Дәріс Тақырыбы: 1960 жылдардағы қазақ театрының дамуы Дәрістің мазмұны


Дәріс 11. Тақырыбы: 1980 жылдардағы қазақ театрының ізденістері



бет2/2
Дата04.05.2023
өлшемі35,58 Kb.
#89789
1   2
Байланысты:
Үш тақырып

Дәріс 11. Тақырыбы: 1980 жылдардағы қазақ театрының ізденістері
Дәрістің мазмұны: Қазақ сахнасына тұңғыш рет қойылған М.Булгаковтың “Жендеттер” (“Мольер”), А.Чеховтың “Ваня ағай” пьесалары театрдың кезеңдiк жетiстiктерi болды. Алғашқы спектакльде француздiң ұлы суреткерi Мольердiң өзiн қоршаған ортамен байланысы тарихи дәлдiлiкпен ашылған. Мұнда сонымен бiрге қайталанбас сахналық тұлғалар жасалды. Әсiресе, Мольер рөлiндегі Н.Жантөриннiң шеберлiк диапазонының кеңдiгi айрықша. “Ваня ағай” – драматургия әлемiндегi күрделi дүниелердiң бiрi. Қоюшы режиссер Ә.Мәмбетов пен спектакльге қатысқан актерлер пьесаның көркемдiк сипатын, кейiпкерлер характерлерiн терең түсiнген. Өткен ғасырдағы әлеуметтiк қайшылық, адамдар бойындағы қоғамдық сiлкiнiс салдары қойылымның өзегi етiп өрiлiп оны актерлер ойындарында нанымды да шанайы жеткiзе бiлген. Бұл спектакль А.П.Чехов драматургиясын меңгерудегi театрдың бiрегей табысы.
Американың прогрессивтiк жазушысы В.Дельмардың “Өкiнiштi өмiр” спектаклiнде доллар билеген капиталистiк қоғамдағы адамдардың аянышты тағдыры трагедиялық планда суреттелген. “Еркiн дүние” әлемiндегi жасы ұлғайған қарапайым жандардың мүшкiл хал-жағдайы сахналық жинақтылықпен шынайы шешiмiн тапқан. Спектакль “еркiн дүниедегi”, “еркiндiктiң” сырын ашып, қарапайым жандар тартып отырған әлеуметтiк қасiреттi әшкерелейдi.
“Жендеттер” спектаклi басталарда үстерiне қара киiм, бастарына етектi қара шляпа киген әлдебiр түсiнiксiз, сұрқай, қара сұлбалардың қолындағы фонарлардың жарығы қап-қараңғы көрермендер залында жарқ-жұрқ етiп, көздi қарықтырып жiбередi. Олар көрермендердi жанай өтiп, сахнаға көтерiледi. Залды тылсым тыныштық басады. Бұлардың артынша үстерiне ақ костюм киген, өзi қалжыраған, жасы егде тартқан адам шығады. Сол-ақ екен шекспирдiң 66–сонетасының сөзi ашы әрi екпiндi үнмен саңқылдай жөнеледi. М.Булгаковтың оқиғалы пьесаларының бiрi “Жендеттерде” (аударған А.Сүлейманов) режиссер символдық образ етiп сәбидiң бесiгiн алған. Ол спектакльдiң басында сарай әктеушiсi Жан Батист Покленнiң жаңа туған баласын, болашақта ұлы драматург, айтулы артист болатын бала Мольердi кiндiк шешесi тербетiп отырған бесiк. Ал, спектакльдiң финалында “Тартюфтағы” Клентаның “Мен шындыққа берiлгенмiн” деп басталатын монологi кiлт үзiледi де өлiп бара жатқан Мольер сол баяғы iлулi тұрған орнында, сол баяғы жасаулы жасыл бесiктен қолы сусып, құлап бара жатады (суретші Э.Гейдебрехт). Сол жетiм бесiк әуеде асылған қалпында қалтылдап тербетiле бередi. Мiне, символдық образ спектакльдiң режиссерлiк шешiм кiлтi болған. Өз шығармашылығы арқылы шындық жолына адал қызмет ету үшiн күн сайын “жекпе-жекке”, шығуы: адамгершiлiк қасиеттер мен ой бостандығына сiлтенген сойқанды сойылға толассыз кеуде тосуы ұлы суреткердiң басындағы қасiретiн өсiрiп, қуанышын өшiрген жағдай едi. Оның жаулары күштi де рахымсыз болды. Спектакльде қарама-қарсы жауласушы екi күш бар. Бiрi – Мольер және оның жақтастары, екiншiсi – салт-санасына сәуле түспеген, қатал да соқыр өктемдiктi тапжылмас тiрек етiп, езiп-қанауды заңға айналдырған монархиялық және дiндар-дүмшелiк әлем. Бұлардың арасындағы ымырасыздықтың айқын белгiлерi спектакльдiң басты кейiпкерлерi Мольер – Н.Жантөрин, Людвиг ХIV – Т.Жаманқұлов, архиепископ Шаррон – Р.Сейтметовтердiң өткiр сайысынан көрiне бастайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет