Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


Кенесары Қасымов бастаған ҧлт-азаттық қозғалыс



Pdf көрінісі
бет30/75
Дата19.10.2023
өлшемі1,46 Mb.
#119202
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

 Кенесары Қасымов бастаған ҧлт-азаттық қозғалыс. 
XIX ғacыpдың басында қазақ жүздерi бiрiнен кейiн бiрi ҿздерiнің тҽуелсiздiгiнен, 
дербестiгiнен, еркiндiгiнен айырылды. Ҽcipеcе 1842 жылы Сiбiрдегi қырғыздар үшiн 
жасалған ереже патша чиновнигi Сперанскийдiң басқаруымен жасалынып, Орта жүз 
халқының ҿміріне енгiзiлдi. Сондай-ақ Орынбор генерал-губернаторы Эссенiң 
басқаруымен «Орынбор қырғыздары үшiн» жасалынған ереже Кiшi жүз қазақтарының 
ҿміріне 1824 жылдан бастап енгiзiле бастады. Осы жоғарыдағы ережелер жалпы қазақ 
сұлтандары мен билерiнiң билiгiн шектеп қана қоймай, орыс чиновниктерi қазақ елiн 
басқаруға бiртiндеп араласа бастады. Негiзгi даулы мҽселелер орыс чиновниктерiнiң 
қатысуымен шешiлетiн болды. Билер мен сұлтандар билiктен айырылған соң патша 
үкіметіне наразы бола бастады. Кҿптеген даулы мҽселелер бұрын қазақ халқының ҽдет-
ғұрыптары мен байырғы қазақтың ҿзiне тҽн заңдармен шешілетін даулы мҽселелерді 
шешер кезiнде орыс чиновниктерi қазақ халқының ұлттық ерекшелiгiн жете түсінбеді.
Патша үкіметі ҽр үйге түтін салығын салды. Салықтың мҿлшерi 1 сом 50 тиын еді. 
Осындай алым-салықты тҿлеуге ҽрбір қазақ от6асының шамасы жетпедi. 1822 жылы 
Омбы казак-орыстарының ҽскери ұйымы патша жарлығымен пайда болды. 1835 жылы 
Атырау қаласында бiр айдың iшiнде l00-ден астам қазақ балалары сатылды. Казак-орыс 
ҽскерлері момын қарапайым қазақ ауылдарын ойрандап, үлкендерiн ҿлтiрiп, жас 
балаларды жинап, Атырауға ҽкелiп, ұл балаларды 4-5 қап ұнға, ал қыздарды 3-4 қап ұнға 
ҿнеркҽсіп иелерiне сатты. XIX ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанның ең бiр шұрайлы 
солтүстiкке орналасқан жерлерi жергiлiктi халықтан тартылып алынып, кҿшiп келiп 
жатқан жат жұрттықтарға таратылып берiлдi. Қазақ жерiне қорған қамалдар кҿптеп 
салынды. Осы салынған қорған қамалдың маңына малдарын жаюға тиым салынды. 
Осындай зорлық-зомбылыққа қарсы Орта жүзде халық наразылығы ҿрiстей түcтi. Патша 
үкiметiнiң отаршылдық саясатына қарсы күресте А6ылай xaнның ұлы Қасым сұлтанның 
ҿзiмен оның балалары Есенгелдi, Саржан 6астап шықты. Қасым сұлтан кезiнде патша 
үкiмeтiне қамалдарды жою, қазақтарға жеңілдіктер беру жҿнiнде арыз шағымдар жасаған 
еді. Қасым жҽне оның балаларының отаршыларға қарсы ерлiк қимылын, қазақтың ұлы 
тарихшысы Ермұхан Бекмаханов кезiнде дұрыс жазса да, кейiн 50-шi жылдың басынан 
бастап басқа тарихшылар Қасым сұлтанды жҽне оның балалары Есенгелдi, Саржан, 
Кенесары, Наурызбай басқарған ұлт-азаттық кҿтерiлicтерiн феодалдық кертартпа 
қозғалыс деп түсіндіріп келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет