Дәріс Кіріспе. Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі Мақсаты



Pdf көрінісі
бет21/34
Дата15.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#107974
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
Байланысты:
Дәріс Қазақстан биоресурстары

 
 


 
 
 
 
 
 
Дәріс 10. Қазақстан жануарлар әлемінің биологиялық алуантүрлілігі 
 
Мақсаты: 
Қазақстанның жануарлар дүниесі (сүтқоректілер, насекос 
жегіштер, қолқанаттылар, кеміргіштер, қоянтәрізділер және жыртқыштар) және 
олардың шаруашылықтағы маңызы туралы түсінік беру. 
Негізгі сұрақтар: 
1.
Отанымыздың баға жетпес байлығының бірі - жануарлар дүниесі туралы 
түсінік. 
2.
Сутқоректілер класы немесе аңдар. 
3.
Насекомжегіштер және қолқанаттылар отрядтарының шаруашылықта маңызы 
бар өкілдері. 
4.
Кеміргіштер отрядының бағалы терісі үшін ауланатын өкілдері. 
5.
Қоянтәрізділер отрядынан кәсіптік және әуесқойлық жолмен ауланатын 
өкілдері. 
6.
Жыртқыштар отрядының 
шаруашылықтағы маңызы бар өкілдері және 
олардың биологиялық ерекшеліктері. 
Қазақстанның жер көлемі 2,7 млн шаршы шақырым. Республика 
территориясын орманды-дала, дала, шөл-шөлейтті аймақтар кесіп өтеді. Ауа райы 
құбылмалы. Табиғат жағдайының булай әр алуан болып келуі Қазақстанда жан- 
жануарлардың көптеген түрлерінің тіршілік етуіне мүмкіндік тудырады. 
Қазақстан 
территориясында 
омыртқалы 
жануарлардың 
834 
түрі 
(сутқоректілердің -178 түрі, құстардың – 488 түрі, баурымен* жорғалаушылардың 
49 түрі, қосмекенділердің 12 түрі, дөңгелекауыздылар мен балықтың 104 түрі) 
мекендейді. Ал бұған қоса омыртқасыз жәндіктердің шамамен 50 мыңнан аса түрі 
тағы бар. Қазақстанда академик Т.Н.Досжанов (1995) мәліметі бойынша тек 
сүтқоректілердің 178 түрі таралған, олардың 70-тен астамының кәсіптік маңызы 
бар, ал 42 түрінің саны азайып, қорғауды қажет етеді. Сүтқоректілердің арасында 
ауыл және орман шаруашылығының зиянкестері, адам мен жануарларға түрлі 
аурулардың қоздырғыштарын таратушыларды көптен кездеседі. Сондықтанда 
республика аумағындағы аңдарды ғылыми түрғыдан зерттеу, олардың пайдалы 
түрлерін қорғау мен тиімді пайдалану, ал зиянкестерімен күресудің ғылыми 
негізін жасау – Қазақстан зоолог-ғалымдарының алдында турған жауапты 
міндеттердің бірі. 
Отанымыздың баға жетпес байлығының бірі әрине жануарлар дүниесі. 
Солардың ішінде құнды тері, дәмді ет, дәрі-дәрмектік шикізаттар беретін түрлері 
көп-ақ. Мысалы, проф. А.Бекенов және т.б. (1983) мәліметтері бойынша табиғи 


жағдайы әр алуан Қазақстан территориясында бағалы терісі мен шипалы еті үшін 


аңдардың 50 ден астам түрлері ауланады. 
Адамдардың тіршілігі үшін ең маңызды жануарлар тобының бірі ол әрине 
сүтқоректілер. Сүтқоректілер – омыртқалы жануарлар қауымның ең жоғарғы 
сатыдағы класы. Олардың дене мөлшері де әр алуан. Ең кішкентайы көптісті 
жертесердің (Suncus etrus savi) дене ұзындығы 38-45 мм, салмағы – 1,2 -1,7 г 
болса, ең ірі хайуанат – көк киттің (Balaenoptera musculus L.) денесінің ұзындығы 
33 метрге, салмағы 120 тоннаға дейін жетеді. Су жануарлары – киттер балық 
формасында болса, ушуға бейімделген жарқанаттардың алдыңғы аяқтары ушу 
жарғағына айналғандықтан қустар сияқты самғайды. Көптеген аңдар денесінің 
негізгі формасы – салмағы төрт аяқтарына түсетін денесі жер бетінен көтеріңкі. 
Денесі жүнді терімен жабылған. Кейбір түрлерінде терідегі жүн инеге, 
қабыршаққа немесе қылтанаққа айналған. Терілері әртүрлі бездерге (сүт, тері, 
май және т.б.) бай. әсіресе, жалпы сүтқоректілерге тән ерекшелік балаларын 
қоректендіруге арналған сүт бөлетін бездерінің болуы. 
Сүтқоректілердің көпшілігі жылы қанды, денелерінің температурасы тұрақты, 
қан айналысы араласпаған (артерия қаны вена қанына қосылмайды). Барлығыда 
іштей ұрықтанады әрі балаларын тірі туады. 
Сүтқоректілердің ішінде зиянды түрлері де бар. Біраз түрлері орман және 
ауыл шаруашылықтарының зиянкестері, ал кейбіреулері адам мен жан- 
жануарларға ауру таратушылар болып табылады. Сүтқоректілер класының 
өкілдері бүгінгі күні өмір сүретін 19 отряді, 118 тұқымдас және 4000–нан астам 
түрді біріктіреді. Қазақстанда бұл кластан 8 отрядына (1) насекомшегіштер, 2) 
қолқанаттылар, 3) қолытәрізділер, 4)кеміргіштер, 5) жыртқыштар, 6) 
ескекалқалар, 7) тақтұяқтылар, 8) жұнтүяқтылар) жататын аңдардың 178 дей 
түрлері тіршілік етеді (Бекенов және т.б. 1995). 
Енді осы аталған 8 отрядқа жататын шаруашылықта пайдаланатын кейбір 
түрлеріне тоқталып өтейік (Бекенов және т.б 1995). 
1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет