Дәріс Кіріспе. Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі Мақсаты



Pdf көрінісі
бет25/34
Дата15.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#107974
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34
Байланысты:
Дәріс Қазақстан биоресурстары

5. Мысықтар тұқымдасы
Мысықтар – орман, тау, шөл аймақтары мен өзен бойларында кездеседі. 
Қорегі ет, негізінен тастақты қуыстарды, өте сирек інде тіршілік етеді. 
Қазақстанда тұқымдастың 3 туысына (мысықтар, барыстар, қабыландар) 
жататын 8 түрі кездеседі. 
1.
Мысықтар туысынан терісі бағалылары: 
1)
 
Шұбар мысық немесе дала мысығы – Felis libys Forster, 178. 
Шөлді 
аймақтарда мекендеуге бейімделген жабайы мысық.Осы аймақтардағы өзендердің 
бойындағы тораңғы, жиде, жыңғыл, шеңгел, қарасора өскен ну тоғайларда 
тіршілік етеді. 
2)
 
Қамыс мысығы – Felis chaus Guldenstaedt, 1776. 
Қамыс, қоға мен тал өскен өзен бойындағы тоғайларда мекендейді. 
3)
 
Сілеусін – Felis Lynx Linnalus, 1758. 
Таулы орманды жерлерде жатақ жасап мекендейді. Іле, Күнгей, Жоңғар 
Алатауларында бұл жыртқыштың саны едәуір. Мысықтар туысына жататын 
Қарақұлақ – Felis caracul schrebel, 1776, Сабыншы – Felis manul Pallas, 1776 және 
Шағыл мысығы – Felis margarita Lochl, 1858 сандарының азаюына байланысты 
Қазақстан «Қызыл кітабына» енгізілген. 
2.
 
Барыстар туысы – Uncia Gray, 1854. 
Барыс Uncia Schreber, 1775. 
Қазақстанда барыс оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аудандарында 
таралуда. Піскем мен Өгем жоталарында, Талас пен Қырғыз, Іле, Күнгей және 
Теріскей Алатауларында, Кетпен жотасында, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай
Сауыр және Оңтүстік Алтайда таралған. 
Бұрынғы кездері кәсіптік маңызы бар аңдардың қатарында болған, яғни бұл 
аңның терісі дайындалып тұрған. Одан кейін бүкіл дүние жүзінде саны азайып 
кетуіне байланысты халықаралық табиғи қорғаудың «Қызыл кітабына »
тіркелген. 
3.
 
Қабыландар туысы – Acinonyx Brooks, 1828. 
Қабылан – Acinonyx jubatus Schrebes, 1776. 
Қазіргі кезде біздің Республикамызда бұл жабайы мысық жойылып кеткен 
де болуы мүмкін. ХVIII-XIX ғасырларда қабылан Каспий теңізінің шығыс 
жағалауымен Арал теңізіне дейінгі шөлді аймақта кездесетін. Саны өте аз 
болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет