Есептеу техникасының даму кезеңдерін буындарға бөліп қарау кеңінен тараған.
Есептеу техникасының буындары деп белгілі бір уақыт аралығындағы есептеу машиналарының даму кезеңімен белгіленетін құрылғыларды өндіру технологиялары, функционалдық мүмкіндіктер деңгейі және бағдарламалық қамтамалары шамалас машиналар тобын айтуға болады. Есептеу машиналарының даму кезеңдерін әдетте Джон Фон Нейман машинасымен байланыстырады, өйткені Фон Нейман ұсынған бағдарламаларын машина жадында сақтау тұжырымдамасы қазіргі кезде кез-келген есептеу машиналары мен жүйелерінде қолданыста.
Осыған байланысты ЕТ (есептеу техникасы) даму тарихын үш кезеңге бөліп қарауға болады:
Есептеу машиналарын буынға бөлуді технологияның өзгеруімен де байланыстырады. Нөлдік буынға механикалық немесе электромеханикалық машиналарды жатқызса, одан кейінгі буындарға есептеу техникасының элемент негіздері – электронды шамдар, жартылай өткізгіш аспаптар, интегралдық сұлбалар (кіші, үлкен, өте үлкен және ультра үлкен) интегралдық микросұлбалар жатады.
1.1. Нөлдік буын (1642-1945)
Нөлдік буынға механикалық және электромеханикалық компьютерлер жатады. Оған мысал Блез Паскальдің (1623-1662) механикалық машинасын айтуға болады. 1642 жылы жасалынған машина тек екі (қосу және алу) операцияны орындауға мүмкіндік береді. 1672 жылы немістің ұлы математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1726) жасаған механикалық машинасы қосу және алу операциясынан басқа көбейту және бөлу операцияларын орындауға мүмкіндік берді.
1836 жылы Кэмбридж университетінің профессоры математик Чарльз Бэббидж (1792-1872) «аналитикалық машинасының» жобасын ұсынды. Аналитикалық машина төрт бөліктен: жады құрылғысынан, есептеуіш құрылғысынан, енгізу құрылғысынан (перфокартадан оқу), деректерді шығару
құрылғысынан (перфоратор) тұрады. Жады құрылғысы 50 разрядты 1000 ондық сандарды сақтауға арналған. Ұсынылған аналитикалық машинаны жасау үшін дәлдігі өте жоғары, мыңдаған тісті доңғалақтар керек болды. Ондай доңғалақтарды XIX ғасырда жасау мүмкін емес еді. Бірақ Бэббидж идеясын бүгінгі машиналарда кездестіруге болады. 1938 жылы неміс инженері Конрад Цузе (1910-1995) бағдарламаланатын механикалық Z есептеуішті жасап шықты. Жады құрылғысы 1000 бит құрады. Цузенің құрған ЕМ кейінгі кезде дүние жүзіндегі бірінші жасалынған компьютер деп жүр. 1940 жылы Цузе Z2 машинасын релейлік логикада жасады. Ал 1941 жылы Z3 электромеханикалық бағдарламалық есептеуішті жасады. Есептеуіш 2100 электромеханикалық релелерден тұрды. Бағдарлама перфолентада сақталды. Жады сыйымдылығы 64, 22 биттік сөзден тұрды. Көбейту операцясы 3-5 с. 1943 жылы Говард Айкеннің басшылығымен бағдарламамен басқарылатын бірінші есептеуіш Mark машинасын жасады. Машина бірнеше есептеуіштерден тұрды. Әрбір есептеуіш ортақ есептің бір бөлігін өңдеді. Басқару бір құрылғы арқылы жүргізіледі. Командалар қағаз перфоленталардан оқылды. Есептеуіш 23-разрядты сандармен жұмыс жасады.
1945 жылы Цузе Z4 есептеуішін аяқтады. Z4 есетеуішінің архитектурасы қазіргі машиналар архитектурасына өте ұқсас. Жады құрылғысы мен процессор жеке құрылғы ретінде құрылған. Процессор төрт операцияны орындады, оның үстіне ол жылжымалы үтірлі сандармен де амалдар орындай алды және түбір табу операциясын орындауға мүмкіндік берді. Бағдарлама перфолентада сақталып олар тізбекпен оқылып отырды.