Дәріс кешені дəріс Кіріспе. Клиент-серверлік архитектурасы. Компьютер мен қосымшаның клиент-серверлі əрекеттесуі



Pdf көрінісі
бет5/36
Дата20.12.2022
өлшемі1,89 Mb.
#58571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Жұлдызша
"Жұлдызша" топологиясында кабель сегмент көмегімен барлық компьютерлер
концентратор (hub) аталынған орталық компонентке қосылады. Беруші компьютерден
сигналдар концентратор арқылы барлығына келіп түседі. Бұл топология есептеуіш техниканын
алғашкы кезінде, компьютерлер орталық басты компьютерге жалғанған кезде пайда болған.
Жұлдызша топологиялы қарапайым желі суретте көрсетілген.


Сурет Жұлдызша топологиялы қарапайым желі
"Жұлдызша" топологиялы желіде желі конфигурациясын басқару мен кабельді қосу
орталықтандырылған. Бірақ кемшілігі де бар, барлық компьютерлер орталық нүктеге
қосылғандықтан, үлкен желілер үшін кабельдер шығыны едәуір көбейеді. Сонымен қатар
орталық компонент жұмыс істемей қалса онда барлық компьютерлер де жұмыс істемей қалады.
Егер бір компьютер жұмыс істемей қалса (немесе коннектормен косатын кабель), онда тек осы
компьютер гана желімен деректер не жібере не кабылдай алмайды. Желідегі басқа
компьютерлерге бұл әсер етпейді.
Егер желіде тек қана бір компьютер концентратормен байланып істен шықса, онда осы
ғана компьютер желіде ақпарат ала алмайды. Қалған желідегі компьютерге әсер етпейді.
Қазіргі таңда желінің стандартты компоненті концентратор болып табылады.
Концентраторлар белсенді(active) және белсенді емес(passive) деп бөлінеді. Белсенді
концентраторлар сигналдарды репитерлар сияқты береді. Кейде оларды көп портты репитер деп
атайды – олар 8-ден бастап 12,16,24 компьютер қосуға арналған порттары бар.
Кейбір концентраторлар белсенді емес болады. Олар сигналды өзінен өткізіп жіберіп оны
күшейтпейді және қалыпқа келтірмейді. Белсенді емес концентраторларды қамтамасыздандыру
тоғына қосу қажет емес.
Концентраторлар гибридті (hybrid) деп аталады, егерде оған әртүрлі кабель жалғауға
болса. Концентратормен құрылған желі үлкейтуге және басқа концентраторлар қосу оңай.
Концентратордың қолдануға қолайлылығы келесілер жатады:
p) Жай өзгертулер және желіні үлкейту: бұнда бір компьютер немесе концентратор
қосуға болады
q) Əртүрлі кабелді типтерді қосу үшін әртүрлі порттар пайдаланады
r) Желінің жұмысын орталықтандырылған бақылау
Көптеген
желілерде
концентраторлар
диагностикалық
мүмкіншіліктермен
қамтамасызлдандырылған, олар қосылудың жұмыс қабілетілігін анықтайды.
Сақина
"Сақина" топологиясында компьютерлер сақина тәрізді бекітілген кабельдерге қосылған.
Сондықтан кабелде терминатор қосатын бос ұш болмайды. Сигналдар бір бағытта сақина
аркылы жіберіліп, әрбір компьютерден өтеді. Белсенді емес шина топологиясына қарағанда,
мұнда әрбір компьютер репитер ролін атқарып, сигналдарды күшейтіп, келесі компьютерге
жібереді. Сондықтан бір компьютер жұмыс істемей қалса, онда барлық желі қызметі тоқтайды.
Сақиналы желіде деректер беру принциптерінін бірі маркер беру деп аталады. Маркер бір
компьютерден келесіге көшіп жүре береді. Хабар жіберетін компьютер маркерге адресті енгізіп
хабарын кіргізеді. Адресатқа жеткенше маркер жолдағы әрбір компьютерден өтеді.
Адресат хабарды алған сон адресантқа деректерді алғаны туралы сигнал жібереді.
Адресант дәлелдеме алған сон, жаңа маркер құрып, оны желіге қайтарады. Бірден қарағанда
маркер беруі көп уақыт алатын сияқты болып көрінеді, бірақ маркер жарық жылдамдығымен
қозғалады. 200 м сақинада маркер секундына 10000 айналым жиілігімен айнала алады.
Koмпьютep мapкepді қабылдап, оны сақина бойынша жібереді. Осы процестің іске асуы келесі
уретте көрсетілген.


Сурет Koмпьютep мapкepді қабылдап, оны сақина бойынша жіберуі
1.Біріктірілген тoпoлoгиялар
Қазіргі кезде шина, жұлдызша, сақина принципі бойынша желілерді біріктіру
топологияларын жиі қолданады.
Жұлдызша-шинa
Жұлдызша-шина
топологиясы
(star-bus)
-
бұл
"шина"
мен
"жұлдызша"
топологияларынын комбинациясы. Кобінесе ол былай болады: "жұлдызша" топологиялы
бірнеше желілерді магисталды сызыкты шина көмегімен біріктіреді (сурет).
Сурет Жұдызша-шина топологиялы желі
Мұндай жағдайда бір компьютердін істен шығуы желіге ешқандай әсерін тигізбейді, басқа
компьютерлер сол қалпы бір-бірімен әрекеттеседі. Ал концентратордын бұзылуы, оған
қосылған компьютерлер мен концентраторлардын тоқтауына әкеледі.
Жұлдызша-сақина
Жұлдызша-сақина (star-rіng) - жұлдызша-сақинаға ұқсайды. Екі топологияда да
компьютерлер
шина
немесе
сақина
құрастыратын
концентраторларға
қосылған.
Айырмашылығы жұлдызша-шинада концентраторлар магистралды сызықты шинамен
біріктірілген, ал жұлдызшы-сақинада басты концентратор негізінде, олар жұлдызша құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет