4.1. Төзімділік дамуының физиологиялық механизмдері.
Жалпы төзімділік оттекті тасымалдау жүйесінің қызметіне байланысты, атап айтқанда: тыныс алу, жүрек-тамыр және қан жүйелері.
Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу жүйесінің қажетті өлшемдерін
(сыртқы тыныс алу, өкпедегі газ алмасу және оның қанмен тасымалдануы) орындау қажет. Бұлшық ет қызметі кезіндегі тыныс алу тиіміділгінің артуы бірқатар жолдармен жүзеге асады: 1) өкпе көлемдерінің және сыйымдылығының 10-20%-ға артуымен; 2) тыныс алу тереңдігінің ӨТС-нан 50-55%-ға артуымен; 3) альвеолярлы аумақтың ұлғаюы есебінен өкпенің диффузиялық қабілетінің артуымен және қылтамырлардан өтетін қан көлемінің көбеюі есебінен; 4) тыныс алу бұлшық еттерінің қуаттылығының және төзіміділігінің артуымен.
Жүрек-тамыр жүйесі.Бұлшық ет қызметі кезіндегі жүрек-тамыр жүйесі қызметінің тиімділігінің артуы төмендегідей жағдайлардың есебінен жүреді: 1) жүректің көлемінің артуы; 2) сиситолалық қан көлемінің артуы; 3) ЖСЖ баяулауы – спорттық брадикардия (40-50 соғу/мин-қа дейін); 4) систолалық артериялық қан қысымының төмендеуі.
Қан жүйесі. Бұл жүйенің тиімділігінің артуы: 1) айналымдағы қанның көлемінің артуы (орташа есеппен 20%-ға); 2) эритроциттер мен гемоглобиннің мөлшерінің артуы; 3) жұмыс кезінде қандағы сүт кышқылы мөлшерінің азаюы.
4.2. Төзімділікті анықтайтын және шектейтін факторлар. Төзімділіктің қимыл сапалары тұтасымен ағзаның функционалді қорларының көлеміне байланысты. Бұл қорлар бұлшық ет жұмысының қайталымды, ретті және қарқынды процесінде ғана жасалынады, тұрақталады және жоғарылайды. Төзімділік - адам тіршілігі барысында қалыптасатын, шынықтыруға болатын дене сапасы. Балаларда төзімділіктің өсімі 7-10 жас аралығында байқалады. Төзімдділік сапалық максимальды мәніне 20-30 жаста жетіп, 40 жастан кейін төмендейді.
Спортьшының төзімділігін шектейтін негізгі фактор – жүрек-тамыр жүйесінің өнімділігі. Бірақ, оттегіні тасымалдау жүйесінде сол жүйенің құрамдас кез келген бір алғашқы бөлімі (тыныс алу жүйесі, қан жүйесі, сіңірілу жүйесі) қиындық туындатуы мүмкін.