлармен емін-еркін,
теңдестерінше сөйлесіп, олардың төрінде шаншыла
қонжиып, қойдын басын ұстайтынын қайтерсің.
Кеңестер өкіметі, мүмкін, Прибалтика ердеріне жайлы
тимеген шығар. Ал біздің одан тапқан жықсылығымыз
ұшаң-теңіз, сан сала өндіріс орындары, қалалық, ауылдық
жерлердегі
мəдиниет
ошақтары,
Ұлттық
Ғылым
академиясы мен əр кез шаңырақ көтерген бірнеше ондаға
Жоғарғы білім ордалары көп жағдайды аңғартса керек.
Ұрпақтардың басын қосып, оларға ненің жарамды, ненің
жарасыз екенің ұғындырып, көкірек көзін ашу ісінде
жетекшілік қызмет атқарып жатқан солар емес пе?
Əйтпесе, талайларымыз жоғарыда аталған Қойтеке,
Құлтумалардың деңгейінде жүрер едік қой. Əрине, бұл
соңғы 70-80 жылдың ішінде бастан кешкен қасіреттерді
(халықты
зорлықпен
отырышыландыру,
жаппай
коллективтендіру, тың жəне тыңайған жерлерді игеру,
космосқа аттаныс, ядролық қару-жарақты сынау т.б.) көзге
ілмеу деген сөз емес. Асылы, бір нəрсеге баға бергенде,
оның оң-солын асықпай, əділ салмақтаған жөн.
Патшалық Россияның қарамағында ғұмыр сүрген екі
ғасырдың өн бойында, ірілеріне, ілгерілеріне тиіспелік,
бірде-бір техникумға, қарапайым театр мен баспаханаға
қолымыз жетпеді. Ал оның есесіне таналу мен тоналудан
кенделік көрмеппіз. Сол қоғам күні бүгінге дейін жалғаса
85
бергенде, нендей күй кешіп жүреріміз белгісіз. кешіп өткен
қарапайым қазақ кедейінің өкілі. Бұрын да кейін де жеке
бас пайдасын күйттеп алаштан оқшауланғанын, əлде бір
олжа үшін оңаша жортқанын көрген де, естіген де емеспіз.
Кішкене Қартқожаның дүмбілез молдадан тыңдаған
дəріске қанағаттанбай, əдетке орныға бастаған орыс
оқуына ден қоюы қай жағынан да нанымды. Ондағы
мақсаты – ауыл атқамінерлерінен анағұрлым еңселі, жан-
жағы қошеметшілерге толы, айбарлы ұлықтардың қасында
жүретін Əбілда, Мақыштардай тілмаш болу. Бұл есептің
түпкі төркіні – төрге отыруға, дəмді тағамға толы
дастарханның шетіне ілігуге құштарлық емес, старжникті
жаңылдырған Мақыштың орысшасына қызыққандық.
Қысқасы, он бір-он екілердегі жас жеткіншек тілмаштықты
идеал тұтып, одан жоғары, одан мəртебелі қызымет жоқ
деп топшылаған. “Бұзауға барса да, тезек терсе де: үсті-
басы аппақ! Сары ала түйме! шашын қайырған. Аяғында
– əмірқан етік. Нашалініктің алдында аузы-аузына жұқпай”
лыпылдаған үкімет адамдарын жадынан шығара алмаған.
Оның қалаға барып, үшкөлде оқу арманы одан сайын
бекіте түскен Шідербайдан көлік ылаулаған шəкірттің
əңгімелері.
Алайда қолдың қысқалығы Қартқожаның алысқа
қанат қомдауын тежей берген. Оның өзі де жағдайды көре,
біле тұра оқуға кетуіне үй-ішінің қалайда мүмкіндік
туғызуын талап етуге жүрегі дауаламай, амалсыз əліптің
артын бағуға бекінген. Қырсықтың қырына түп етектен
іліккен кісі Қартқожадай-ақ болар. Өзек жарды сырын
қалай ағытудың ыңғайын таппай, əке-шешесінің қас-
қабағын аңдып, іштей тынып жүргенінде аздаған малдың
əр түрлі себеппен шамалы уақыттың мағдарында түгелге
жуық сетінеп, онсызда қалт-құлт тірліктің одан сайын
құлдилағанын көремін деп ойлап па еді? Ол ол ма,
жығылғанға жұдырық дегендей, бар-жоғы бір жұмадай
86
сырқаттанып, əкесінің мəңгілікке көз жұмғаны қандай
өкініш! Қартқожаның оқуға аттанбақ үмітін сары аурудай
сарғайтқан – жанағы айтылған кеселдермен үзеңгілесе
киліккен патша үкіметінің əйгілі “июнь жарлығы”. Бір-
біріне қабаттаса көңілді құлазытып, белді бүгілткен
сұрықсыз жайттар кездейсоқ, жеке адамның басындағы
сəтсіздік емес, бүтіндей бір ұрпақтың меселін жаншыған
бақытсыздық ауқымында қабылданады. Қартқожа оң-
солын
айырып
үлгермегеніне
қарамастан,
ереуілдеушілердің дəл сол қалпында айбын болып
жарытпайтынын
сезінген.
Ыза-кектің
шарпуымен
андыздап дуылдасқандардың арасында билік жоқтың қасы.
Жік – жік. Əркім өз руының, өз ауылының жыртысын
жыртып əлек. Сəл нəрсе үшін ұрыс-керіс. Алда тұрған
негізгі нысананы ұғындырып, бүтіндікке бастап жүрген
ешкім жоқ. Мінезі кесек, сөзге шешен, қара күшке мығым
Дəрмен де саяси сауаттың жұтаңдығынан құр жебесіз
садақ іспетті.
Ж.Аймауытовтың
кескіндемесінде
шындықтың
өзіндей əсерлі де нанымды шыққан. Екі автордың екеуі де
мылтықсыз майдангерлердің мұнда қайла, күрек ұстаумен
шектелмей, əр түрлі саяси əңгімелерге құлақтарын сала
жүріп,
аспан
астында
болып
жатқан
өзгеріс
–
жаңалықтардың кейбіреуін жадына тоқығанын, сөйтіп ата-
жұртына, алды-артын байқап, бағдарлайтындай деңгейде
оралғанын бейнелейді. Соның бірі – қандай кесел, кедергі
кезіксе де үйренсем, оқысам деген асқақ арманнан еш бас
тартпаған Қартқожа. Тегінде патшаның июнь жарлығының
халыққа тигізген қайғы-қасіреті əлі күнге дейін түбегейлі
таразыланып бітпеген «ақ таңдақтардың» бірі деп есептеу
қажет.
Бір
кездері
большевиктердің
қару-жарақты
өкіметтің өзіне кезенген дұрыс, сонда оның беделі
аласарып, күш-қуаты кемиді де қарсыластарынан тезірек
жеңіледі,
сөйтіп
кезекті
төңкерістің
пісіп-жетілуі
87
жеделдейді делінетін авантюристік платформасын көз
жұма мақұлдадық та, алаң-елеңдегі ол аттанысты азаттық
жолындағы атқарылған істің ең тəуірі орайында ұшқары
қабылдадық.
Романның соңында бұйырған біліммен сусындап,
демалып қайтпаққа еліне бет түзеген Қартқожамен тағы
жолығысамыз.Кейіпкеріміздің бойы өсіп, бұғанасы бекіпті.
Тілмаштықтан əрі аспаған балалық қиялдың өңі де
өзгерген. Сан- сала ойының айналып үйірілер қазығы: «бір
кезде жер-суынан айрылып, көрші мұжықтан таяқ жеп
жатқан ел – ашаршылыққа, жұтқа, төтендеген апатқа
ұшырап, басынан қиын-қыстау күндерді өткізіп, малынан,
дəулетінен айрылған ел; қазақ-орыстың, болыстың,
тілмаштың, қожа-молданың жемі, атып жейтін аңы болып,
қанаудан
көзі
тұнжырап
жатқан
ел;
партияның,
барымтаның,
ұрлықтың,
күндіктің
ойнағы
болып,
тұншығып жатқан ел – бұл күнде не күйге түсті екен?...
Соларды
көрсем,
көмегін
берсем,
сонда
менің
жетілгендігім, жеткендігімнің пайдасын көргенім. Əйтпесе
мен не үшін, кім үшін оқып жүрмін?» Бұл екі жылдай
«кітап кемірген» мақсатты өскіннің биіктей түскендігінің,
бойындағы жайсаңдық қайнардың айдынды ағысқа айнала
бастауының белгісі. Оның алғашқы күннен алаштың
сенімді бұйдагері қатарынан табылатынының куəлігі.
Ақырғы деміне дейін келісті келешекті аңсаған Ж.
Аймауытов Қартқожа арқылы Абай ағасы сияқты жазу-
сызудың, нысаналы тəлім-тəрбиенің жеке адамдардың
таным-түйсігін
қалыптастырып
қана
қоймай,
бүкіл
қоғамның балдыр-батпақтан тазарып, ілгері адымдауына
жағдай туғызатын гуманистік миссиясын бейнелейді.
Автордың ойынша, əбден жүнжіп, əрі-сəріге ұшыраған
Ақбілекті бес батпан сырқаттан айықтырған сол нəрлі
шипа. Шəкірттік шақтың ыстық-суығынан өткен Ақбілек
қандай, қазан-ошақтан қолы босамаған Кəмила /«Ақбілек»/
88
қандай. Анада елдің өсек-аяңынан жасқанып, Ақбілектен
құтылғанына қуанбаса, өкінбеген Бекболаттың да баяғы
деңгейінен тапжылмауына басты себеп - ілім-білімнен
бейхабарлық. Біраз жылдан кейін кездейсоқ кезіккен
онымен Ақбілек жатырқай сəлемдескен. Бір кездері асыл
армандай алыстан көлбеңдеген сылқым серіні ауылдың
қалбаңдаған қатардағы шаруақорының тұғырында көремін
деп ойламаған-ды. Қымыз сапыра отырып, қонақ боп
кетулерін қайыра-қайыра төменшектене өтінген үй иесіне
сол мезет пайда бола кеткен əйелдік такаппарлықпен
мүсіркей қараған. Бұрынғыдай емес, сақал-мұрты көбейіп,
аузын əжім басып кетіпті... Əйелі де тымырайған, бұйығы
біреу...
Төл əдебиетімізде оқу-өнер тақырыбы сонау ертеден
ірге тепкенімен, ағартушы-демократтар үндеу, үгіттеуден
əрі аспай /əрине, оның өзі аз шаруа емес/, қысы-жазы
қағазға үңіліп, шаршап-шалдыққан шəкірттің толымды
образын жасауға бара қоймаған-ды. «Қартқожа» - сол кем-
кетікке қаланған алғашқы көрнекті кірпіш. Үлкен
шығармашылық табыс.
Ж.Аймауытұлының əдеби жəне ғылыми мұрасы сан
қырлы. Əдеби аудармалары (Шекспир, Гюго, Мопассан,
Дюма, Рушкин, Толстой, Гоголь, Горький, Лондон),
əдебиетшілігі («Мағжанның ақындығы туралы», «Абайдың
өмірі жəне қызметі», «Айбайдан соңғы ақындар»,
«Аударма туралы»), балалар əдебиетіндегі маңызы биік
шығармалары («Жаман тымақ», «Шал мен кемпір», «Көк
өгіз», «Үш қыз») соны көрсетеді. Ал «Тəрбиеге жетекші»,
«Психология», «Жан жүйесі жəне өнер таңдау» отандық
ғылымдағы педагогика, психология жəне əдістеме саласы
бастауында тұрған елеулі еңбектер.
89
Дəріс
бойынша сұрақтар:
1)
Жүсіпбек жəне Абай.
2)
Ж.Аймауытов пьесалары.
3)
Прозалық туындылары.
4)
«Ақбілек» романы.
5)
Əдеби аудармалары.
Негізгі
əдебиеттер тізімі:
1. Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. – Алматы, 1998.
2. Бес арыс. - Алматы, 1992.
3. 20-30 жылдардағы қазақ əдебиеті. 1-кітап. – Алматы,
1997
4. Елеукенов Ш. Əдебиет жəне ұлт тағдыры. - Алматы,
1997.
Қосымша
əдебиеттер тізімі:
1. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. - Алматы. 1995.
2. Құл-Мұхаммед М. «Алаш» бағдарламасы: қиянат пен
ақиқат. - Алматы, 2000.
3. Исмакова А. Казахская художественная проза. Поэтика,
жанр, стиль (начало ХХ века и современность). - Алматы,
1998.
4. Он томдық қазақ əдебиеті. 5 том. – Алматы, 2006.
Достарыңызбен бөлісу: |