Көпбұрыштар ұғымы. Дөңес және дөңес емес көпбұрыштар.
Дұрыс көпбұрыштар.
Сынықтар
Бір түзуде жатпайтын А1А2, А2А3, ..., Аn-1An кесінділерінен тұратын фигураны A1A2...An сынық сызығы деп атайды.
А1, А2, ..., An нүктелері сынық сызықтың төбелері деп, ал
А1А2, А2А3, ..., Аn-1An кесінділері буындары деп аталады.
Сынық сызықтың бірінші буынының басы мен соңғы буынының ұшы беттессе, ол тұйық сынық сызық деп аталады.
Көпбұрыштар ұғымы. Дөңес және дөңес емес көпбұрыштар
Жай тұйық сынық сызықпен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигура көпбұрыш деп аталады.
Сынық сызықтың буындары көпбұрыштың қабырғаларыдеп, ал төбелері көпбұрыштың төбелері деп аталады.
Егер көпбұрыш оның әрбір қабырғасы арқылы өтетін түзулердің бір жақ бөлігінде жатса, онда мұндай көпбұрыштыдөңес көпбұрыш деп атаймыз.
Егер көпбұрыш оның ең болмаса бір қабырғасы арқылы өтетін түзудің екі жақ бөлігінде жатса, онда мұндай көпбұрыштыдөңес емес көпбұрыш деп атаймыз.
Көршілес емес төбелерді қосатын кесінділер көпбұрыштыңдиагональдары деп аталады.
Топтық тапсырма: "Көпбұрыштың қанша қабырғасы және
диагоналі бар? " Кесте - 1
Кесте - 2
Кесте - 3
Көміртектің күрделі молекулалары көпбұрыштың табиғаттағы мысалы бола алады.
Ара ұясы алтыбұрыштан тұрады. Бірақ аралар ұясындағы қалталар үшін неге дұрыс алтыбұрыш пішінін таңдаған?
Дұрыс көпбұрыштар ішінен бірдей ауданмен ең кіші периметр дұрыс алтыбұрыштыкі. Бұндай «математiикалық» жұмыста аралар 2% балауыз үнемдейді. 54 ұяшықты салуда үнемделген балауызды осындай тағы бір ұяшықты салуға пайдалануға болады. Дана аралар балауыз бен уақытты ұяшық салуға үнемдейді.
3.Дұрыс көпбұрыштар Видеоролик https://www.youtube.com/watch?v=4P7fQhQwL1c