Байланысты: Лекциялар жиыны Web қосымшаларды әзірлеу
Интерактивтілік. Internet ортасының басты сипаттамасы оның интерактивтілігі болып табылады. Интерактивтілік – бұл коммуникациялық хабарламалардың бір біріне қатысты орналасуын білдіретін, коммуникация процесінің жүзеге асуын көрсететін сипаттама. Интерактивтік өзара байланыс үшін ақпараттың немесе хабарламаның келуіне жауапты ісәрекеттің болуы тән, сонымен қатар, жауап алдындағы хабарламаның контекстінде болуы қажет.
Жоғарыда айтылғанға орай, Интернет ортасы үшін интерактивтілікті қолданушыға жауап қайтару мүмкіншілігі есебінде түсінуге болады. Осайша, интерактивтілік компьютердің қолданушының қимылын бағалап және осы бағаға байланысты жауап бере алатын мүмкіндігі бар, диалогқа қатысушы есебінде функциялық көрінісін кеңейтеді және толықтырады. Компьютерлік гиперортаны қолдану арқылы өзара байланысу процесінде клиентпен хабарласу қатынасты орнатудың ең бастапқы кезеңінде сол компьютерлік гиперортамен, клиенттің алдыңғы ісәрекетке қалай қарағандығына байланысты жасалуы мүмкін. Internet негізінде жатқан құрамдық модельді қайта қарау барысында, Internet ортасындағы интерактивтілік енді орта арқылы жеке қатынас деңгейінде жүзеге аспай, нақты ортаның өзімен өзара байланысу деңгейінде жасалатынын көруге болады.
Өзара байланыстың интерактивті сипаты коммуникация мүшелерінің өзара байланысу әсерін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бұл, мысалы тәжірибе жүзінде, келісім немесе сатып алу үшін қажетті ақпаратты алу үшін кететін уақытты қысқартуға керек. Сонымен қатар, ортаның интерактивті сипаты жеке клиенттің ерешеліктеріне қатысты байланыстың қалыптасу мүмкіндігін ұсынады.
Гипермәтін Internet ортасының гипермәтіндік табиғатының ерекшелігі аз емес. Гипермәтінге негіздерген дүние жүзіндегі ең алғашқы жүйені жылдан астам уақыт бұрын ЭЕМнің алғаш құрушыларының бірі (Ванневар Буш) ұсынған. Бұл жүйе Метех деп аталады, ол қолданушының жеке кітаптарын, жазбалар мен коммуникацияларын сақтайтын құрылғы, оған жүктелу тез және оңай. 1967 жылы Нельсон (Nelson) гипертексті жүйелер көрсеткіштері мен ассоцация ретінде бейнелеп, адам ойындағы жеке мәліметтер бөліктерін ұйымдастыру және байланыстыру мүмкіндіктеріне теңеді. 1993 жылы Бомман (Bomman) гипертекстке мынандай анықтама берді: " Гипертекст концепцияның ретсіз жазба мәліметтерін құрайды, осыған орай қолданушы мәліметтер бөліктерін бір-бірімен көрсеткіштер мен байланыстар көмегімен байланыстырады. Гипертекстік жүйеде мәлімет түйін және байланыс түрінде беріледі."
Гипертекст ұйымдстыру құралының бөліктерге бөлінген сызықты емес желілер формасымен сипатталады. Мұнда әр бөлік (фрагмент) келесі бөлікке белгілі бір байланыс типі арқылы көшеді.
Гипертекст мәліметтерді ғана емес, сонымен бірге қолайлы іздеу қондырғысын құрайды. Сонымен, гипертекстік көрініс мәліметтері қарапайым әдіске қарағанда, мәліметтерді қорытады.
Мультимедиа Мультимедияның пайда болуына байланысты динамикалық (аудио, видео, анимация) және статикалық (текст, графикалар, суреттер) құрамы бар кмпьютерлік интеграция мүмкіндігі туды. Түйіндер мен байланыстар комбинациясы гипертекстік жүйе мультимедиасында жңа ортаны құруға мүмкіндік берді.
Гипермедиа – бұл мәліметтер көрінісі және оған кіру әдісі. Оның концепциясы граф түрінде берілген мәліметтер кеңістігінің моделінде орналасады, түйіндерінде мәліметтер, ал семантикалық байланыс граф доғасында қамтылады. Ақиқатты гипермедия жүйесіндегі сақталатын мәлімет осы заманғы компьютер шығара алатын барлық мүмкін формалармен көрсетіледі. Сонымен қатар, гипермедиа өзінде радио (аудио), теледидар (динамикалық бейне), пресса (текст, суреттер, фотосуреттер) және компьютер (видеотерминал) компьютерлік гиперортада құрамында жататын гипертекстік байланыстарды орнатады.
Болу эффектісі Интернеттің коммуникациялық моделінің басты мәселесі "болу эффектісі" болып табылады, қоршаған ортамен клиенттің араласу процесі: жағдай, бөлме, компьютерлік жұмыс орын және т.б., компьютерлік гиперәдіспен құралатын орта құрамына кіреді. Дәреже қатынасы мен клиентке әсер ету "болу эффектінің" дәрежесін анықтайды. Айта кеткен жөн ,"болу эффектісі" өзінің табиғатына сай, интерактивтік араласу мен компьютерлік гиперортамен тығыз байланысты.