Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет15/75
Дата19.10.2023
өлшемі1,46 Mb.
#119202
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

3. Жаулап алудың зардаптары. 
Шыңғысхан ҽскерлерінің шапқыншылығы жаулап алынған елдер үшін ҿзінің зардабы 
жағынан ауыр апат болды; ол кҿптеген халықтардың экономикалық жҽне мҽдени 
прогресін, олардың саяси, ҽлеуметтік жҽне этникалық дамуын ұзақ уақытқа тежеді. 
Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан ҿндіргіш күштер талқанданып, адамдар жаппай 
қырылды, ҿркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық жҽне мҽдени 


қазыналар жойылып кетті, ондаған мың тамаша шеберлер мен қолҿнершілер құлдыққа 
айдалды.
Жергілікті халықтың қарсылығын басу үшін Шыңғысхан жаппай қырып-жою 
тҽсілдерін қолданды. Шыңғысханның Орта Азияға барар жолында орналасқан Онтүстік
Қазақстанның сыр ҿніріндегі қалалары мен қоныстары бұл тҽсілдердің алғашқы 
құрбандары болды. Араб жҽне парсы деректерінде түрлі елдердің халқын монғолдар 
түгелдей дерлік қырып тастаған, отызға тарта қалалардың аты атап кҿрсетілген, олардың 
ішінде Оңтүстік Қазақстанның Отырар, Сығанақ жҽне Ашнас қалалары айтылады. 
Отырар тұрғындары мен оның гарнизонының алты ай бойы қарсыласқаны үшін
қаталдықпен кек алынды – монғолдар қаланы тонады, қамал мен қорғаныстың дуалын 
қиратты, қаланың тірі қалған тұрғындарының кҿпшілігін қырып тастады. Отырар 
тұрғындарының шағын бір бҿлігі, «қылыштан қашып құтылғандары» ғана тұтқынға 
алынып, қаланы қоршауға алған кезде пайдалану үшін Самарқанд маңына айдап ҽкетілді. 
Сығанақты жеті күн бойы үздіксіз шабуыл жасап алғаннан кейін басқыншылар оның 
халқын түгел қырып тастады. Сырдарияның тҿменгі ағысындағы Ашнастың халқы да 
осындай жағдайға душар болды. Бұл ауданның басқа қалаларында – Жентте, Үзкентте 
жҽне Баршынлыкентте халықты мұншалықты қыру болған жоқ, бірақ бұл қалалар да 
монғол ҽскерлерінің талап-тонауына берілді. Оңтүстік Қазақстанның басқа отырықшы-
егіншілік орталықтарының халқы да зардап шекті. Папа IV Иннокентийдің Күйік ханға 
жіберген елшісі 1245-1247 жылдары Оңтүстік жҽне Оңтүстік-Шығыс Қазақстан арқылы 
жүріп ҿткен Плано Карпинидің байқаулары осыны дҽлелдейді. Атап айтқанда, Сырдария 
ауданында ол жҽне оның серіктері жермен жексен болған кҿптеген қалаларды, қирап 
қалған бекіністерді жҽне қаңырап қалған қыстақтарды кҿрген. Шапқыншылықтан 
қалалармен олардың тҿңірегіндегі халықтар ғана емес, кҿшпелі жҽне жартылай кҿшпелі 
аудандардың халқы да зардап шекті. Сол Плано Карпини былай деп атап кҿрсетті: «Біз 
қағанаттардың жеріне аяқ бастық... Бұл жерден, сондай-ақ Команиядан біз аяқ астында 
тезекше шашылып жатқан сансыз адамдардың бас сұйектерінің қанқаларына тап 
болдық... Бұл адамдар, командар да, қанғиттер де, жер ҿңдемеген, малмен күн кҿрген, 
олар сондай-ақ үй салмастан, шатырларда орналасқан. Татарлар оларды да қырып жойған, 
енді ҿздері солардың жерінде тұрады, ал тірі қалғандарын құл қылып алған». Монғол 
басқыншыларына қарсы күрескен халықтың тағдыры осылай болған. 
Монғол феодалдары үстемдігі орнауының ауыр зардаптары ешбір ұрыссыз-ақ басып 
алыпған деуге болатын Жетісу жеріне де ауыр тиді. Шыңғысханның шабуылына дейін-ақ 
үздіксіз соғыстарда күйзеліске ұшыраған бұл шағын аймақтың халқы басқыншыларыға 
қарсылық кҿрсете алмады. Алайда жазбаша деректемелер мен археологиялық мҽліметтер 
Жетісудағы қала мадениеті мен отырықшы-егіншілік мҽдениеттің едҽуір бүлінгенін
егістік үшін игерілген жерлердің ҿлкеде монғол үстемдігі алғашқы ондаған жылдарда-ақ 
жайылымға айналдырылғанын дҽлелдейді. 
Француз королі IX Людовиктің монғол ханы Мҿңкеге жіберген елшісі Рубрук 
монғол шапқыншылығынан кейін отыз жылдан сҽл астам уақыт ҿткен соң, 1250-1255 
жылдары Қазақстан аумағы арқылы ҿтіп бара жатып, егіншілік мҽдениетінің күйрегені 
туралы, Жетісудағы, атап айтқанда Іле алқабындағы қалалардың ғайып болғаны туралы 
алғашқылардың бірі болып мағлұматтар қалдырған. Ол былай деп жазған: «Біз оң жағын 
биік тау қоршаған, ал сол жағында айналасы 25 күншілік теңіз бе, ҽлде кҿл ме, шалқып 
жатқан ҿте ҽсем жазықпен жүрдік. Бұл жазық таудан басталып ҽлгі аталған теңізге келіп 
құйып жатқан сумен түгелдей тамаша суландырылған. Жазда бұл теңіздің солтұстік 
беткейі арқылы қайттық, бұл беткей де таулы болып келеді. Жоғарыда аталған жазықта 
бұрын кҿп қала болған, бірақ олардың кҿпшілігін ҿздерінің малын бағуға жағдай жасау 
үшін татарлар қиратып жіберген, ҿйткені онда ең тамаша жайылымдар болған». 


Бір кезде гүлденіп тұрған, халқы жиі қоныстанған, қала мҽдениеті дамыған ҽрі 
отырықшы-егіншілік жҽне мал шаруашылығы бар Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағы 
ҿзінің бұрынғы экономикалық саяси жҽне мҽдени маңызынан тез айрылды. Мұның
бірнеше себебі болған. 
Оңтүстік-Шығыс Қазақстан ҿзінің географиялық жағдайына 
байланысты монғол жаулап алушылары үшін маңызды стратегиялық ҿлке болып шықты. 
Бұл аудан басып алынған жерлерде пайда болған неғұрлым ірі үш монғол ұлысының 
орталығына айналды, ал оның аумағы осы ұлыстар арасында бҿліске түсті: Жошы 
ұлысына Балқашқа жақын жатқан Жетісудың бір бҿлігі тиді; Іле ҿзенінің алқабы Оңтүстік 
Қазақстанның егіншілікті жазираларына қоса Шу, Талас ҿзендерінің аралығы Шағатай 
ұлысының құрамына кірді; Жетісудың солтүстік-шығыс бҿлігі Үгедей ұлысынан шалғай 
болса да маңызды бҿлігін құрады, ал Үгедейдің ордасы Тарбағатай ауданында орналасқан 
еді. 
Қырдағы мал шаруашылығы аудандарының монғолдардың жаулап алуы ертедегі 
таптық, феодалдық қатынастардың нығаюымен сол қалпында қалуына ҽкеп соқты. 
Бағындырылған халық хан үйіне тиесілі деп саналды оларға ауыр салықтар салынып,
міндеткерліктер жүктеліп отырды. Салықтардың ауыр езгісі халықтың жаппай күйзелісіне 
ҽкеп соқты.
Шыңғысханның 
жҽне 
монғол 
феодалдарының 
басқыншылық 
саясаты 
бағындырылған халықтар үшін ғана емес, монғолдардың ҿздері үшін де кесапат болды.
Толассыз жүргізілген соғыстар монғол араттары бұқарасына шалғай жерлерге жорыққа 
аттану үшін қосымша шығын жұмсап, жоқшылыққа ұшыраудан, жорықтар кезіндегі 
тақсыреттер мен жат жерде ҿлуден басқа ештене берген жоқ. Шыңғысхан мен оның 
мирасқорларының соғыстары жаулап алынған елдердің ғана емес, Монғолияның ҿзінің 
де, ҿндіргіш күштерінің құлдырауына ҽкеп соқты. 
Қазақстан аумағында ежелден тұратын этникалық топтар мен халықтардың жҽне 
олардың жерлерінің монғол ұлыстарына бҿлінуі олардың ертеден бері түрлі саяси 
құрылымдар шегінде болуын нығайтты, сол арқылы халықтың этникалық, шаруашылық, 
мҽдени тұрғыдан бытыраңқылығын ұзартты.
Сонымен бірге Монғол империясының, одан соң Алтын Орда мен Шағатай жҽне 
Үгедей (Хайду мемлекеті) ұрпақтары мемлекеттерінің құрылуы бір Қазақстанның 
аумақтық шеңберіндегіден гҿрі неғұрлым кең тұрғыдағы, яғни Евразиялық дала мҽдениеті
мен монғолдар бағындырып алған елдердің отырықшы-егіншілік мҽдениетін 
таратушылардың ҿзара ҽсері мен ҿзара ықпалы тұрғысысындағы интеграциялық 
процестердің дамуына мүмкіндік берді. Ол былай тұрсын, Қазақстан халқының мұсылман 
Шығысымен, Европамен, Қытаймен кеңінен араласуына мүмкіндік туғызды. Монғол
билігі сауданы, халықаралық байланыстарды дамытуға ынталандырды, жер-жерде почта 
жҽне жҽмшік қызметін енгізді. Бұрын алыс болып келген халықтар арасында сауда жҽне
мҽдени байланыстар орнатылды. Ұлыстардың аумағымен сауда керуендер жүріп ҿтті, 
алыс ҿлкелерге дипломатиялық миссиялар, саяхатшылар аттанып, Европаға, алыстағы 
бұрын беймҽлім Азия елдері мен халықтары туралы мҽліметтер жеткізді. Монғолдар 
далаға орталықтандырылған ҿкімет идеясын ҽкелді, бұрын ұйымдаспаған тайпаларды 
біріктірді, жаңа жағдайларға бейімделген дала заңдарын іске қосты. Моңғолдардан 
кейінгі уақыттағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттерде кейінен ҽлеуметтік ұйымның 
кҿптеген нормалары мен мемлекеттік нысандары пайдаланылды. 
Дамудың маңызды кезеңдерінің бірі монғолдардан кейінгі кезең, XIV-XV ғасырлар 
болды. Сол кезде Шығыс Дешті Қыпшақтың (Қазақстанның далалық бҿлігі), Жетісу мен 
Түркістанның (деректемелерде соңғы орта ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстан аумағы 
осылай аталады) кҿшпелі, жартылай кҿшпелі жҽне отырықшы – егінші халқын этникалық 
жҽне саяси жағынан топтастыру аяқталды. Қазақ халқының қалыптасу процесі аяқталып, 


жергілікті этникалық негізде мемлекеттілік қалпына келтірілді. Бұл ғасырларда біртұтас 
халық пен оның мемлекетінің қалыптасуы жҿніндегі тарихи процесс аймақтың саяси 
бытыраңқылығын жою қиын жағдайларда ҿтті. 
Қазақстан тарихындағы бұл күрделі дҽуірдің бастапқы кезеңі – монғол ұлыстарының 
– Дешті Қыпшақ пен Орта Азиядағы (Мауараннахрдағы) Шыңғыс ұрпақтары иеліктерінің 
ыдырауымен, соңғы кезеңі нақ қазақ мемлекетінің, Қазақ хандығының құрылуымен 
сипатталады. Бұл кезде аймақ халқының саяси ҿмір нысандарының эволюциясы оның 
аумағында бірнеше мемлекеттің – Ақ Орданың (немесе Кҿк Орданың), Моғолстанның, 
Ноғай Ордасының, сондай-ақ неғұрлым кейінгі кезеңде кҿшпелі ҿзбектер мемлекетінің 
немесе Ҽбілқайыр хандығының бҿлініп шығуы арқылы ҿтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет