Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет31/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   94
Байланысты:
Кожанов 2

Фарадей тоғыбірде төмендеп, бірде жоғарылап тұратын, өте төменгі жиіліктегі айнымалы тоқ. Бұл тоқтың ерекшелігі бұлшық еттердің жирылуын қоздыруында. Әртүрлі күшпен әсер ететін тоқ бұлшық еттердің бірде қатты жирылуын, ал бірде кенеттен босаңсуын туындатады. Мұндай жағдайда оларға келетін қан мен лимфаның айналуы реттеледі. Осының әсерінен еттердегі зат алмасу процесі жақсарып, ауырған бұлшық еттердің жазылуына жақсы жағдай туады.
Фарадей тоғын АСМ-2 және АСМ-3 аппараттары арқылы алады.
Емдеу кезінде ескеретін жағдайлар:

  • жирылу ритмі минутына 40-тан аспауы керек;

  • бұлшық еттердің жирылуы малды тынышсыздандырмауы керек;

  • емдеу уақыты күніне бір рет, 20 минут пен 1 сағаттың аралығында болуы керек;

  • аурудың даму процесіне байланысты тағайындау режімін өзгертіп отырады.

Бұлшық еттерде зат алмасу процесі нашарлағанда, сал ауруларында, күйіс қайыратын малдардың алдыңғы қарыншақтарының жирылуы нашарлағанда қолданады.
Жедел қабыну процестерінде, тоққа сезімталдығы жоғары малдарға, ауру процесі асқынған жағдайда қолдануға болмайды.
Дарсонваль тоғымен емдеу.
Өте жоғарғы жиіліктегі (200-300 кГц), жоғарғы кернеулі (жүз мыңдаған в.) және күші (ондықтың жүзден бір бөлігіндей) әлсіз тоқпен мал организміне әсер ету арқылы емдеу.
Электр тоғы жүретін, оң және сол зарядтарға қосылған, конденсатор тектес металлдарды белгілі бір қашықтыққа жақындатқанда олардың арасында от ұшқыны пайда болады. Осы ұшқынның секундтық жиілігін белгілі бір мөлшерге дейін жеткізуге болады. Осындай жоғарғы жиіліктегі тоқты алу үшін электронды лампалар қолданылады.
Малдәрігерлік тәжірибеде Дарсонваль тоғын ауырған жерге тікелей бағыттау арқылы немесе мал организміне жалпы әсер ету арқылы қолданады. Бірінші әдісте вакуумды электродтар, ал екінші әдісте соленоидтан жасалған торшалар пайдаланылады.
Вакуумды электродтар әртүрлі пішінді, ішіндегі ауа 0,1-0,5 мм сынап бағынасына сиретілген, бір жақ басында металл қосқышы бар шыны түтікшелер. Осындай электродты малдың денесіне белгілі бір қашықтыққа жақындатқанда конденсаторда жүретін тоқ тәрізді онда от ұшқыны пайда болады. Мұнда конденсатордың бір бетін малдың денесі атқарса, екінші бетін ауасы сиретілген, иондалған заряды бар түтікшенің қуысы атқарады. Ал диэлектриктің рөлін түтікшенің шыны қабырғасы атқарады.
Тоқтың электродын ауырған жерге тікелей бағыттау арқылы емдегенде оны 3 түрлі әдіспен қолданады:

  1. Электродты мал денесіне тигізу, жабыстыру арқылы қолданғанда электрод тиген жерде бастапқыда жылулық, артынан жансыздану пайда болады.

  2. Электродты 2-3 мм қашықтықта ұстағанда нәзік тітіркендіру және қызару пайда болады.

  3. Бір нүктеге бағыттағанда күйдіру әсері байқалады.

Әрбір процедураның ұзақтығы 10-20 минуттан, 12-15 процедураны күніне немесе күн аралатып тағайындау керек.
Тоқтың физиологиялық әсерлері:

  • жүйке жүйесінің қозу процесін төмендетеді;

  • жергілікті ауырсынғандықты басады;

  • терінің сезгіштігін төмендетеді, көбірек әсер еткенде анестезия байқалады;

  • бастапқыда қан тамырларының өзегі тарылады, артынан ол кеңейіп, қан айналысы жақсарады, ұзақ уақыт қызару пайда болады, зат алмасу процесі жақсарады;

  • от ұшқындары ауаны иондайды, озон түзіледі де, тотығу-тотықсыздану процесі жақсарады;

  • организмге жылулық әсер етеді.

Дарсонваль тоғын ауру малды емдегенде дұрыс пайдалану үшін:

  • аурудың жағдайына байланысты тиісті электродты таңдап алады;

  • электродты орналастыратын жерді мұқият тазалайды;

  • Электродты жәйлап жылжыта отырып, одан шығатын от ұшқынының интенсивтігі арқылы, ең жақсы әсер ететін қашықтықты анықтайды;

  • Организмге жалпы әсер еткенде малдың торшаның неғұрлым ортасында тұруын қамтамасыз етеді.

Тоқпен емдеуді көпке дейін жазылмайтын созылмалы жараларды, жергілікті есекжем мен бөртпелерді, жүйке жүйесінің ауруларын; ал жалпы емдеу әдісін зат алмасуының бұзылуынан болатын ауруларды, шаншу құбылысымен сипатталатын аурулардың кейбір түрлерін емдеу үшін қолданады.
Залалды ісіктерді емдеуге және қан аққан жағдайларда қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет