Дәріс Кіріспе. Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі Мақсаты


Қоянтәрізділер отряды – Lagomorpha Brandt, 1855



Pdf көрінісі
бет23/34
Дата15.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#107974
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
Байланысты:
Дәріс Қазақстан биоресурстары

Қоянтәрізділер отряды – Lagomorpha Brandt, 1855. 
Бұл отряд өкілдері барлық құрылықта таралған. Кейбір түрлері кәсіптік және 
әуесқойлық жолмен ауланады. Қазақстанда бұл отрядтың 2 тұқымдасына 
(қояндар, шақылдақтар) жататын өкілдері мекендейді. 
Қояндар тұқымдасынан еті, терісімен түбіті үшін ақ қоян (Lepus timidus 
Linnaeus, 1758) кәсіптік жолмен ауланады ал құм қояны (Lepus tolai Pallas, 1778) 
жеңіл еті үшін әуесқойлық жолмен ауланады аталған қояндардың таралуына 
келетін болсақ ақ қоян түрлі ағаштар, бұталар - өскен орман, сү бойындағы 
тоғайларды мекендейді. Негізінен ақ қоян Қазақстанда солтүстік және таулы 
солтүстік – шығыс аудандарында мекендейді. Әсіресе Қостанай, Солүстік 
Қазақстан, Көкшетау, Павлодар обылыстарында орманды далаларында және 
Қарағанды, Шығыс Қазақстаның тауларында. Ал Батыс Қазақстан, Орал, Алматы 
обылыстарында кең таралғанымен саны онша көп емес. Ал құм қояны 
Қазақстанның Батыс, Оңүстік, Шығыс аймақтарында таралған. Сексеуіл, 
қоянсүиек, теріскен және басқа бұталар өскен құмды жерлерде, ши, жыңғыл, 
шеңгел өскен тоғайларда, өзен, көл манында шалғындықтарда, ағаш бұта өскен 
тау жоталарында мекендейді. 
5.
 
Жырқыштар отряды – Carnivora bowdich, 1821. 
1.
 
Иттер тұқымдасы – Canidae Caray, 1821. 
Иттер туысы – Canis Linnalus, 1758. 
Қасқыр – Canus Lupus Linnalus, 1758. 
Қасқырлардың биоценозда алатын орны ерекше. Көбіне жабайы аңдардың 
ақсақ-тоқсағын, ауру-сырқауын ұстап, табынды тазалап отырады. Терісінен ішік, 
жылы аяқ киімдер тігіледі. Қазақстандағы қасқыр санын азайту үшін жылына 
оның 30-35 мыңдайын бағалы терісі үшін аулап отыру қажет. Қасқырлар өзен, 
көл, арық пен канал бойындағы тоғайлар мен қалың қамыстарды мекендейді. 
Түлкілер туысы – Vulpes Linnalus, 1758. 
Түлкі аса бағалы терісі үшін ауланады. Бірақта оларды аулау жылдан-жылға 
азайып барады. Мысалы, 1960 жылы-62,4 мың, 1968-10,9 мың, 1978 жылы-1,3 
мың, 1990 ж – 3681. жалпы Қазақстанда жылына 95-100 мың бағалы түлкі терісін 
өткізуге мүмкіндік бар . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет