Субаквальды фациялар – сулы жерлерде қалыптасады, сондықтан түпкі батпақтарда қозғалмалы химиялық элементтер жинақталады. Мұнда гумустың орнында сапропельдер пайда болады.
2. Қоныс деп – біртекті субстраттағы белгілі бір жер бедерінің мезоформасында орналасқан, физикалық-географиялық процестердің ортақ бағытымен біріктірілген фациялардың ұйымдасқан жүйесін атаймыз. Мұндағы мезорельеф түрлеріне төбелі, ойпатты жерлердің кезектесіп келуін қарастырамыз. Мысалы: жыра, сай, өзен жайылмасы, т.б.
Жергілікті жердегі ағыс пен атмосфера циркуляциясы, химиялық элементтер миграциясы жер бедерінің оң және теріс формаларын біріктіргенмен, бәрібір жоғарғы және төменгі рельеф формаларында айырмашылықтар болады.
Тау беткейлеріне тән үрдістер:
1) белсенді түрде жүретін дренаж;
2) заттардың төмен ығысуы;
3) суық ауаның төмен бағытталуы;
4) фациялардың элювиальдық типтерінің басым болуы.
Ал ойпаң жерлерде:
1) артық ылғалдану;
2) заттардың аккумуляциясы;
3) суық ауаның шөгуі;
4) гидроморфтық фациялардың басым болуы байқалады.
Ал, мезорельефтің қарама-қарсылықты формасы жоқ жерлерде, қоныстарды негізгі тау жыныстарының айырмашылықтары арқылы анықталады.
Қоныс – геожүйелік иерархияда фация мен ландшафт аралығында орналасатын маңызды аралық саты. Ол негізінен далалық ландшафттық түсірудің объектісі болып табылады, сонымен қатар аэросуреттерді талдауда негіз болып саналады.
Ландшафт морфологиясындағы маңызы бойынша қоныстар мынандай түрлерге бөлінеді:
1) фондық (доминанттық);
2) субдоминанттық. Қоныстар ішкі құрылымы бойынша әртүрлі болып келеді:
– қарапайым;
– күрделі.
Қарапайым қоныстар – белгілі бір мезорельеф аумағында, біркелкі субстратта қалыптасады.
Күрделі қоныстар – ірі мезорельеф формасында екінші дәрежелі мезоформамен күрделенген (жыралы төбе, көлді, батпақты қазаншұңқыр) болып келеді.
Қоныстарды классификациялау белгілі бір аймақтық материалдар негізінде, ірі және орта масштабты картаға түсіруде қолданылады.
Жер бедерінің жеке дара бітімінде қалыптасқан қоныстар тізбегінің құрылымдық, динамикалық бірлігін жергілікті жер деп атайды.
Ландшафтының геологиялық құрылысы мен жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай іргелес жатқан қоныстар тіркесіп жергілікті жер деп аталатын территориялық табиғат кешенін құрайды. Жергілікті жер ландшафтының құрамында кейде болмай да қалады. Тұтас бітімді қоныстан тұратын ландшафттылар жергілікті жерге бөлінбейді. Мұндай ландшафтылар жер бедері тегіс, морфологиялық құрылымы бөлінбейтін дала, шөлейт, шөл жиі кездеседі. Ал ойлы қырлы жерлерде қоныстар тізбегі типтес бірлігі әртүрлі болатын жергілікті жер тобын құрайды да, типтік, тектестік, түрлестік бірлікке жіктеледі. Жергілікті, региондық, планеталық геожүйелер кездеседі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Исаченко, А.Г.; Шляпников, А.А. Ландшафты; М.: Мысль - Москва,