Дәріс Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі – 2 сағ


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар



бет19/31
Дата03.04.2023
өлшемі146,84 Kb.
#78757
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
философиия рефераты

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Экзистенциализм философиясындағы болмыстың қандай формасы басты болып табылды?

  1. табиғат болмысы

  2. сана болмысы

  3. қоғам болмысы

  4. адамның жеке болмысы*

  5. мәдениет болмысы

2. Өмір мен өлім арасындағы кезеңдң«Шекаралық жағдай» ұғымымен бейнелеген экзистенциализм өкілі:



  1. К. Ясперс*

  2. И. Кант

  3. Г. Гегель

  4. Ф. Ницше

  5. Л. Фейербах

3. ХХ ғасырдағы және қазіргі философия дамуындағы антропологиялық бағытқа қатысты философиялық мектептерді атаңыз:



  1. Өмір философиясы, экзистенциализм, персонализм, психоанализ

  2. Позитивизм, неопозитивизм, ғылым философиясы, структурализм

  3. Эмпиризм, рационализм, сенсуализм

  4. номинализм, реализм, субъективті идеализм

  5. буддизм, христианшылдық, ислам

4.Өлімнен қашып өлместікке жетуді іздеген ойшыл -



  1. Асан Қайғы

  2. Ахмет Иассауи

  3. Қорқыт

  4. Тоңыкөк

  5. Анахарыс

5. Абай философиясындағы басты мәселе -



  1. табиғат мәселесі

  2. өнер мәселесі

  3. таным мәселесі

  4. жүрек мәселесі

  5. адам мәселесі

Дәріс 9. Этика. Құндылықтар философиясы -2 сағ.
Жоспары
1.Этика ұғымы
2. Этика пәнінің тарихи дамуындағы негізгі кезеңдері
3.Құндылық ұғымы
1. Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. « Этизм» термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының («Никомах этикасы», «Евдем этикасы», «Үлкен этика») атауына кірген. Этикалық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғары мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға этикалық нормалармен жетекшілік жасайды. Этика ұғымы жайлы Д.Юмның «Адамның табиғаты» туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этика ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.
«Аристотель «этика» деп этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтады. Аристотель бойынша, адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады: этикалық және дианэтикалық. Егер этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, темпераментіне жататын болса, дианэтикалық ізгіліктер адамның ақыл-парасатына тиеселі дүниеле. Сөйтіп, Аристотель этикалық ізгіліктер құрамына: жомарттық, батылдық, шыншылдық, ал дианэтикалық ізгіліктерге: ақыл, парасатты жатқызады.
Этиканың құрылымына келетін болсақ, ол 3 бөліктен тұрады:
Теоретикалық этика;
Нормативті этика;
Эмпирикалық этика.
Теоретикалық этика этиканың негізгі ұғымдарын, оның зерттеу пәнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді.
Нормативті этика негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік, ізгілік, ар-ождан, ұят, абырой, парыз және т.б. қарастырады.
Эмпирикалық этика белгілі бір кезеңдердегі адамзат ұйымдарының нақты адамгершілік келбеті жайында түсінік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет