Дәріс Клиент-серверлік жүйелерге кіріспе


Дәріс 2. WEB- қосымшаларды жасау технологиялары



бет3/19
Дата19.04.2023
өлшемі110,67 Kb.
#84098
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Лекциялар жиыны Web қосымшаларды әзірлеу

Дәріс 2.
WEB- қосымшаларды жасау технологиялары

Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-құжаттарының бір ортақ қасиеті – олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web-құжаттарды жасау программалауға ұқсас болған­мен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML – гипермәтіндік белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақ­тар түрінде бейне­леуге арналған ережелер жиынын анықтайды.


Интернеттің қазіргі дамуы 90 - жылдар басында компьютерлер ара­сында мә­лі­мет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама HTTP (HyperText Transfer Protocol – гипермәтінді тасымалдау ха­т­тамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wіde Web қызмет бабы (WWW немесе тек Web) пайда болды.
Бұл файлдардың басым көпшілігі Web-парақтар түрінде – HTML (Hyper­Text Markup Language – гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР серверлерінде (Web-торапта­рында) орна­ластыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде Интер­нетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әр түрлі бола береді және олар көптеген тақырыптарды қамти алады, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжат­тарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) *. HTM немесе *. HTML болуы тиіс.
HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.
Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол – мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтін экранда белгіленіп ерекшеленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжат ашылады. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Интернет жүйесіндегі басқа компьютерде орнала­сып, бейне­жазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.
Гипермәтінді экранға шығарып бейнелеу үшін броузер (browsers) деп ат­алатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Броузер арнайы командалармен – тәгтермен толықтырылған мәтіндік құжатты қабылдап алып, оның тақырыптарын экранға үлкен әріптермен, ал жай мәтіндерін кішірек таңбалармен жазады, оның ішіндегі суреттерді де адрестеріне сәйкес басқа немесе осы компьютерден оқып экранда көрсетеді. Ең кең тараған броузерлерге Windows операциялық жүйесі­мен бірге қойыла­тын Internet Eхplorer және жеке қолданылатын Netscape Navigator прог­раммасы жатады. Осы екеуі (олардың бұрынғы нұсқаларын қоса есеп­тегенде) бүгінгі қолданылып жүрген броузерлер­дің 90 %-ын құрайды.
Сонымен, web-құжат дегеніміз тэгтермен толықтырылған мәтіндік файл болып табылады, оның мәтіндерін бір-бірімен байланыстыра оты­рып белгілеуге мүмкіндік беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңды­лық­­тары мен ережелері бар. Web-құ­жат­тың алғашқы нұсқасын Блокнот сияқты редакторлардың бірінде дайындап алып, броузер арқылы экранда көреміз. Егер оны тү­зету ке­рек болса, броузер арқылы мәтін нұсқасын экранға шыға­рып түрлен­діру қажет. Web-құжаттарды жасап, оны көрнекті түрге келтіріп безен­ді­ретін мамандарды web-шебер немесе web-дизайнерлер деп атай­ды. Шағын көлемді web-құжатты HTML тілінің негізін білетін кез келген студент жасай алады.
Негізінде гипермәтіндік web-құжаттар жасаудың екі тәсілі бар, олар: HTML тілін пайдалану және арнаулы HTML-редакторларды қолдану. Соңғы тәсіл «экранда не көрсең, соны аласың» деген WYSI­WYG принципімен диалог режимінде істейтін Netscape Editor, Hot Dog, Front Page сияқты программалар арқылы гипермәтін жасауды жү­зе­ге асырады, олар құжаттың ішкі құрылымына араласпай, тек меню командалары немесе батырмалар арқылы керекті құжат бейнесін қа­лып­тастырады. Дегенмен, HTML тілі ең қысқа, әрі жылдам істейтін тәсіл болып есептеледі, редакторлар арқылы жасалған Web-парақ­тың ең соңғы нұсқасына өзгертулер енгізу де HTML тілі арқылы орын­далады.
Бақылау сұрақтары: 1) Клиент-серверлік архитектураны құрайтын негізгі желілер қандай? 2) Желіні бағдарламалық қамсыздандыру қандай принциппен жүргізіледі? 3) Провайдердің магистральды желі термині нені білдіреді? 4) Провайдерлер желілерінің бірігуі қалай орындалады? 5) Интернетті түзетін желілер иерархиясы қалай аталады?

ӘДЕБИЕТТЕР:


1. Б.Бөрібаев, Г.А. Мадьярова Б 79 Web-технологиялар. Оқулық – Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір» 2011 ж.
2. 2.С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.
3. В.Холмогорв. Основый WEB-мастерства:учебный курс. ПИТЕР».Санкт-Петербург, 2000
Дәріс 3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет