Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет65/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   75
Жалпы  микробтық  саны.  Ауаның  ЖМС  1м³  көлемінде  колония 

түзүші  бірліктің  саны(қоректік агар бетіне дақылдандырылған және 24сағат 

бойы 

37°С 


градуста 

немесе 


бөлме 

температурасында 

инкубациланғанколониялар санын есептейді). 

Су микрофлорасы 

Су  микрофлорасы  топырақтың  микробтық  құрамы  сияқты,  себебі 

микроорганизмдер  топырақ  бөлшектерімен  суға  түседі.  Суда  ол  жердің 

физикалық-  химиялық  ,  жарық  жағдайына,  көміртегінің  қос  тотығы  мен 

оттегінің  еру  дәрежесіне,  органикалық  және  минералды  заттар  болуына 

бейімделген тиісті биоценоздар құрылады. 

Ауыз  су  қоймасының  суында  әртүрлі  бактериялар:  таяқша  тәрізді 

(псевдомонадалар,аэромонадалар және т.б ) кокк тәрізді (микрококктар) және 

ирекше  тәрізділер  табылады.  Судың  органикалық  заттармен  ластануы 

анаэробты  және    аэробты  бактериялардың,  саңырауқұлақтардың  артуымен 

бірге  жүреді.  Әсіресе  анаэробтар  суқоймалардың  түбінде  (тұнығында)  көп 

кездеседі.  Су  микрофлорасы  организмдермен  өңделетін,органикалық 

қалдықтардан  өзін  өзі  тазарту  процесінде  белсенді  рөл  атқарады.  Адам  мен 



жануарлардың қалыпты микрофлора өкілдері ( ішек таяқшасы, цитробактер, 

энтеробактер, 

энтерококк, 

клостридии) 

және 

ішек 


жұқпасының 

қоздырғыштары  (  іш  сүзегі,  парасүзек,  жерше,  тырысқақ,  лептоспероз, 

энтеровирустар және т.б) ластанған ағынды сулармен қар еріген кездегі және 

жауын-  шашын  сулармен  өзен,  көлдерге  түседі.  Олай  болса,  су  көптеген 

жұқпалы  аурулар  қоздырғышының  берілу  факторы  болып  табылады.Кейбір 

қоздырғыштар  суда  көбейе  алады  (тырысқақ  вибрионы,  легионеллалар). 

Мұхит және теңіз суының микрофлорасының құрамында әртүрлі, галофильді 

( тұз жақсы көретін )микроорганизмдер болады.  

 

Су түрлi микроорганизмдар табиғи тiршiлiк ортасы  болып табылады. 



Көптеген жағдайлардада табиғи суларды микрофлорасы оның табиғатына   

 

Ашық су тоғандарында  микроорганизмдердің сандық байланыстары әр түрлі 



шектерде өзгеріп отырады: 1мл–де  бiрнеше он шақты, жүздеген,  миллионға 

дейін  болады,  бірақ  ол  оның  ластануының  дәрежесi,  метеорологиялық 

шарттардың  ауысымына,    суқұбырдың  түрлеріне,  маусым  және  тағы 

басқаларына байланысты болады. 

   Суда  өмір  сүруге  бейімделген  микроорганизмдер  кұрамында    тұрақты 

болатын  микроорганизмдерді  судың  арнайы  флорасы  деп  атайды..  Оларға 

аэробты  кокктар жатады: Micrococcus candicans, Micrococcus roseus, Sarcina 

lutea Pseudomonas fluorescens,  Proteus , Leptospira өкiлдерi. 

       Таза  ластанбаған  сутоғандарында    оттегiні  қажетсінбейтін  бактерия  аз. 

Көбінесе  Serratia  marcescens,  Bacillus  cereus,  Bacillus  mycoides, 

Chromobacterium violaceum,  Clostridium және басқалары болады. 

Су  түбінде  және  жағалаудағы  аймақта  микробтар  саны  көп  болады,  себебі 

жаңбыр  суы  және  жағажайдың  топырағынан  бактериялардың  көптеп  

түсуінен болады. 

Судың  микроорганизмдері  табиғаттағы  заттар  айналымында  түбегейлi  рөл 

ойнайды. Су тоғандарындағы биологиялық белсенділік жазғы-күзгi мерзiмде 

ең жоғары дәрежеде болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет