Ағын айнымалылары – бұл уақытқа байланысты өлшеніп отыратын өзгермелілер, яғни белгілі бір уақыт, күн, ай, квартал, жыл аралығында өзгеріске ұшыраған экономикалық құбылыстар ағыны (мысалы, халықтың жиынтық табыстары мен шығындарының өзгерістері, инвестициялар, жинақтар, мемлекеттік шығындар, экспорт пен импорт, бюджет тапшылығы, табыс, елдегі халық саны, күн сайынғы еңбекке жарамды жасқа кіретін жəне одан шығатын азаматтардың саны, жұмысынан айырылған жəне жұмыс тапқан азаматтардың саны, т.б.).
Макроэкономикалық саясат – бұл əлеуметтік жəне экономикалық мəселелерді шешуге бағытталған шаралар мен ісқимылдар жүйесі.
Макроэкономикалық саясат – бұл əлеуметтік жəне экономикалық мəселелерді шешуге бағытталған шаралар мен ісқимылдар жүйесі.
Макроэкономикалық саясаттың объективті мақсаты – ұлттық экономикадағы қарама-қайшылықтарды жұмсарта отырып экономикалық тиімділік пен əлеуметтік əділеттілікті қолдау.
Макроэкономикалық саясат құралдары – бұл бір немесе бірнеше макроэкономикалық мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жəне үнемі мемлекеттің бақылауында болатын экономикалық өзгермелілер.
Экономикада сыртқа ағулар мен инъекциялау (енгізулер) ұғымы қарастырылады.
Экономикада сыртқа ағулар мен инъекциялау (енгізулер) ұғымы қарастырылады.
Сыртқа ағу ұғымы – ұлттық табыстың елдің ішінде өндірілген тауарлар мен қызмет көрсетулерден басқа мақсаттарға жұмсалуын білдіреді.
Инъекциялау – ел ішінде өндірілген өнімдерді сатып алу үшін отандық тұтыну шығындарына қосылатын шығындар. Инъекциялаудың арқасында жиынтық шығындардың өсуі экономикадағы ұсынысты кеңейте отырып, жұмыспен қамтамасыз етуді, өндірісті ынталандырады.
Экономикадағы сыртқа ағулар мен инъекциялау шамалары өз ара тең болғанда төмендегі үлгідегі табыстар мен шығындар ағыны да өзара тең болып макроэкономикалық тепе-теңдік орнайды.