Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-20 фр 03



бет14/46
Дата14.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#61250
түріКонспект
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46
Байланысты:
Дәріс мәтіні

Параллель өңдеу
Әрқайсысы 100 нақты саннан тұратын екі вектордың қосындысын табу керек делік. Бұл операцияны орындау үшін, біздің қол астымызда екі пар санның қосындысын компьютер жұмысының бес тактісінде орындай алатын есептеу құрылғысы бар және де бұл құрылғы осы операцияны орындау барысында одан басқа ешқандай пайдалы жұмыс атқара алмайтындай етіп жасалынған болсын. Бұндай шарттар негізінде барлық операция 500 тактта орындалады. Уақытқа байланысты мәліметтерді өңдеу процесі схема түрінде 7-ші суретте кескінделген.
Енді бізде, дәл осындай, бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз жұмыс істей алатын екі құрылғы бар болсын делік. Әрбір құрылғыны ендірілетін массив элементтерімен үнемі жүктей отырып, ізделініп отырған қосынды нәтижесін 250 тактіде (8 сурет) алуға болады. Осы секілді 10 құрылғы жағдайында, қосынды нәтижесін алу уақыты бар болғаны 50 тактіні құрайды, ал жалпы жағдайда N құрылғыдан тұратын жүйе бұл операцияны орындауға шамамен 500/N уақыт жұмсайды. 23
Параллель өңдеу мысалдарын біздің күнделікті өмірімізде де көптеп кездестіруге болады: супермаркеттегі кассалық аппараттар, көп қатарлы автотрассадағы машиналар қозғалысы, май құю станцияларындағы бірнеше бензин колонкалары т.б. Параллель өңдеу мәселесінің алғашқы пионерлерінің бірі ретінде, академик А. А. Самарскийді атауға болады. Ол өткен ғасырдың 50-ші жылдарының басында ядролық жарылыстардың моделін жасау үшін қажетті есептеулер орындаған болатын және де бұл есепті қолдарына арифмометр беріп, бірнеше ондаған қыздарды столдарға жайғастыра отырып шешті. Қыздар мәліметтерді бір-біріне сөзбен жеткізе отырып, қажетті цифрларды арифмометрге енгізіп отырды. Осындай қарапайым «параллель есептеу жүйесінің» көмегімен А. А. Самарский ядролық жарылыс толқынының эволюциясын есептеп шығарды.

7 сурет. Бір операцияны бес тактіде орындайтын тізбекті құрылғының
көмегімен С=А+В қосындысын есептеу
Бақылау сұрақтары:

  1. Компьютердің аппараттық құрылымын жетілдіру.

  2. Программалаудың параллель модельдері.

  3. Параллель өңдеу.

  4. Бір операцияны бес тактіде орындайтын тізбекті құрылғының көмегімен С=А+В қосындысын есептеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет