Дәріс 1. Сөйлеу тілінің темпо-ритмикалық бұзылыстарының мәселесіне кіріспе. Сөйлеудің жылдамдығының бұзылуына брадилалия мен тахилалия жатады. Сөйлеудің мұндай бұзылыстары әртүрлі деңгейде байқалады: жеңіл, орташа, ауыр. Ауыр түрінде қатынас процесі бұзылады. Себептері: психогендік, соматикалық, зиянды әдеттер.
Брадилалия – сөйлеу жылдамдығының патологиялық баяулауы. Термин bradus- баяу, lalia - сөйлеу деген грек сөздерінен шыққан. Брадилалия өзіндік жеке бұзылыс ретінде сонымен қатар психикалық аурулардың кейбір түрінде байқалуы мүмкін. Брадилалияның белгілері (симптомдары) әртүрлі: ішкі және сыртқы (экспрессивтік) сөйлеудің баяулауы, оқу мен жазудың процестерінің баяулауы, дауысы бір қалыпты, сөздердің арасындағы үзілістердің (паузаның) баяулауы немесе ұзаруы, дыбыстарды созып айтуы. Балалар фразаны бөліп, буындағы дыбыстарды созып айтады. Мұнда сөйлеу айналасымен қатынасты қиындатады. Аталған белгілер сөйлеудің әр түрінде байқалады: диалогтік сурет бойынша әңгіме құрауда, мәтінді оқығанда, мазмұнын айтуда. Оқу кезіндегі мәтінді көріп қабылдауы сөйлеудің жылдамдығына әсерін тигізбейді. Балалар сөздерді дұрыс айтады, бірақ баяу, сөзді, фразаны да баяу жазады.
Брадилалияның сөзсіз белгілеріне тән: жалпы саусақтардың ұсақ моторикасының, беттің бұлшық еттерінің бұзылуы байқалады, қимылдары баяу, солғын, көлемі толық емес. Психикалық процестерінің ерекшеліктері байқалады: қабылдаудың, зейіннің ойлаудың баяулығы. Нұсқауды бірнеше рет қайталағаннан кейін орындайды. Персеверацияға бейімділігі бағдарлаудың жеткіліксіздігі байқалады.
Тахилалия - сөйлеудің патологиялық тез (шапшаң ) сөйлеу. Термин tachis - тез, шапшаң, lalia - сөйлеу деген грек сөздерінен шыққан. Тахилалияның себептерімен механизмі туралы әр түрлі көзқарастар айтылады. D. Weiss (1950) шапшаң сөйлеуде орталық сөйлеу механизмінің бұзылуымен байланыстырады. М.Зееман (1950) шапшаң сөйлеу экстрапирамидалық жүйенің функциясының бұзылуынан деген ой айтты. М.Е. Хватцев (1959) тахилалияның негізгі себебі сөйлеу аппаратының қимылының туа біткен жеткіліксіздігінен деп санайды. Г. Гутцман тахилалия қабылдаудың бұзылу салдары деп есептейді.
Тахилалияға тән белгілер: фонетика мен синтаксистің ауытқуынсыз шапшаң сөйлеу ( секундіне он – он екі дыбыстың орнына жиырма – отыз дыбыс айтылады). Шапшаң сөйлеген кезде сөйлеу зейіні бұзылуы тоқтап қалу, қайталау, буындардың орнын ауыстыру, сөйлем бұзып айту, дыбыстарды анық айтпау т.б. кездесуі мүмкін. Егер сөйлеуге баланың көңілін аударса, жылдамдығы сақталғанымен сөз арасында тоқтап қалуы байқалуы мүмкін. Сыртқы сөйлеудің бұзылуымен қатар оқу мен жазудың бұзылуы байқалады. Жазуда, оқуда кездесетін қателер: алмастыру, әріптердің, дыбыстарды, буындарды алмастыру, орын ауыстыру. Тахилалиямен зақымдалған адамдардың жалпы қимылының жылдамдығы бұзылады. Қимылдары тез (тез жүреді, тез тұрып, тез тоқтайды) моторлық беймазасыздық ұйықтап жатқан кезде де байқалады. Ондай балалар ашуланшақ, мазасыз келеді. Ашуланған кезде мынадай реакциялар байқалады: бетінің, құлағының қызаруы, қолының терлеуі, сууы. Есейген сайын өзінің ақаулығына әртүрлі көзқарас пайда болады:
Біреулер сөйлеу шапшаңдығын тұлғаның психомоторлық қалпына сай табиғи түрі деп бағалайды;
Екіншілері шапшаң сөйлегенін сезініп, уайымдайды, көбінесе оларды тұтықпаның кешеуілдеген түрі деп есептейді.
Үшіншілері өте қатты уайымдайды, соның салдарынан сөйлеу жылдамдығы күшейе түседі.