Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Қазақстандық қоғам жаңғыруының философиялық мәселелері.
2.Тәуелсіздіктің алғышарттары және оған жетудегі рухани негіздері.
3. Ұлттық идеяның қалыптасу мәселелері. Қазақстандық ұлттық идеяның негізгі аспектілері
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);
Саяси салада күшті президенттік республика құруға кейінірек парламенттік билікке реформа жасап, маман жоғарғы Кеңес құруға бағыт ұсталды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық валюта қоры нық, халықаралық реконструкция және даму банкісінің дүниежүзілік банктің, халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көпжақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынын мүшесі болды және басқа бәрсыпыра ұйымдарға кірді. Біздің мемлекетімізді жүзден аса ел таныды, олардың көбімен елшілік және өкілеттілік дәрежесінде дипломатиялық қатынас орнатылды.
Республиканың сыртқы саяси бағытты шекералас мемлекеттермен, оның ішінде ТМД қоса, толық сенім принциптері негізінде өзара тиімді достық қатынасты сақтау, сондай-ақ барлық басқа мемлекеттермен әділеттік және халықаралық серіктестік негізінде кең байланыстарды дамыту болып табылады. Қазақстан территориясында орналасқан ядролық қарулар келешекте келісімдік процестер шеңберінде жойылып, республика ядролық қарусыз мемлекет дәрежесін алды. Сыртқы экономикалық саясатта шетелдік капитал, техника мен технологиия кеңінен пайдалануда.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінетін принципіне негізделген, мемлекеттік өкімет билігінің бірден-бір қайнар көзі – Қазақстан халқы. Қазақстан республикасы адамды, оның өмірін, бостандығы мен тәуелсіздігін, оның ажырамас құқықтарын ең қымбат қазына деп санайды және өз қызметін азамат пен қоғамның мүдделері үшін жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |