Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет72/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
Кептіру  және  вакуум.  Құрғату  –  ылғалдың  булануы,  оның  мөлшерінің  субстратта 

ғана  емес,  сондай-ақ  микробтық  жасушада  да  азаюы  нәтижесінде  пайда  болады. 

Ылғалдың  кемуіне  байланысты  тіршілік  процестері  баяулап,  жасуша  анабиотикалық 

жағдайға  көшеді.  Құрғақ  өнімдерді  сақтау  осы  қағидаға  негізделген.  Микробтық 

жасушада  тіршілік  процестері  баяулағанымен,  толығымен  тоқтамайды.  Осындай  күйде, 

әсіресе  вакуумда  олар  бірнеше  ондаған  жылдар  бойы  сақталынады.  Кейбір  патогенді 

стрептококтар  анабиотикалық  жағдайда  25  жыл,  туберкулез  қоздырғышы  –  17  жыл, 

дифтерия қоздырғышы – 5 жыл өздерінің өміршеңдігін жоймаған. Тірі микроорганизмдер 

1800  жыл  қозғаусыз  жатқан  римдік  табыттардан,  египеттік  мумиялардан  және  басқа  да 

жерлерден табылған.  

Төменгі  температурада  терең  вакуумда  кептіру  (сублимация  тәсілі)  тірі 

вакциналарды (туберкулез, бруцеллез, тұмауға қарсы), витаминдерді,  ферменттерді  және 

басқада  биологиялық  препараттарды  дайындау  үшін  пайдаланылады.  А.А.  Имшенецкий 

және  С.В.  Лысенконың  (1970)  мәлімдеулеріне  сәйкес,  дөңгелек  пішінді  бактериялар 

таяқша тәріздестерге қарағанда терең вакуумға төзімдірек болады. Үш тәулік бойы терең 

вакуумда  болған  дөңгелек  пішінді  Sarcina  flava,  Micrococcus  luteus  және  Micrococcus 



curantiacus  жасушаларының  50%-дан  астамы  тіршілігін  сақтаса,  дәл  осындай  жағдайда 

таяқша  тәріздес  Pseudomonas  aeruginosa,  Pseudomonas  fluorescens,  Esherichia  coli 

толығымен дерлік жойылған. 



Микробтар  құрғақ  топырақта  ұзақ  уақыт  сақталынады.  300  жыл  бойы  сақталынған 

өсімдіктердің тамырлары бар топырақты зерттегенде, олардың құрамынан тірі микробтар 

табылған.  Құрғатылған  күйде  100  жылдан  200  жылға  дейін  сақталған  топырақтан  Bac. 

subtilis  және  басқада  бациллалар  бөлініп  алынған.  Әр  100  жылда  топырақтағы 

микробтардың 10%-ының жойылатындығы дәлелденгенін ескерсек, онда құрғақ топырақ 

1000  жылда  ғана  толық  микробсыздануы  мүмкін.  Демек,  микрорганизмдер  құрғатылған 

күйде ұзақ уақыт сақталына алады. 



Жарық  әсері.  Күн  сәулесі  -  пигменттер  көмегімен  жарық  қуатын  биохимиялыққа 

айналдырып,  кейін  оны  жасушаның  құрамдас  бөліктерін  синтездеу  үшін  пайдаланатын 

жасыл  және  қара  қошқыл  (қан  қызыл)  бактерияларға  қажет.  Басқа  микроорганизмдерге 

жарық  қуаты  зиянды  әсер  етіп,  оларды  жояды.  Жарықтың  бактерицидтігі  толқын 

ұзындығына байланысты болады: ол неғұрлым қысқа болса, оның қуаты да соғұрлым көп 

боп келеді. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен көптеген микробтар, әсіресе патогенді 

түрлер  (туберкулез  қоздырғышы  –  3-5  сағатта,  аусыл  вирусы  –  1  сағатта) 

залалсыздандырылады.  Күн  сәулесі  мол  жерде,  микробтарда  аз  болады.  Сәулелендіру 

фотохимиялық тотықтыру процесін күшейтеді, оның микробтарға әсері оттегі немесе оңай 

тотығатын заттар бар жерде артады.  

Микробтардың  жарыққа  сезімталдығы  әртүрлі.  Толқын  ұзындығы  234  нм  болатын 

сәуле ішек таяқшасының, 265 нм – Staphilococcus aureusPseudomonas aeruginosa, 281 нм - 



Serratia  marcescens  сияқты  бактериялардың  тіршілігін  тоқтатады.  Пигменттер  түзетін 

микробтар  (ашық  сары  -  Sarcina  lutea,  қара  меланин  -  Aspergillus  niger)  жарық  әсеріне 

төзімдірек болып келеді. 

Иондаушы  радиацияға  логарифмдік  өсу  фазасындағы  бөлінуші  жасушалар  өте 

сезімтал.  Жасушаларды  ұзын  толқынды  сәулелермен  алдын  ала  өңдеу  олардың 

радиорезистенттілігін (сәулелендіруге төзімділігін) арттырады. Осылайша, жасулалардың 

ультракүлгін сәулеге сезімталдығы факторлар кешенімен анықталынады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет