Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері


Рентген  сәулесінің  әсері



Pdf көрінісі
бет48/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   75
Рентген  сәулесінің  әсері  1898  жылдан  белгілі.  Осы  жылы  оның  көмегімен  ішек 

таяқшасы, алтынтүстес стафилококк, холера вибрионы және басқада микробтарды өлтіру 

мүмкіндігі  ашылды.  Радиацияның  аздаған  мөлшері  микробтардың  көбеюіне  қолайлы 

жағдай тудырады. Микрококтарды 50 рад дозада сәулелендіру, олардың өсуі мен пигмент 

түзуін күшейтеді, ал 100 рад қолайсыздау әсер етсе, 300-500 рад олардың өсуін тоқтатады. 

Сәулелендіруге бөліну немесе өсу сатысындағы жас жасушалар өте сезімтал. 

Грам-оң  бактериялардың  грам-теріс  бактерияларға  қарағанда  сәуле  әсеріне 

төзімділігі  күштірек.  Ботулизм  бацилласы  2,5-4  Мрад  (1  Мрад  =  10

6

  рад)  дозада 



сәулелендіргенде  ғана  өледі.  Толық  залалсыздандыру  үшін  кейбір  жағдайларда 

микроорганизмдерді 5 Мрад дозаға дейін сәулелендіру қажет. Сәуле әсеріне вирустар мен 

риккетсиялар  төзімді.  Вирустық  бөлшектің  өлшемі  неғұрлым  аз  болса,  оларды  өлтіретін 

дозада  соғұрлым  жоғары  болады.  Аусыл  вирусы  3,5-4  Мрад,  ал  вакцина  вирусы  –  2-2,5 

Мрад дозада сәулелендіргенде ғана өздерінің белсенділігін жояды. 

Кейбір  микробтар  (сібір  жарасының  қоздырғышы,  ішек  таяқшасы  және  басқалары) 

радиацияға төзімді. Мысалы, бірнеше рет сәулелендіру, олардың төзімділігін кем дегенде 

2 есеге арттырады. Радиацияға төзімділіктің артуы микроорганизмдер өсірілген ортағада 

байланысты. Мысалы, 2% глюкоза қосылған ЕПА-да өсірілген ішек таяқшасының рентген 

сәулесіне төзімділігі 4 есеге өскен (В.И. Плохой және басқалары, 1962). Жасушада немесе 

қоректік  ортада  судың  мөлшерінің  азаюы  да  микроорганизмдердің  резистенттілігінің 

артуына себепші болады.  

Сәулелердің  бактерицидтік  әсері  практикада  кеңінен  қолданылады.  Бактерицидтік, 

сынап-кварцты шамдардың ультракүлгін сәулелері бокстардағы, операция бөлмелеріндегі  

ауа  құрамындағы,  азық-түлік  өнімдерінің  беткі  қабаттарындағы,  басқаша  айтқанда 

стерилдеудің  басқа  әдістерін  (температура)  қолдануға  болмайтын  жерлердегі 




микробтардың  өсуін  тежейді.  Тамақ  өндірісінде  толқын  ұзындығы  253,7  нм  болатын 

ультракүлгін сәуле жиі пайдаланылады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет