Байланысты: Мәдениет 4- дәріс Мәдениет анатомиясы docx
Әл-Фарабидің мәдениет туралы пікірлері негізінен араб
мәдениетінің мына 4 тармағына байланысты:
1. Хақиқат (бір Алланың ақиқаттығын дәлелдеу).
2. Шариғат (мүсылмандық түрмыс-салт заңдары).
3. Тарихат (Аллаға қызмет өткен әулиелер өмірі).
4. Маарифат (білімділік, парасаттылық идеялары).
Осыңдай түлғалық деңгейге ең алдымен ел басшысы көтерілуі керек. Ол өзінің аңдағыш қасиеті арқасында дана, философ, кемеңгер, парасат иесі болып шығады. Міне, осының бәрі оның тәңірілікті танып білетін болмысының шарапаты. Мәдениетті адам тәрбиелеу мәселелерін әл- Фараби өзінің «Қайырымды қала түрғындарының көзқарастары туралың,
«Бақыт жолын сілтеуң, «Ақыддың мәні туралың, «Данышпандықтың інжу- маржаның, «Бақытқа жету жайындаң ж.т.б. трактаттарында жан- жақты талдаған. Оның жиі қолданатын үғымы — «қала». Қаланы әл- Фара-би жай ғана қоныс, түрғын жер деп түсінбей, оны адамдардың мәдени топтары, мемлекет мағынасында қолданады. Бұрын ай-тып кеткеніміздей, тіліміздегі медениет үғымының арабшасы «маданиятң, мадина, яғни қала сөздерімен түбірлес. Ізгілер қала-сының түрғындары, ұлы үстаздың ойынша, өздерінің инабатты-лығымен, әділеттілігімен, білімділігімен, өнер сүйгіштігіменкөзге түседі.
Жалпы алғанда, әл-Фараби — Шығыс мәдениетінің алып тұлғасы ол дүниежүзілік өркениетте өзінің қадірлі орнын алады. Оның рухани мүрасы өзінің ұлы ізбасарлары Ибн-Синаға, Бируниге, Жүсіп Баласағұнға және т.б. суалмайтын қайнар болды.
Бақылау сұрақтары:
Мәдениет формасын қалай түсінесіз?
Мәдениеттің тарихи этапын атаңыз
Технология мен техниканың қазіргі заман мәдениетіндегі орны қандай?