Дәріс Психологиядағы ерік түсінігі. Ерікті актінің құрылымы. Адамның ерік қасиеті және өзін-өзі реттеу психологиясы. Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар


Жеке тұлғаның ерік қасиеттерін дамыту



бет3/5
Дата04.11.2023
өлшемі20,57 Kb.
#121896
1   2   3   4   5
Байланысты:
5 дәріс (2)

3. Жеке тұлғаның ерік қасиеттерін дамыту.
Барлық ерік қасиеттері адамның бүкіл өмірі мен іс-әрекетінде қалыптасады және ерікті дамытудың ерекше маңызды кезеңі - балалық шақ. Барлық психикалық процестер сияқты ерік өздігінен дамымайды, жеке тұлғаның жалпы дамуына байланысты. Балалық шақта тұлғаның ерік сапаларының қалыптасуын қамтамасыз ететін негізгі факторларды қарастыра отырып, ең алдымен отбасылық тәрбиенің рөлін атап өту керек.
Балалардың ерікті мінез-құлқындағы кемшіліктердің көпшілігі, қыңырлығы, еркелігі ерте балалық шақта байқалады, баланың ерік-жігерін тәрбиелеудегі қателіктерге негізделген, бұл ата-аналар олардың барлық тілектерін қанағаттандырулары, орындауға тиіс талаптарды еркертпеулері, құр мәпелей беруі. Олар оны ұстамдылыққа, мінез-құлықтың белгілі бір ережелеріне бағынуға үйретпейді. Кейбір отбасында балаға ерекше қамқорлық көрсетіледі, яғни баланың кез келген талабын орындау. Олар балаға көптеген ойыншықтар мен тәтті тағамдар сатып әпереді. Бірақ ол бала ойыншықтармен де дұрыс ойнамайды, тамағын да жөндеп жемейді. Себебі, басқаға иек сүйеп үйренген, өз бетінше талаптануға әдеттенбеген. Бала өз бетімен ойнай алу үшін оның ойыншықтары жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Яғни, бала тілегін қайтармау, құр мәпелей беру қыңырлықтың пайда болуына әкеледі. Кейбір отбасында баланың әрбір қылығы қатаң бақылауға алынады да, бала дербес әрекет ету қабылетінен айырылады. Баланың дербестілікке ұмтылуымен санаспау да қыңырлықтың пайда болуына себеп болады. Баланың мінез-құлқын жөнге салып отыру, бақылау жасау, оны дербестігінен айыру деген сөз емес. Бақылау жасауды ретімен пайдалану қажет. Бала әрдайым өз тілегінің іске асқандығын, өзіне дербестік берілгендігін сезінуі керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың арасында жаман әдеттердің бірі- орынсыз бақырып жылау кездеседі. Жылау көбінесе баланың белгілі бір қажетінің өтелмеуінен туылады. Егер баланың тілегін ата-анасы бірден орындай қоятын болса, онда бала жылауды ата-анасына әсер ету «құралы» деп ойлап, оны әдетке айналдырады. Сол себепті, ата-аналар бұл жаман әдетті уақытында сезіп, баланың тілегін орындауда табанды, әділ болуды және де өз мінездерінің осал жақтарын балаға сездірмеу жағын ойластыру қажет.
Отбасылық тәрбиенің тағы бір экстремалды жағы - балаларға орындалмайтын көптеген міндеттерді жүктеу. Ата-аналар балаларын еңбекқор, ақылды, қоғамда өзін қалай ұстау керектігін білетін етіп тәрбиелегілері келіп, баласына шамасынан тыс жұмыс жүктейді. Мұндай жағдайда, бала көбінесе тапсырманы орындай алмайды және істі жарты жолда тастайды. Біртіндеп ол бастаған жұмысын аяқтамауға дағдыланады, бұл да әлсіз еріктің көрінісі.
Бала туған күнінен бастап мол дүниеге кезігетін болса, бұларды үнемі табыла беретін нәрсе деп ойлайды. Мұндай бала өзін ешкімнің алдында міндеттімін, борыштымын деп санамайды. Баланың осылайша өсуі отбасы тәрбиесінің үлкен қатесі. Қандай болмасын бір жұмысты басқаның талабымен орындауға, яғни, өзінің алдына қойған мақсатын іске асыруға мәжбүр болған бала түрлі кедергілерді жеңе біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет