Бақылау сұрақтары:
«Операциялар-операндтар» графы түрінде есептеу моделі.
Сандардың қосындысын табу алгоритмдері.
Программалау модельдері.
Жадының әрбір ұяшығының адресі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Воеводин Вл. Параллельные вычисления. Санкт-Петербург, 2012 г.
2. Грегори Р. Эндрюс. Основы многопоточного, параллельного и распределенного программирования. Пер. с. англ. –М.: Издательский дом «Вильямс», 2013 г.
3. Акжалова А.Ж. Параллельные вычисления (учебное пособие). – Алматы, 2014 г.
4. Дүйсембиев Е.Е. Параллель есептеулер. Оқулық – Алматы 2011 ж.
8-Дәріс
Тақырыбы: Мәліметтердің параллельділігі және есптердің параллельділігі.
Жоспар:
Компьютердің аппараттық құрылымын жетілдіру.
Параллель өңдеу.
Өткен ғасырдың соңғы жылдарынан бастап микроэлектроника өте үлкен қарқынмен даму үстінде. Оған, дербес компьютерлердің өнімділігінің әрбір бір-екі жылда бірнеше еселеп ұлғайып келе жатқаны куә. Осы ретте, бүгінгі күнгі жаңа компьютерлердің өнімділігінің өте шапшаң өсуі осы себептерге ғана байланысты ма деген сұрақ туындайды. Тарихи фактілерге назар аударып, қарапайым салыстырулар жүргізіп көрелік.
1949 жылы пайдалануға берілген алғашқы компьютерлердің бірі – EDSAC (тактілік уақыты 2 микросекунд), шамамен секундына 100 арифметикалық операция орындай алған болса, 2001 жылғы HP Superdome суперкомпьютерінің (тактілік уақыты 1,3 нс, процессоры РА-8700, 770 мгц), өнімділігі шамамен секундына 190 миллиард арифметикалық операцияны құраған.
Бұдан не көріп тұрмыз? Соңғы жарты ғасырда, компьютердің өнімділігі шамамен екі миллиард есе артқан. Ал тактілік уақытының 2 мкс-тан 1,3 нс-ке дейін кемуіне байланысты өскен жылдамдықтан ұтысы бар болғаны шамамен 1500 есе ғана. Бұл цифрді микроэлектрониканың өркендеуімен байланыстырамыз. Енді қалған өсім қайдан алынды? Бұның жауабы айқын – компьютер архитектурасында жаңа инновациялық шешімдерді пайдалану, және бірнеше әрекеттерді бір мезгілде орындай алу идеясына негізделген мәліметтерді параллель өңдеу принципін қолдану.
Алайда, компьютер архитектурасындағы кездесетін параллельділік формаларының көптігіне қарамастан мәліметтерді параллель өңдеудің негізінен екі түрін ғана бөліп көрсетуге болады: параллелділік және конвейерлік. Осыларға қысқаша тоқталып өтелік.
Достарыңызбен бөлісу: |