Дәріс материалдар кедергісінің негізгі түсініктері. Мақсаты: Материалдар кедергісінің негізгі түсініктерімен танысу



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата01.04.2022
өлшемі185,69 Kb.
#29573
1   2
орталықтарының геометриялық орны.  

2.  Бір өлшемі (қалыңдығы) өзге екеуінен әлдеқайда кіші дене табақ деп 

аталады (1,б-сурет). 

3. Ара қашықтығы басқа өлшемдеріне қарағанда әлдеқайда кіші болатын 

екі қисық сызықты беттермен шектелген толық немесе ішінара тұйықталған 

денелерді қабық деп атайды (1, в-сурет). 

«Материалдар  механикасы»  пәнінде  деформациялану  мөлшері  аз, 

көбінесе көлденең қималары  тұрақты, сырық  тәрізді  жұмыр денелер немесе 

олардан құралған қарапайым жүйелер қарастырылады. 

 «Материалдар 

механикасы» 

пәнінде 

қабылданатын 

негізгі 

жорамалдар. 

Конструкция  элементтерін  есептеу  әдістерін  жеңілдету  үшін, 

«Материалдар  механикасы»  пәнінде  материалдардың  құрылымы,  қасиеттері 

туралы,  деформациялар  мен  күштер  және  т.б.  деректер  туралы  бірнеше 

жорамалдар  қабылданған.  Бұл  жорамалдар  ескеріліп  алынған  есептеулер 

нәтижелерінің  дұрыс  екені,  оларды  инженерлік  есептеу  ісінде    кеңінен 

қолдануға болатынығы тәжірибе жүзінде дәлелденген. 

Бірінші  жорамал.  Кез  келген  дене  есептеуі  барысында  үздіксіз  тұтас 



орта  деп  қарастырылып,  оның  дискреттік  (атомдық)  құрылымы 

ескерілмейді. 

Екінші жорамал. Мәшине бөлшектері біртекті, яғни, олардың кез келген 



нүктелеріндегі қасиеттері бірдей деп қарастырылады.  

Үшінші жорамал. Материалдар изотропты, яғни олардың механикалық 



қасиеттері барлық бағытта бірдей.  

Әр  түрлі  бағыттардағы  механикалық  қасиеттері  бірдей  емес 

материалдарды анизотропты материалдар деп атайды. 

Төртінші жорамал. Күш түскенге дейін денеде ішкі кернеу жоқ. 

Бесінші  жорамал.  Күш  әрекеттерінің  тәуелсіздік  (суперпозиция) 

принципі. 

Бұл принцип бойынша денедегі топ күштер әсерлерінің нәтижесі, сол 

топтағы  жеке  күштердің  әсерлерінің  нәтижелерінің  қосындысына  тең. 



Яғни, күш тобының әсерінен жүйеде пайда болған деформация, сол топтағы 

жеке күштердің әсерлерінен пайда болған деформациялардың  қосындысына 

тең. 

Алтыншы  жорамал.  Сен-Венан  принципі.  Бұл  принцип  бойынша, 



конструкция  элементінің  сыртқы  күш  түсірілген  жерінен  жеткілікті 

қашықтықта  жатқан  нүктеде  пайда  болған  ішкі  кернеу,  сыртқы  күшті 

түсіру ерекшелігіне тәуелсіз. 

 

Бақылау сұрақтары: 

1. Материалдар механикасы пәнінің міндеттері; 

2. Күштер, ішкі күштер, кернеулер ұғымы; 



3. Қималар әдісі. 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет