1) протеолитикалық,
яғни протеиндерді, сондай-ақ пептидтер мен амин
қышқылдарын ыдырататындар;
2) дезаминдеушілер, яғни протеиндерді емес, тек кейбір амин қышқылдарын ғана
ыдырататындар;
3) нитритті-нитраттық, яғни азоттың тотыққан түрлерін сіңіретіндер;
4) азотбекітушілер, яғни атмосфералық ауадағы азотпен қоректене алатындар.
Патогендік
микроорганизмдер
жануар
протеиндері
құрамындағы
азотты
пайдаланады. Кейбір зардапты микроорганизмдер жасанды қоректік орта жағдайында
аммоний тұздары немесе аминқышқылдарының азотын да сіңіре алады. Мысалы, маңқа
қоздырғышын құрамында аммоний тұзы бар синтетикалық ортада және құрамында
аминқышқылы (аспарагин) бар ортада өсіруге болады. Бактериологиялық практикада
паратифоздық бактериялардың кейбір түрлерін бір-бірінен ажырату мақсатында олардың
аммиакты тұздарға қатынасы анықталады (Симмонс қоректік ортасы).
Микробтар үшін азоттың көздері әртүрлі болатындықтан кейбір зерттеушілер (Н.Д.
Иерусалимский) оларды аминоавтотрофтар және аминогетеротрофтар деп екі топқа
бөлуді ұсынған. Біріншісі протеинді азоттың минералдық немесе қарпайым
қосылыстарынан синтездесе, соңғысы дайын амин қышқылдарын пайдаланады.
Қоректенудің аминоавтрофтық түрі топырақ микробтарының көпшілігіне, ал
аминогетеротрофтық қоректену – олардың патогенді және кейбір сапрофитті түрлеріне
тән. Кейбір патогенді микробтар қоршаған ортада сапрофит ретінде тіршілік етсе,
керісінше, кейбір сапрофиттер макроорганизмнің төзімділігі әлсіреген жағдайда әртүрлі
аурулар тудыра алады. Микробтық жасуша минералдық заттарды өте аз мөлшерде қажет
еткенімен, кейбір элементтерсіз микроорганизмнің өсіп-дамуы мүмкін емес. Мысалы,
Aspergillus niger калий, магний, көміртегі немесе азотсыз өте баяу өседі, ал қоректік
ортада темір немесе күкірттің болмауы саңырауқұлақтың өсуіне ешқандай әсерін
тигізбейді деуге болады. Калий ферменттік жүйенің белсенділігін арттырып,
физиологиялық процестердің өтуін жеделдететіндіктен, оны басқа элементтермен
ауыстыруға болмайды. Магний жасыл және қызыл-күрең серобактериялардың
хлорофилдерінің құрамына кіріп, карбоксилаза, пептидаза және басқада ферменттердің
белсенділігін арттырады, жасушада ион күйінде болады. Фосфор күлдің барлық
мөлшерінің жартысына дейін шамасын құрайды. Ол нуклеин қышқылының құрамына
кіреді, тірі жасушада Р
2
О
2
тотығы түрінде кезеседі және тыныс алу процесіне (тотығу)
белсене қатысады. Күкірт цистеин және метионин амин қышқылдарының құрамына
кіреді. Көптеген микроорганизмдер күкіртті күкірт қышқылды тұздардан сіңіреді. Серо-
және тионды бактериялар молекулалық күкіртті пайдаланады. Темір микроорганизмдерге
аз мөлшерде ғана қажет. Ол тыныс алу ферменттерінің құрамына кіреді, тотығу процесін
тездетеді, туберкулез және ішек таяқшасыныңда және басқада бактерияларда кезеседі.
Микроэлементтер микробтық жасушаға одан аз мөлшерде қажет, бірақ олардың
жоқтығы немесе жетіспеушілігі микробтардың қалыпты өсіп-өнуіне кері әсерін тигізеді.
Молибден, бор, марганец, кобальт, мыс және басқада микроэлементтер көптеген
ферменттер мен дәрумендердің құрамдас бөлігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: